.Реттік санау

Нажикенова Женискуль Бодешовна
Нажикенова Женискуль Бодешовна
Акмолинская область, Атбасарский район
Село Бастау
Бастау ауылы №2 орта мектебі
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандар және цифрлар
Тақырып:

.Реттік санау

18.03.2020
791
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): -1.1.1.1 натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
Сабақтың мақсаты: -Барлық оқушылар: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Көптеген оқушылар: тура және кері ,реттімен санау арқылы сандар орнын таба біледі,санап көрсетеді. Кейбір оқушылар: кері және тура санай отыра , сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды,заттарды ретімен санайды және сандар орнын көрсетіп өмірде қолданады.  
Тілдік мақсаттар: -10-ға дейінгі сандар , ноль ,реттік санау ,нешінші?
Күтілетін нәтиже: - кері және тура санай отыра , сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды,заттарды ретімен санайды және сандар орнын көрсетіп өмірде қолданады.
Бағалау критерийлері: - 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді. - 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды. -Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. - сандарды ретімен санайды.  
Құндылықтарды дарыту: -«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары Құрметтеу: «Мәңгілік ел» идеясы негізінде «Зайырлы қоғам» бағытымен ұштастыру арқылы оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;   
АКТ-ны қолдану дағдылары: -1. Үлестірмелі материалдар АКТ, интерактивтік тақта, суреттер,  
Пәнаралық байланыс: -Сыныптағы заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі пәнімен байланыс жүзеге асады, өзін-өзі тану ширату сәтінде,көркем еңбек тапсырмаларды орындағанда болады.
Бастапқы білім: -Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен, санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

<p>-Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру үшін «Амандасу» ойыны ойнатылады. Белсенді әдіс «Амандасу» ойыны Мақсаты:Оқушылардың сабаққа деген ынтасын ояту. Тиімділігі:Оқушыларға тиімді , қолайлы орта құру.&nbsp;&nbsp;</p><p>Ауызша. Кері байланыс. Жақсы! Жарайсыңдар! Бір-біріңе жақсы тілектер айттыңыздар. (мадақтау арқылы) Тақырыпты болжау. Белсенді әдіс . «Бес сұрақ» әдісі. (Диалог ) Мақсаты: жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Тиімділігі: оқушыларды ойландырады, тапқырлық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, қызығушылықтарын арттырады. Сурет көрсетіледі соған байланысты бес сұрақ беріледі?&nbsp;&nbsp;</p> үлестірме материалдар, суреттер

Сабақтың ортасы

(23 мин)

<p>-Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтаған соң балаларға тапсырмалар береміз. Жеке жұмыс Белсенді әдіс «Кім жылдам?» әдісі. (қарқынды) Мақсаты: оқушыларды қолында бар заттарды санауға үйрету. Әр қайсысы өз алдындағы заттарды алып, Санау үшін үстел –үстінде бірнеше заттар түрі беріледі: магниттер, моншақтар, таяқшалар, тастар, түймелер.&nbsp;&nbsp;</p><p>балалар мына заттардың ішінен өздерің қалаған заттарды алып, тура және кері санайды. -қалай ойлайсыңдар бір санының алдында сан бар ма? -неге жоқ деп ойлайсыңдар? -дұрыс ол О саны. -ендеше қандай қорытынды жасауға болады? Балалар О саны жоқ болғандықтан натурал санға жатпайды деген қорытындыға келеді. Ауызша. Кері байланыс. Жақсы! Жарайсыңдар! Жұптық жұмыс Белсенді әдіс. «Ойлан, тап!» әдісі (дереккөз) 10- ға дейінгі сан аралығы. Бір оқушы 10-ға дейінгі кез келген екі сан айтады, екінші оқушы сол екі сан арасындағы сандарды табады. -екі сан арасындағы санды табады -көрші сандарды атайды Жұппен ауысып керісінше біреуі бір сан айтады, екіншісі көрші сандарын табады. Ауызша. Кері байланыс. Жақсы! Жарайсыңдар! Сергіту сәті «Буклет» әдісі Оқушыларға гүл жапырақшалары таратылады, сол жапырақшаларда сандар беріледі оқушылар ретімен санау арқылы буклет құрастырады. Топқа бөлу. Балаларға сандар жазылған екі түсті дөңгелекшелер береміз сол арқылы олар топқа бөлінеді. Дөңгелекше бетінде сандар жазылған, сол сандарды ретімен санап, артында жазылған әріптер бойынша сөздер шығарады, сол сөздер арқылы олар топ атын шығарады. 1 топ- қалам 2 топ- қағаз «Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі (жіктеу) Мақсаты: балаларды өз ойларын ортаға салып, басқалар пікірін тыңдап, ортақ шешімге қабылдауды дарыту. Қима үлестірме қағаздармен жұмыс. Слайдта тапсырмалар беріледі окушылар топпен орындайды. 1 топ Заттардың санын анықтап, бос кестеге нешеу сұрағына жауап жазады. -заттар түрлерін атап, санап бос тор көздерге белгілейді. - заттарды санайды, бос тор көзге санын көрсетіп, жазады -заттарды санай отыра ретімен орналастырады -нешінші? Сұрағына жауап бере алады, салыстыра алады. 2 топ Мына жемістерді ретімен санап атауын табу керек -жемістерді атайды, ретімен орналастырады - жемістердің ретін анықтайды -жемістер атап, жемістерді ретімен орналастырып атауын жазып шығады. Ауызша. Кері байланыс. Жақсы! Жарайсыңдар!&nbsp;&nbsp;</p> интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың соңы

(5 мин)

-Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. 1-тапсырма Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз. 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз: ______________________________________ Дескриптор: Білім алушы - гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады; - 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады. 2-тапсырма • 3 санынан кейінгі санды жазыңыз: • 8 санының алдында тұратын санды жазыңыз: Дескриптор: Білім алушы - 3 санынан кейінгі санды жазады; - 8 санының алдындағы санды жазады.&nbsp; &nbsp;&nbsp;

Рефлексия

(5 мин)

-Рефлексия Белсенді әдіс «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау. Жасыл – түсіндім. Сары – сұрағым бар. Қызыл –маған көмек қажет. Мақсаты:оқушы өз жұмысын, жауаптарын әділ бағалай білуге дағдыланады. Тиімділігі: бағалау критерийлерінің негізінде оқушылар өзін-өзі және өзгені әділ бағалай білуге дағдыланады. Бағалау.&nbsp;&nbsp; суреттер

Файлдар:

Файлды ару Сабақ жоспары

Пікірлер(0)