Есептер шығару

Қожабаева Ақайман Наухановна
Қожабаева Ақайман Наухановна
Ақтөбе
Шұбарши
Шубаршийская средняя школа
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Сандармен амалдар. Есептер
Тақырып:

Есептер шығару

11.03.2020
869
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

2.5.1.4. Санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне салыстыру.  2.5.1.7. 2 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу жəне шығару.

Сабақтың мақсаты:

Есептерге сызба таңдап оларды екі амалмен шығатындай етіп толықтырады және шығарады;  Тапсырмаларды  топтық , жеке, жұптық  жұмыстарда   бірлесіп  орындай алады; Оқулықтан тыс тапсырмаларды өз бетінше орындап тұжырым жасайды;

Тілдік мақсаттар:

Есептер шығару -Вывод отчетов - Reports output; Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздердің  айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату. Талқылауға арналған сұрақтар:  Не себепті......деп ойлайсыз 1. 30  санын  3  көбейтсек қанша болады? 2. 40: 2  өрнегі математикалық терминмен қалай айтылады? 3. 25  санын  2  көбейтсек қанша болады?

Бағалау критерийлері:

Жасыл-түсіндім; Сары – сыныптасымның көмегімен түсіндім;  Қызыл- көмек қажет, түсінбедім.

Бастапқы білім:

Есептершығару

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Шаттық шеңбер» Балалар бір-бірімен амандасып, танысады, жылы тілек тілейді. Балаларды  бейджиктеріндегі суреттің  ретімен  үш топқа бөлемін.

Сабақтың ортасы

Білім алушылар сабақтың мақсатымен танысады. Видео  материал көріп жаңа сабақтың мазмұнын  ашуға талпынады. 1-тапсырма: «Тексер» ТЖ   Дескриптор:  1. Берілген тапсырманы топта талқылайды; 2. Ертегі  туралы мәліметтерді айтады; 3. Бір-бірін тыңдап, толықтырады, бағалайды; 4. Емес  сөзімен ақиқат тұжырымдар құрастырады; 5.Екі амалмен орындалатын есептерді шығарады; Кері байланыс: «Житондар»  ҚБ «Жұлдызшалар»  2.- тапсырма:  ЖЖ «Есепті шығар» Дескриптор: 1.  Есептің қысқаша шартын жазады/ сызбасын сызады; 2.  Есепті шешу амалын таңдайды және шешуін санды өрнек түрінде жазады; 3. Есепті шешу жолдарын түсіндіреді;  Кері байланыс: «Житондар» ҚБ «Жұлдызшалар»  Сергіту сәті 3- тапсырма:  ЖЖ  «Есептер құрастыр» Дескриптор: 1. Қысқаша жазылуы және сызба бойынша есеп құрастырады; 2. Есепке  екі амалмен шығатындай сұрақтар таңдайды; 3. Есептің сұрағына сәйкес жауап жазады; 4. Бір-бірін тыңдап, толықтырады, бағалайды; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ «Жұлдызшалар»  4- тапсырма:  ЖЖ  «Есеп құрастыр» Дескриптор: 1.  Санды деректерді пайдаланып екі амалмен шығатын есеп құрастырады; 2. Есептің мәнін  талдайды, шығарады; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ «Жұлдызшалар»   Қосымша тапсырма:  ТЖ  «Кім математик?!» Дескриптор: 1. Әр топ берілген тапсырманы  талқылап, есептейді, жауабын жариялайды; 2. Математикалық  терминмен   атап айтады; 3. Бір-бірін тыңдап, толықтырады, бағалайды; Кері байланыс: «Житондар» ҚБ «Жұлдызшалар»   

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: 75-б. № 5

Рефлексия

Кері байланыс: «Білім ағашы»

Пікірлер(0)