Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Әсемдік әлемінде!
Тақырып:

Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

10.03.2020
134
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 Білімділік: оқушыларға жақсылық жасаудың мейірімділіктен екендігін түсіндіру; Дамытушылық: оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды мейірімділікке , жанашырлыққа , қайырымдылыққа тәрбиелеу.  

Сабақтың мақсаты:

оқушылардың жақсылық туралы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Тілдік мақсаттар:

әркез жақсы сөйлеуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:

өзінің іс-әрекеттерін тек жақсылыққа бағыттайды

Бағалау критерийлері:

барлығына сүйіспеншілікпен қарап , жақсы іс-әрекет жасауы

Құндылықтарды дарыту:

сүйіспеншілік құндылығын жарыққа шығару

АКТ-ны қолдану дағдылары:

интербелсенді тақта , компъютер

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка

Бастапқы білім:

жанашырлық , сүйіспеншілік

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. 

Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру: «Райымбек бастауы» әңгімесін талдау.Қойылатын сұрақтар:-Райымбек батыр еліне қалай қызмет етті? -батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды? -Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады? -жақсылық жолында жасалатын қандай істерді білесіңдер? -өзің қандай жақсылық көрсетер едің? -кімге жанашырлық таныттыңдер? -қандай қайырыДәйексөз «Қайырымды іс жаса , қайырлы болар әр ісің» Халық нақылы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.  мды іс жасадыңдар?

Әңгімелеу «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» фильмін көрсету , талдау:-фильм кейіпкерінің іс-әрекетінен оның қандай қасиеттерін байқадыңдар? -біреуге жақсылық жасау қиын ба? -жақсы іс адамды қандай сезімге бөлейді? -сендер қандай жақсы іс жасадыңдар? -кімге көмектестің? -айналаңа өз жанашырлығыңды қалай көрсетер едің?  

 Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.1-тапсырма:жақсылық істердің тізбесін жасаңдар.

Топпен ән айту Мен әдепті баламын әнін бірге орындау.



"Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді" фильмі , "Мен әдепті баламын" әні.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №26 сабаққа «Қайырлы іс» өсиет әңгімесін оқып және мазмұндап келу.

Өзін-өзі тану оқулығы

Рефлексия

Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Пікірлер(0)