Толғауы тоқсан қызыл тіл
Қазақ әдебиеті
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Тақырып:
Толғауы тоқсан қызыл тіл
23.12.2019
133
4
Сабақ мақсаты | Лирикалық шығармадағы кейіпкер бейнесін айқындайды. Үзінділердің мазмұнын түсініп, жатқа айтуға машықтанады. Шығармадағы оқиға желісі бойынша өзіндік көз қарасын байланыстырып, дәлелдеп жазады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Ұйымдастыру кезеңі (11 минут) |
1. Сәлемдесу Әдісі: «Гүл сыйлау» Шарты: оқушылар қарама-қарсы екі сап құрады, амандасады. Бір-біріне гүлдерін беріп амандасады. 2. Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбер» Шарты: оқушылар екі шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрып бір-біріне жақсы тілектер тілейді. 3. Топқа бөлу Әдіс:«Себеттен конфет алу» Шарты: конфет түрлеріне қарай бөлінеді 1-топ: Сары 2. топ: Көк 3-топ Қызыл | |
Қызығушылығын ояту (2 минут) |
С Тәсіл: АКТ 1-тапсырма «Елім-ай» әнін тыңдап, туынды жайында өз ойларыңызбен бөлісіңіз. Дескриптор: -Өнер туындысы тыңдалды. -Оқушылар өз ойларымен бөлісті. ҚБ: «Минуттық шешім» әдісі, (өмірде аса маңыздылығы мен мағынасы барын анықтайды). | |
Мағынаны тану (20 минут) |
Ж Тәсілі: белсенді оқу Әдісі: «Сақина салмақ» Шарты: қолына сақина түскен оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді Саралау түрі: диалог негізінде саралау 1-тапсырма Алақанға түскен сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар: 1.ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ даласындағы тарихи өзгерістер нені көздеді? 2. «Зар заман» өлеңі- ненің сипаты, қалай ойлайсың? 3. Бұзылған заманның белгілерін атаңыз? 4. Пірі болған кінәз, би болған тілмаштан-тіркестерінің мазмұндық мәнін ашыңыз? Ықтимал жауап: 1. ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ даласындағы тарихи өзгерістер отарлау саясатын көздеді. 2. «Зар заман» өлеңі-заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы. 3. Бұзылған заманның белгілері: ұл сыйламас атасын, ата бермес батасын, қазы, болыс жемеңқор, некесіз туған баласы, қыз сыйламас шешесін, арам, араз хан шықты т.б. 4. Орыс киняздары құдайдай сиынатын пірі, ал сауатсыз, надан халыққа аудармашы тілмаштар төбе биіндей болған заман. Дескриптор: -Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді. -Сыни пікірлерімен дәлелдер келтірді. ҚБ: «Шаршылар» әдісі, өзін-өзі бағалайды ЖЖ Тәсілі: өзара талқылау Әдісі: «Ойлан-жұптас-бөліс» Шарты: оқушылар жұптаса отырады. Саралау түрі: тапсырма бойынша саралау 2-тапсырма Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтап, үзіндінің мазмұнын баяндаңыз. Дескриптор: -Кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. -Үзіндінің мазмұнын баяндады. ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі, өзара бағалады Керібайланыс: «Білім қоржыны» -Кейіпкер бейнесін ашу барысында қандай кедергілерге кездестіңдер? -Оларды қалай жеңе аласыңдар? -Өз құпияңмен бөлісуге даярсың ба? ТЖ Тәсілі: бірлескен оқу Әдісі: «Постер қорғау» Шарты: «Ширату жаттығулары» үш минут ішінде «Қойын дәптерлеріне» жазу Саралау түрі: Нәтиже немесе жауап бойынша саралау 3-тапсырма Шығармадағы оқиға желісіне баға беріп, өзіндік көзқарасыңызбен салыстырып, айтыңыз, жазыңыз. Дескриптор: -оқиға желісіне баға берді. -өзіндік көзқарасын салыстырып, жазды ҚБ: «Минуттық шешім» әдіс. Өзара бағалау Ж Тәсілі: тапсырма бойынша жұмыс Әдісі: «Өз жұбыңды тап» Шарты: Оқушылардың бір тобы дұрыс жауартары бар қағазды алады, бір тобы тірек сөздердер жазылған қағаздарды алады да жұптасады. Саралау түрі: нәтиже немесе жауап бойынша саралау 1. Тірек сөздер: Майор, шен, қарғы, сұлтан, болыс, ел билеген бектер, қайыры жоқ бай, сауып ішер сүті жоқ, текеметтің түріндей, азулыға бар заман-азусызға тар заман, мұсылманнан хал кетті, Арқадан дәурен кеткен соң-қуғындап орыс жерткен соң, билік кетті басынан. 2. Ықтимал жауап Майор, шен-әскери атақ, дәреже, сұлтан, болыс-билік тармақтарының бір түрі. Ел басқаратын азаматтар-ел билеген бектер. Ешкімге көмегі тимейтін арамтамақ- қайыры жоқ байлар тобы. Қазақ даласына жаңадан келген сауда-саттық жүйесі, базар-сауып ішер сүті жоқ, Заманның құбылысы-текеметтің түріндей, Күштілер мен әлсіздер-азулыға бар заман-азусызға тар заман, Халықтың ардан, әдептіліктен, діннен безінуі-мұсылманнан хал кетті, Ел жерінен айырылу, бас бостандығынан-Арқадан дәурен кеткен соң-қуғындап орыс жерткен соң, билік кетті басынан. 4-тапсырма Жұмыс парақшаларыңызға мәтіндердегі тірек сөздерді тауып белгілеңіз. Сөздердің мағыналық идеясын анықтаңыз. Дескриптор: - Мәтіндердегі тірек сөздерді тауып белгілейді. -Сөздердің мағыналық идеясын анықтайды. ҚБ: «Күту уақыты» әдісі. Өз-өзін бағалайды | |
Сабақтың соңы (5 минут) |
Ж Тәсілі: саралау Әдісі: «Балық қаңқасының диаграмасы» Шарты: қаңқаға сыни көз қарастарын жазады Саралау түрі: талдау бойынша саралау 5-тапсырма Шығармадағы құндылықтарды анықтап, қазіргі өмір құндылықтарымен салыстырыңыз. Дескриптор -Шығармадағы құндылықтарды анықтады -Қазіргі өмір құндылықтарымен байланыстырды. ҚБ: «Күтіңіз және түйіндеңіз» әдісі. Өз-өзін бағалайды | https://rezept-kulenar.at.ua/dolcozitel/produkte/1/chem_mozhno_zarazitsja_ot_ryby-2.png |
Үй тапсырмасы (2 минут) |
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге таныстырылым жасаңыз | Yotube.com |
Рефлексия (2 минут) |
Кері байланыс Әдісі: «чемодан, себет, еттартқыш » Шарты: Чемодан- ақпараттар қажет. Себет-қажет емес. Еттартқыш-білуім қажет. | https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0c66/000b5705-e879503f/hello_html_m56a1eab2.png |
Файлдар:
Файлды ару
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Пікірлер(0)