Қайырымдылық – сүйіспеншіліктің бір көрінісі
Қайырымдылық – сүйіспеншіліктің бір көрінісі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру (7.О5.) |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы: Қайырымдылық туралы мәтіндермен танысады және етістіктің есімше түрін еске түсіреді. Оқушылардың көпшілігі: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады, сұрақтың өмірдегі маңыздылығын ашады. Оқушылардың кейбіреуі: «Қайырымдылық – адам жанының нұры» сөйлеміне сатылай кешенді талдайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика мен терминология:қайырымдылық, сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, имандылық. Оқушылар түсінеді және сипаттайды |
| Күтілетін нәтиже: | Мақал бойынша өз пікірін жеткізе алады. - Сатылай кешенді талдау жасай алады |
| Бағалау критерийлері: | Білім алушы: • Мәтіндегі мәселені түсінеді; • Мәтін идеясын анықтай алады; • Проблемалық сұрақ құрастыра алады; • Қойылған сұрақтарға ұтымды жауап бере алады. • Мәтіннен есімшелерді тауып, қолданылуын түсіндіреді |
| Құндылықтарды дарыту: | Қайырымдылық тәрбие беру |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнежазба |
| Пәнаралық байланыс: | Әдебиет, өзін-өзі тану |
| Бастапқы білім: | Отбасындағы сүйіспеншілік |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10) |
Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз. 1. Бейнежазба көру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. 2. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы Дұрыс жауап беріледі. Бір топ бір топты тексереді. Қ/Б. Екі жұлдыз, бір тілек |
Суреттер Бейнежазба |
|
Сабақтың ортасы (12) |
2-тапсырма. «Сағат тілі» әдісі Мәтіннен есімшелерді тауып дәптерге сағат тілімен ауысып отырып жазыңыз. Дескриптор: - Мәтіндегі есімшелерді ажыратады. - Есімше тұлғалы сөздерді теріп жазады. Қ/Б: «Қолдау, қолпаштау» әдісі 3-тапсырма. «Ортадағы қалам» әдісі Қайырымдылық – адам жанының нұры. 1-топ. Сөйлемге синткасистік талдаудың 1,2,3 сатысына талдау. 2-топ. Нұры сөзін сөз құрамына лексика-грамматикалық мағынасына 1,2,3 сатысына талдау. 3-топ. Жанының сөзіне сөзсазындық 1,2,3 сатысына талдау. 4-топ. Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру. Дескриптор: -Мақал бойынша өз пікірін білдіреді. -Сатылай кешенді талдайды. |
Мәтін, дәптер |
|
Сабақтың соңы (11) |
Қорытынды: Қайырымдылық – жақсы қасиет. Ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектесу, ізгілікті іс жасау. Қайырымды адамды туыстары жақсы көреді, мақтан тұтады. |
Дәптер, тақта |
|
Рефлексия (7) |
Кері байланыс. Шеринг жаттығуы Бүгін не үйрендің? Ол сенің өміріңе қаншалықты қажет? (оқушылар осы сұрақтар төңірегінде бір сөйлеммен жауап береді) |
қима қағаздар |
Пікірлер(0)