Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу

Жұбанова Ғалия Сайлауқызы
Жұбанова Ғалия Сайлауқызы
Ақмола
Нұр-Сұлтан
№40 мектеп-лицейі
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Тақырып:

Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу

18.03.2020
2423
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
амалдардың қатынасы негізінде теңдеулерді шешеді;

қосу мен азайту арасындағы қатынастар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

есепті сызба, сурет түрінде модельдейді;

Сабақтың мақсаты: Белгісіз бөлікті табу туралы ережені пайдалана отырып, белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осы түрдегі теңдеу шешімінің алгоритімін құрастыру.
Тілдік мақсаттар: Оқушылардың тәжерибелік сөйлеуіне арифметикалық амал компоненттерінің атауы, "бөлік" және "бүтін" сөздерін ендіру.
Күтілетін нәтиже: Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше алады
Бағалау критерийлері: Таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының негізінде теңдеуді шеше алады
Құндылықтарды дарыту: Бірлесіп, ұйымшылдықпен жұмыс жасау
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бастапқы білім: тура және тура емес теңдіктер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

"Жасырынбақ " ойыны:

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады, әр топқа сурет беріледі. Суреттегі жасырын тұрған бөлікті табу керек.  (мыс: қыз баланың гүл бағында алдымен бірінші гүлзардан 5 қызғалдақ, екінші гүлзардан қанша қызғалдақ жинағаны нақты белгісіз, және соңында қыздың гіл бағынан 12 гүл жинап шыққан суреті беріледі.) Бұл мысалда оқушылар екінші гүлзардан қанша гүл жинағанын анықтап, оны қалай тапқандарын түсіндіріп береді.

Тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгісіз қосылғышты табу үшін, қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керектігін түсінеді.

Сабақтың ортасы

Интербелсенді тақтамен BILIM Land сайтынан видео көрсету арқылы қосындының компаненттерін еске түсіріп, белгісіз қосылғышты табу үшін, қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керектігін біледі. Сонымен қатар теңдеу шешімінің алгоритімін құрастыруды үйренеді.

Жұптық тапсырма: Оқушыларға санамақ таяқшалар саны 20-дан асырмай салынған қорап беру керек. Бірінші ойыншыға қорапқа бірнеше таяқшаны санап салғызып және санын еске сақтауын ескертіп, қорапты екінші ойыншыға бергізеді. Екінші ойыншыға да таяқшаларды санап, санын еске сақтау қажет екенін айту керек. Содан кейін бірінші ойыншы қорапты қайта алып, қорапқа жасырылған тағы таяқша қосып салады.  Қорапты екінші ойыншыға ұсынып қайта санап шығып,белгісіз қанша таяқша қосылғанын анықтап айтуын сұрайды. Ойыншылар рөлдерін ауыстырып, ойынды қайталап ойнайды.

Сабақтың соңы

Жеке жұмыс: екі нұсқада белгісіз қосылғышы бар теңдеу беріледі. Теңдеуді шешу алгоритімін дұрыс жазуға машықтана отырып, теңдеуге байланысты сызба сызып үйренеді.

4+x=9

x=9-4

x=5

4+5=9

9=9

Рефлексия

дискриптор

1."Жасырынбақ" ойыны арқылы белгісіз бөлікті таба алдым - 1балл

2. Теңдеудің түбірін таба аламын - 1балл

3. Белгісіз қосылғышты таба аламын - 1балл

4. Теңдеу шешу алгоритімін дұрыс жаза аламын - 1балл

5. Теңдеуге байланысты сызба сыза аламын -1балл

Осы дискриптор арқылы оқушылардың тақырыпты қанщалықты меңгергенін бағалап, оқушылардан көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетулерін сұрау.

Пікірлер(0)