Жылдамдықты қалай өлшейміз?

Бекбулатова Мадина Кайратовна
Бекбулатова Мадина Кайратовна
Ақмола
Нұр-Сұлтан
Средняя школа №40
Жаратылыстану
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Күштер және қозғалыс
Тақырып:

Жылдамдықты қалай өлшейміз?

17.03.2020
113
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
2.5.1.1 – түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;

2.5.1.2 – жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу);

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы алады: түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіреді, жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларды қолданады.

Оқушылардың көбісі: жылдамдықтары әртүрлі денелерді ажыратады.

Оқушылардың кейбіреуі : жылдамдықтардың әртүрлі болу себебін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар: Жылдамдық, қозғалыс
Күтілетін нәтиже:
Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіре алады;

Жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларды (баяу және жылдам) қолдануды меңгереді.

Бағалау критерийлері:
Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіреді;

Жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларды қолданады.

Құндылықтарды дарыту: Еңбекке сүйіспеншіліктерін арттырып, шығармашылыққа баулу
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика  пәнімен байланысты
Бастапқы білім: 1-сынып Жаратылыстану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

1 - топ «Уақыт»

2 – топ «Қозғалыс»

3 – топ «Жылдамдық»

4 – топ «Жол»

Білу, түсіну (Ұ) Кіріспе әңгіме Болжау стратегиясы Негеш пен Эврика Нұр-Сұлтан қаласынан Орал қаласындағы достарына баратын болды.

-Олар қандай көлікпен қонаққа тезірек жете алады?

-Неліктен?

-Қонаққа жету үшін ұзағырақ уақыт кетеді.

- Неліктен?

«Нысан бір сағатта неғұрлым көп жол жүріп өтсе, соғұрлым оның жылдамдығы көп» деген қорытындыға жетелеу.

Сабақтың ортасы

(30 минут)

Топтық жұмыс 1. Берілген жануарларды жылдамдықтарымен сәйкестендір.

Суреттер бойынша жұмыс (қабылан, тасбақа, қоян, кірпі, ұлу).

- Суреттерде қандай жануарлар бейнеленген?

- Жануарлардың қайсысы жылдам жүгіре алады?

- Бәрінен жылдам жүгіретін қай жануар?

- Ең баяу қозғалатын жануар?

- Бұл сұрақтарға нақтырақ жауап беруге бола ма?

- Нақты жауап беру үшін нені білу қажет? (Жылдамдықты.)

(қояндікі – шамамен 50 км/сағ., тасбақанікі – шамамен 1 км/сағ., кірпі – шамамен 10 км/сағ., қабылан – 112км/сағ., ұлу-420см/сағ.)

2. Жануарлардың қайсысы мәреге тез жетеді?

Жылдамдықтары бойынша ретімен орналастыр.

Дескриптор

- берілген жануарлардың жылдамдықтарын анықтадым;

- берілген жануарларды жылдамдықтарымен сәйкестендірдім;

- жылдамдықтары бойынша жануарларды ретімен орналастырдым;

- жылдамдығы ең жоғары жануарды анықтадым;

- жылдамдығы ең төмен жануарды анықтадым.

Бейнематериалды көрсету.

Оқушыларға ең жүйрік жануар – қабылан және ең бая жануар – ұлу екенін айту.

- Бұл жануардың қайда мекендейтінін білесіңдер ме?

- Қабылан қандай жануарларды аулайды?

- Басқа қандай жүйрік, баяу жануарларды білесіңдер?

Қабылан бір орнынан бірден жылдамдық алып жүгіреді, бірақ мұндай жоғары жылдамдықпен ұзақ уақыт бойы жүгіре алмайды. Ұлу 1 минутта 7 см жерді ғана жүріп өтеді.

Дескриптор

- бейнематериалдағы ақпаратты мұқият тыңдадым;

- бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап бердім.

(Ұ) Зерттеу. Екі спортшының қайсысы жылдам жүгіріп, мәре сызығына бірінші жетеді, кім соңынан жетеді деп ойлайсыңдар?

- Спортшының жылдамырақ жүгіруіне не кедергі болуы мүмкін?

- Сен қандай кеңес бересің?

- Жеңіл атлеттердің киімі күнделікті киімінен ерекшелене ме?

- Несімен?

- Неліктен?

- Спортшы бұдан да жылдамырақ жүгіре алуы үшін оның киімінде нені өзгертуге болады? Дескриптор

- екі спортшыны қарастырдым;

- мәре сызығына бірінші жететін спортшыны анықтадым;

- мәре сызығына соңынан жететін спортшыны анықтадым;

- соңынан жеткен спортшыға жылдамырақ жүгіруіне не кедергі болғанын түсіндірдім, өз ойымды дәлелдедім.

Жұптық жұмыс Минуттық оқу

Оқушылар минутқа берілген мәтінді оқиды.

Бір минутта қанша сөз оқығандарын сәйкес диаграммаға орналастыр.

1-20 сөз 20-50сөз 50-70сөз 70- 100сөз

- Диаграммадан нені байқадыңдар?

- Қандай қорытынды жасауға болады?

Жылдамдық белгілі бір уақыт ішінде қанша жол жүрілгенін көрсетеді. Уақыт ұзарған сайын жол ұзарады. Жылдамдықты қосқан сайын белгіленген жерге тез жетесің деген қорытындыға келеді.

Дескриптор

- берілген мәтінді 1 минутта оқыдым;

- 1 минутта қанша сөз оқығанымды анықтап, диаграммаға орналастырдым;

- диаграмма бойынша жалпы қорытынды айттым.

Дәптермен жұмыс Қайсысы жылдам? Қайсысы жылдам, қайсысы баяу қозғалады? Суреттерге назар аудар. Жануарлардың атауларын жаз. Жылдам қозғала алмайтын жануарларды боя. Ең жылдам жүгіретін жануардың суретін қызыл түспен қорша. Дескриптор

- берілген жануарлардың атауларын жаздым;

- жылдам қозғала алмайтын жануарларды анықтап, боядым;

- жылдам қозғалатын жануарларды анықтап, қызыл түспен қоршадым.

Сабақтың соңы

(3 минут)

Қалыптастырушы бағалау Тапсырма Екі жиынға бөл.

Жылқы, ақбөкен, ит, ұлу, тасбақа, кірпі, қабылан

Жылдам қозғалатын жануарлар Баяу қозғалатын жануарлар

Ең жылдам қозғалатын жануар, ең баяу қозғалатын жануарды анықта.

Дескриптор

- жылдам қозғалатын жануарларды бір жиынға біріктірдім;

- баяу қозғалатын жануарларды бір жиынға біріктірдім;

- ең жылдам қозғалатын жануарды анықтадым;

- ең баяу қозғалатын жануарды анықтадым.

Рефлексия

(2 минут)

Рефлексия. «Менің сөзім». Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Файлдар:

Файлды ару Жаратылыстану 2-сынып

Пікірлер(0)