Ы. Алтынсарин. «Атымтай Жомарт».

Балмуханова Назгул Сергейқызы
Балмуханова Назгул Сергейқызы
Ақтөбе
пгт Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Адамның сырт келбеті мен мінезі
Тақырып:

Ы. Алтынсарин. «Атымтай Жомарт».

04.03.2020
60
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Оқушылардың барлығы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Оқушылардың көпшілігі көркем  шығармадағы  кейіпкерлер  портреті  мен  іс-әрекетін анықтайды. Оқушылардың кейбіреуі  көркем  шығармадағы  кейіпкерлер  портреті  мен  іс-әрекеті  арқылы  образын  ашады

Сабақтың мақсаты:

5.Т/Ж2. Әдеби  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясын  анықтау. 5.Т/Ж3. Көркем  шығармадағы  кейіпкерлер  портреті  мен  іс-әрекеті  арқылы  образын  ашу.

Тілдік мақсаттар:
Бағалау критерийлері:

Шығарманың  тақырыбы  мен  идеясын  анықтай алады. -Әңгімедегі  басты  кейіпкердің  портретін  сипаттай алады -Іс-әрекет  арқылы  кейіпкер  образын  талдай алады.

Құндылықтарды дарыту:

Еңбекпен  табылған  дәм,  Атымтай  еңбектен  қол  үзбейді,  өз бейнеті. Дәулет, көңілге жел кіру, әбірет алу, пұл, тұтыну, мал берген иесі

АКТ-ны қолдану дағдылары:
Пәнаралық байланыс:
Бастапқы білім:

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды  түгелдеу. Күнделік.кз-ті толтыру.  Топтарға бөлу. Психологиялық  жағымды  ахуал  қалыптастыру. Бейнебаян көру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесімен танысады.

Сабақтың ортасы

Ой шақыру. -Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер? -«Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің кейіпкерлерін атаңдар. -Сенің досың Антон сияқты  тіленшілік  қылып  тұрса, не істер едің? - Антон немен айналысушы еді? Бейнебаянға  қарап, бүгінгі  тақырыптың  не  туралы болатынын  болжам  жасайды. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Әңгімені оқиға тауына дұрыс орналастырыңдар.   Топтар бір-бірін бейнебаянды тыңдау арқылы тексереді.   2-тапсырма. Топтық жұмыс.  Атымтайдың еңбек ету себептерін түсіндіріп, балық қаңқасына түсіріңдер.  3-тапсырма.  Жұптық жұмыс. «Атымтай жомарт» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. Әңгіменің  тақырыбы    Әңгіменің идеясы    Менің тақырыбым            4-тапсырма. Жұптық жұмыс.  Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекеті арқылы образын ашыңдар. Кейіпкердің іс-әрекеті мен образы Іс-әрекеті    Образы                                      3-тапсырма:  «Пікірлер  аллеясы» әдісі                      1.Әңгіменің  мазмұнынан  қандай  қорытынды  шығаруға  болады? 2.Атымтай  Жомарттың  берген  жауабына  қанағаттанасыңдар ма? 3. Өмірде  жомарт  бола  аламын  деп  ойлайсыңдар ма?      Сергіту сәті: Қайырымдылық туралы бейнебаян көреді.                                                           

Сабақтың соңы

Жеке жұмыс.  «Егер, мен бай болсам» тақырыбында шағын ой-толғау жазыңдар.   «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін оқып келу.

Рефлексия

Кері байланыс:     Бүгінгі сабақтың тақырыбы. Бүгінгі сабақтың идеясы: Бүгінгі сабақтағы менің іс-әрекетім мен образым:

Пікірлер(0)