Магнит

Камерова Динара Тулеубаевна
Камерова Динара Тулеубаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы
№82 Дарын мамандандырылған лицей
Жаратылыстану
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Адамның тіршілік әрекетінің үдерістері
Тақырып:

Магнит

16.03.2020
81
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

 1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру 

Сабақтың мақсаты:

 Барлық оқушылар: магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау; Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттеу; жүргізілген экспериментті түсіндіру. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. 

Тілдік мақсаттар:

 Магнит, тарту, тебу.

Күтілетін нәтиже:

 Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтайды; Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттейді; жүргізілген экспериментті түсіндіреді. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. 

Бағалау критерийлері:

 (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Құндылықтарды дарыту:

 Жұптық және топтық жұмыстарда ынтымақтаса жұмыс жасау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

 Бейнероликтен магнит туралы мағлұмат ала отырып, танымдық қабілеті дамиды

Пәнаралық байланыс:

 Дүниетану,көркемеңбек

Бастапқы білім:

 (ҰЖ)Ширату жаттығу Сәлемдесу,назарын сабаққа аудару Топқа бөліну: түрлі түсті магнит арқылы 4 топқа бөлініп отыру. Әр топқа 4 жапсырғыш берілді.Әр тапсырманы орындаған сайын топ басшысы жапсырғышты тақтаға жапсырып отырады. 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(15)

 (ҰЖ)Ширату жаттығу Сәлемдесу,назарын сабаққа аудару Топқа бөліну: түрлі түсті магнит арқылы 4 топқа бөлініп отыру. Әр топқа 4 жапсырғыш берілді.Әр тапсырманы орындаған сайын топ басшысы жапсырғышты тақтаға жапсырып отырады. (ҰЖ)Өткенді пысықтау - Үйде электр өшіп қалса не болады? - «Жұмбақ сандық» арқылы өткен сабақты еске түсірейік. Әр топ жұмбақ сандықта жасырылған затты (суреттерді) басқа топқа жұмбақтап айтады. Олар сандықта қандай зат бар екенін табу керек. - Майшам - Ас - Газпеш - Нан Қалған екі суретті мұғалім жасырады, оқушылар тауып алады. - Ақпарат көзі, керек мағлұмат, жеделхат, желі арқылы байланысатын техника. - Ғаламтор/Интернет/ - Балаларға білім берудің жаңа құралы. - Тақта - Ендеше осы интербелсенді тақтаға көңіл аударайық. - Осының бәріне ненің көмегі керек? - Электр. Дұрыс, өткен тақырыбымызды қайталап шықтық. - Балалар, белсенді тақтадағы суреттердің алғашқы әріптерінен, алдарыңызда үстел тақтаға әріптерден сөз құрастырып, хормен оқып шығайықшы. - Қандай сөз шықты? - Магнит. - Ендеше бүгінгі тақырыбымыз - магнит. Магниттің қаситтерін білетін боласыздар. - Әр топта магниттік тақтаға әртүрлі адамның адамның басын құастыру керек. Дескриптор Білім алушы - Электрсіз жарық болмайтынын айта алады. - Асты әзірлей алмайды. - Нан пісіре алмайды. - Газпеште ас әзірленбейді. - Интернеттен керек ақпарат ала алмайды. - Тақта өшіп тұрады. ҚБ:«Түрлі түсті қақпақтар» әдісі Жасыл- толық жауап бердім. Сары - жартылай жауап бердім. Қызыл- жауап бере алмадым. «Сиқырлы қолғап» ҰЖ - Балалар! Мен дүкеннен қолғап сатып алдым жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап. Қолғап пен бірге қорапта әртүрлі заттар жатыр екен. Қораптағы осы заттарды «сиқырлы» қолғаппен ғана ұстау керек деп жазылған. - Ал қолғаптың сиқырлы екенін қалай білуге болады екен? - Қалай ойлайсыңдар? - Ал енді қолғапты киіп қораптың ішінен заттарды ұстайық. Не байқадыңдар? - Кейбір заттар қолғапқа жабысып қалды. - Олар нелер? - Бұранды, шеге, қыстырғыш, тиын. - Кейбір заттар қолғапқа жабыспай қалып қойды. Оларды атайықшы: пластикалық ыдыс, қағаз, өшіргіш, қарындаш, мақта, жіп. - Неге? Қолғаптың ішінде не бар? - Қолғаптан тас шықты.(слайд№2) - Магнит. - Түсі қандай? - Қара - Қандай заттарды өзіне тартады? - Темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар. (Бейнеролик арқылы магнит туралы мағлұмат беріледі.2 мин) - Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі, тартылады екен. - Белсенді тақтадан магнит туралы дауысы жоқ бейнеролик тамашалайық. - Кім көргендеріңді дауыстап айтады? - Бұл тас қайдан шыққанын білгілеріңіз келе ме? (слайд№3) Магнус деген қойшы, қой бағып жүріп қолындағы таяғының басы үшкір темір екен, тасқа жабысқан соң ол бірнеше тасты алып келіп көршілерін таң қалдырған екен. Содан кейін магнит деп атай бастаған. 

 Қолғап, таяқша, магниттік тақта, магниттік әріптер, жапсырғыштар, суреттер  Түрлі түсті қақпақтар, суреттер Қораптар, қолғап, магниттер, бұранды, шеге, қыстырғыш, тиын. Пластикалық ыдыс, қағаз, өшіргіш, қарындаш, мақта, жіп. Интернет-ресурстар: магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q 

Сабақтың ортасы

(15)

 Әр топқа зерттеу жұмысы беріледі. Зерттеуді топ алдында қорғап шығасыздар. Зерттеу жұмыс «Зерттеу» әдісі.Т.ж. 1-топ. Табақшадағы құмның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін табу. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. 2-топ Құмырадағы су ішінен темір бұрандалар мен сомындарды, резеңке бөлшегін табу. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізеді. 3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көрсетеді. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. 4-топ. Шыны әйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе барысында¬ оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі. Дескриптор Білім алушы -Магниттілік қасиеті бар денелерді анықтайды. -Магниттердің қасиеттерін зерттейді - Жүргізілген эксперементті түсіндіре алады. Сергіту сәті: «Тартыламыз, тебілеміз».Ұ.ж. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұрғызу.“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады.“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тебілеміз!” деп жауап бере алады. «Анықтау» әдісі 1-топ Дәптермен жұмыс. ЖЖ Оқушылар дәптердегі тапсырманы жұппен орындайды. ҚБ «Магниттік жапсырғыш» әдісі арқылы бағаланады. Дескриптор Білім алушы -Магнитке тартылған материалдарды «V» белгісін көрсетеді. - Магнитке тартылған заттардың суретін салады. 

 Қарындаштар­ және т.б.); (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат; құм салынған табақша; ине; пластикалық құмыра.  

Сабақтың соңы

(8)

 Сабақты қорытындылау. Мангустың «Сиқырлы таяғы». - Таяқтың ұшы кімге тисе, сол топтағы оқушы бүгингі сабақтан нені білгенін бір сөзбен айтып береді./мангит, металл, тартады, тебіледі, жапсырады/ Керібайланыс: «Смайликтер» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі. Оқушылар магнит туралы жақсы түсінсе магнит желімденген өзінінің фотосын жапсырады. - Сұрақтары болса магнит желімденген өзінің фотосын жапсырады. -түсінбесе магнит желімденген өзінің фотосын төменгі баспалдаққа жапсырады. 

 bilimland

Рефлексия

(2)

 ҚБ:«Түрлі түсті қақпақтар» әдісі ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі ҚБ:«Бас бармақ» әдісі. ҚБ «Магниттік жапсырғыш» әдісі. Кері байланыс: «Смайликтер» әдісі 

 Шынымен, шегемен, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында қауіпсіз ережелерін сақтау ескертіледі

Пікірлер(0)