Александрия шамшырағы
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Әлемнің жеті кереметі
Тақырып:
Александрия шамшырағы
10.03.2020
116
6
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу; 6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. |
Сабақтың мақсаты: | 1. Мәтіннің мазмұны бойынша негізгі ақпаратты табу 2. Қосымша ақпараттарды ажырату. Рөлге бөліп оқу. 3. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.Коментарий жасау. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Өз ойын мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жеткізе алады. Жаңа сөздерді орнымен қолданады Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шамшырақ (Маяк), Мұрагер, Сәулетші, Мұнара, Күмбез,Мүсін Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Александрия шамшырағы, ғажайып үлгісі, сегіз қырлы мұнара, зәулім шамшырақ, күмбезбен жабылған. Талқылауға арналған сұрақтар Александрия шамшырағы деп аталуының себебі неде болуы мүмкін? Шамшырақтың сипаты қалай әсер етті? Біздің елімізге шамшырақың қажеттілігі бар ма? Қай жерлерге қажет деп ойлайсың? Қалай ойлайсыз, шамшырақ салынбаса, орнында не болар еді? Қазіргі заман талабына сай ғимаратты салуға қандай идея ұсынар едің? |
Күтілетін нәтиже: | сабакты менгеру |
Бағалау критерийлері: | Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Детальді ақпаратты түсіндіреді. |
Құндылықтарды дарыту: | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Әлем мәдениетімен таныса отырып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Okulyk-edu.kz clipart-pyramid-5 http://www.rusnauka.com/ Жазу құралдары. |
Пәнаралық байланыс: | География, тарих, химия |
Бастапқы білім: | Әлемнің жеті кереметі жайлы толық мәлімет біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (8) |
Оқушыларды ғимарат атауларына сәйкес 4 топқа бөлемін. Ғимараттардың суреттері беріледі. Әр түрлі деңгейдегі оқушылар төрт топқа бөлінеді. (2 мин) 1-топ «Зевс мүсіні» 2-топ «Артимида ғибадатханасы» 3-топ «Александрия шамшырағы» 4-топ «Семирамида бағы» Оқылым алды тапсырма Ширату жаттығуы. «Түрлі ғимараттар» ойыны Топтағы оқушыларға 2 мин аралығында өздері білетін ғимараттар атауларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта айтылған ғимарат атауы қайталанса, өздерінен сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде көп ғимарат қалса, солар жеңіске жетеді. Интерактивті тақтадан көрсетемін. Суреттегі көрініске не айта аласыздар? Александрия шамшырағы деп аталуының себебі неде болуы мүмкін? (4 мин) | |
Сабақтың ортасы (20) |
Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі мәліметтерге назар аударыңдар. Оқушыларға мәтін беріледі. Жеке оқи отырып, негізгі мәліметтердің астын сызады. (Александрия шамшырағының орналасқан жері. Александрия шамшырағының авторы жайлы. Ғимараттың салыну себебі). (5 мин) ТЖ. 2-тапсырма. Мәтіннен 4 негізгі 4 қосымша ақпаратты анықтап, маңыздылығына қарай пирамида кестесіне толтырыңыз. Пирамида суреті сызылған қағаз топтарға таратылып беріледі. Топ ішінде талқылай отырып, негізгі және қосымша ақпараттарды төменнен жоғары қарай маңыздылығына байланысты орналастырады. (5 мин) Оқушыларды қолдау: мәтіндегі негізгі ақпарат – мәтіннің негізгі идеясы, негізгі фактілер. Мәтіндегі қосымша ақпарат мәтінге қосымша берілген иллюстрациялар, кесте, диаграммалармен қатар, негізгі ойды қолдауға бағытталған цитаталар, ойды дәлелдейтін нақты мысалдар жатады. Күтілетін жауап: Негізгі ақпарат:Александрия шамшырағы Пафос аралында салынған. Авторы Сосрад. Биіктігі метр. Төбесіне теңіз құдайы Посейдпнның қола мүсіні қойылған. Қосымша а: Александрия балықшылар ауылы болған. Сосрад өз атын қабырғаға жазып қалдырған. Шамшырақ өз заманындағы өнердің ғажайып үлгісі. Темір айналар шебер қолданылған. Дескриптор: Мәтіннен 4 негізгі, 4 қосымша ақпаратты табады. Пирамидаға маңыздылығына қарай орналастырады. ҚБ. «Қолпаштау» оқушылар бір біріне тапсырманы тексере отырып қолпаштау, мадақтау сөздерін білдіреді. «Сен бұл жұмыста өте жақсы қатыстың. Себебі...» ЖЖ. 3 -тапсырма «Терминдер кестесі» Кестені толтыру арқылы детальді ақпаратты тауып, анықтама беріңіз. (5 мин) Оқушылар детальді ақпаратпен жұмыс жасау үшін, сызбаны ұсынамын. Мәтінді іріктей оқи отырып, детальді ақпараттарды табады. Сандар Адамдар Мекендер Химялық элементтер Сандар Адамдар Мекендер Химялық элементтер Александрия қаласы салынды б.з.д нды б.з.д 332ж Құрылысы басталды б.з.д 229ж 20жсалды. 120м биіктігі, 3 қабат 7м мүсін. А. Македонский, Птолемей Сотер, Декстиұлы Сосрад, Посейдон Александрия қ, Фарос аралы, Книд Әктас, гранит, қола, жанармай, темір, от Тексеру барысында дұрыс нұсқасын интерактивті тақтадан ұсынамын. Дескриптор: Мәтіннен детальді ақпаратты табады. Анықтама береді ҚБ. «Жарқын ойлар» (1 мин) Cіз үшін жаңа болып табылатын үш мəселені атаңыз: 1. 2. 3. Cіздің назарыңызды аударған бір нəрсе айтыңыз. Cіз сенімсіздік танытқан cалаға қатысты екі сөзді атаңыз. 1. 2. ТЖ. 4-тапсырма. Сұрақтарды топта талқылап, өз жауабыңызды ұсыныңыз. 1-топ Шамшырақтың сипаты қалай әсер етті? 2-топ Біздің елімізге шамшырақың қажеттілігі бар ма? Қай жерлерге қажет деп ойлайсың? 3-топ Қалай ойлайсыз, шамшырақ салынбаса, орнында не болар еді? 4-топ Қазіргі заман талабына сай ғимаратты салуға қандай идея ұсынар едің? «Автобус аялдамасы» әдісі Сұрақтарды топта талқылап, өз жауаптарын дайындайды. (4 мин) | |
Сабақтың соңы (10) |
Құнды орта пікір айтты 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ Кестені таратып беремін. Топта 1 бақылаушы қалады.(оқу дағдысы жоғары, өз ойын айта алатын) Әр топта талқылап келген оқушы 4 бақылаушыға топтарына сәйкес сұрақтарына жауап береді. Бақылаушы әр оқушының қағазына белгісін қойып береді. Тапсырма соңында оқушылар белгілерді қарай отырып өз деңгейлерін анықтайды. (10 мин) Дескриптор: Мәтінді өмірмен байланыстыратын 4 сұраққа жауап беру арқылы өз ойын жеткізеді. ҚБ Қай сұрақ есіңізде қалды? Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ? | |
Рефлексия (2) |
Рефлекция «Әңгімелесетін әріптестер» Жаңа оқыған үш факті. Бүгінгі сабақта оқушыларға... 1.Оларға жеңіл болып көрінгені туралы. 2.Оларға қиын болып көрінгені туралы. 3.Алдағы уақытта оқығысы келетін нәрселер туралы. Өз қабілеттеріңізді ескере отыра біреуін орындаңыз. 1. Ғаламтордан Александрия шамшырағы туралы қосымша мәліметтер жинақта. 2. Александрия шамшырағының суретін салып көр. 3. Александрия шамшырағы жайлы алған мәліметтерді ескере отырып, 3 шумақ өлең жаз. |
Пікірлер(0)