Алғышартты кезең
Алғышартты кезең
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.1 визуалды ортада (Мысалы:C++) бағдарламаларды әзірлеу кезінде таңдау және қайталау операторларын талдау |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Жалпы оқушылар шартты алдын – ала тексеру (while) операторын бағдарламалар жасаудың кіріктірілген ортасында қолдану жолымен танысады. Оқушылардың басым бөлігі: While операторының жазылу форматын біледі. Кейбір оқушылар: Практика барысында шартты алдын-ала тексеру операторын қолдана алады. |
| Бағалау критерийі | Шартты алдын – ала тексеру операторын бағдарламалар жасаудың кіріктірілген ортасында қолдану жолын біледі. Практика барысында шартты алдын-ала тексеру операторын қолданады. |
| Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминология: шартты алдын – ала тексеру, While, цикл денесі,қайталану шартты циклдерімен танысады. Диалог пен жазу үшін керекті сөз тіркестер: Шартты алдын – ала тексеру цикліне қатысты сөз тіркестер |
| Құндылықтарға баулу | Сабақта жауапкершілікке,ынтымақтастыққа баулу. Өзгелердің ойын тыңдауға,өз ойын ашық жеткізуге дағдыланады. |
| Пəнаралық байланыс | Математика, ағылшын тілі |
| Алдыңғы білім | Соңғы шартты кезеңмен жұмыс жасай алады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (0-8 мин) |
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта жағымды ахуал орнату. «Өзіме тілек» әдісі (түрлі түсті стикерлерге оқушылар тілек жазып,ұшақ жасап,басқа оқушыға ұшыру арқылы сол оқушыға тілегін тілейді). «Ой қозғау» әдісі бойынша пысықтаймын. Шартты соңынан тексеру дегеніміз не? Қандай цикл түрлерін білесіңдер |
Стикерлер Оқулық, жұмыс дәптері |
|
Сабақтың ортасы (9-35 мин) |
Жаңа сабақ. Жаңа тақырыпқа кіріспе WHILE операторындағы циклдің қайталану саны программаның жұмыс істеу барысында анықталады. Яғни, қайталану саны алдын ала белгісіз болып отырады; WHILE циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін; нүктелі үтір қойылмайды; WHILE операторының программада жұмысын толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті түрде циклдің орындалуына қойылған шартқа байланысты ереже болуы тиісті; егер шарт ең басында жалған болса, онда цикл денесінің орындалу ретінде WHILE мүлде орындалмауы мүмкін; ең соңғы ескерту бойынша WHILE циклі қарапайым әмбебап цикл болып саналады. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша сұрақтар беріледі. Шартты алдын-ала тексеру циклі деген не? Шартты алдын – ала тексеру циклінің жазылуы қандай? While сөзі қалай аударылады? Шарт жалған болған жағдайда цикл денесі қанша рет орындалады? «Джигсо » әдісі арқылы 2 топқа тақырып беріледі.Әр топ өздеріне берілген тақырып туралы мәлімет оқиды және оны топта талқылайды. Берілген тапсырма бойынша постер қорғайды. 1 топ. While және for цикл операторларының өзара орын алмасуы қалай орындалады? 2 топ. While цикл операторы бірде – бір рет орындалмауы үшін қандай шарт болуы тиіс.Неге? Топтар бір – бірін басбармақ арқылы бағалайды. Сергіту сәті: Көз жаттығуларын жасау. bilimland-пен жұмыс істеу
Дескриптор: -While циклдік операторын пайдаланады. - Do…while операторын пайдаланады. - Нәтижесін экранға шығарады. |
https://www.youtube.com/watch?v=RCkKisqLjzs Оқулық, плакат, Маркерлер,стикерлер Көз жаттығу
|
|
Сабақтың соңы (36-40 мин) |
Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс аламын.
Үйге тапсырма : Шартты алдын – ала тексеру циклі |
Кесте Стикер |








Пікірлер(0)