Ондық бөлшектерді азайту

ДОСОВА ГУЛЬЖАН МЫРЗАЛИНОВНА
ДОСОВА ГУЛЬЖАН МЫРЗАЛИНОВНА
Қостанай облысы
ГУ "СШ №10"
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Ондық бөлшектерді азайту

18.03.2020
81
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді азайту ережесін меңгереді,азайту амалын орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Ондық бөлшектерді азайтуды меңгереді, тиімді қолданады.

Кейбіреуі: күрделі есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар:

Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдардың алгоритмін түсіндіреді.

Лексика және терминология:

-бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі;

-үтірмен ажырылатын цифрлар саны;

-разрядтық бірліктер;

-санды разрядтарға жіктеу


Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың ондық бөлшектерді азайту туралы білім,білік дағдыларын толықтыра отырып,білімдерін тереңдете түсу.Азайту ережесін есеп шығаруда дұрыс қолдану машығын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері:

Ондық бөлшектерді азайту ережесін біледі.Берілген амалдарды орындай алады. Ережені қолдана отырып, күрделі есептер шығара алады.

Құндылықтарды дарыту:

Топтық ережені ұстана отырып, топпен жұмыс істеуге бейімделеді.Өз пікірімен бөлісе отырып, өзіне деген сенім артады. Сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Жұппен жұмыс жүргізеді.Өзара бағалайды.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:

тарих, география

Бастапқы білім:

Ондық бөлшектер анықтамасы, жазылуы.Ондық бөлшекті оқу және қосу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(1-6 мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын анықтау.Әр жұпқа бағалау парағын беру.(бағалау парағы кестемен берілген. 1 жолда.Үй жұмысын тексеру.2.Қайталау сұрақтары.3.Есеп шығару.4. Теңдеу шешу.5 Ойлан,тап 6.Қорытынды )

Өзара бағалауды сабақ бойы жұппен жүргізіп отырады.дұрыс-2 ұпай,Қате бар-1 ұпай,жоқ-0 ұпай.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.Оқушылар қасындағы көршісімен дәптерлерін ауыстырып алып,тақтадағы жауап арқылы өз жауаптарымен сәйкестендіріп тексереді. Тексеріп болған оқушы бағалау парағына ұпай қою арқылы бағалайды.

ІІІ. Миға шабуыл. Ондық бөлшектерді қосу ережесін қайталау.

Мақсат: оқушылардың ой түйіп,математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.

Жеке тапсырма. Орындай келгенде «Ондық бөлшектерді азайту» сөзі шығады.(яғни жаңа тақырып) 

дескриптор: 1) Ондық бөлшектерді қосу ережесін біледі,2) Ережені қолданады.  





















тұсаукесер.

Бағалау парағы


кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

(6-32 мин)

ІІІ. Ой қозғау

« Bilimland» бейнефильм дыбыссыз көрсетіп, «Stop-кадр» әдісі бойынша ой қозғалады.

Дыбыссыз көріп болған соң, оқулықтағы 27 бет ереже арқылы,қорытынды жасайды. «Ойлан-жұптас-бөліс». Топпен ойласып алып, дыбыстайды, яғни ережені түйіндеп шығады.

 V. Суретті жандандыру. Сурет бойынша есеп құру,шығару.Суретте кеменің ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын анықтау.

Дескриптор: 1) Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін біледі 2) Ережені қолданады.  

VІ. Теңдеу шешу. Оқулықтағы №643 топпен отырған,төрт теңдеуді төрт оқушы шешеді.Бірінші болғандар столдын үстіндегі параққа жабады,аударғанда тұтас сурет шығу қажет.Теңдеу дұрыс шешілген жағдайда Магницкийдің суреті шығады.Тарих бетіне шолу жасап тоқтала кету.





"Bilimland"

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/ondyq-bolshekterdi-qosu-zhane-azajtu?mid=eab8c321-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe.

математика 5 сынып, 2-бөлім. Әбілқасымова А.Е.,Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Алматы «Мектеп» 2017) 27 бет  

тұсаукесерде сурет

Сабақтың соңы

(32-38)

VII.«Қатесін тап» логикалық сұрақ

VІІІ. Үйге тапсырма. №638 №644 (2) қосымша №648
Бағалау парағы бойынша қорытындылау  
Қорытынды
«7-6»-жарайсың! «5-4»- жаман емес! «3-0»-талпын!  

тұсаукесер




бағалау парағы

Рефлексия

(38-40)

Кері байланыс. Қорытынды бойынша ойларын тыңдау.

Стикер жабыстыру

тұсаукесер

Файлдар:

Файлды ару Ондық бөлшектерді азайту
Файлды ару Ондық бөлшектерді азайту

Пікірлер(0)