бұрыш

Калемшарив Еркежан Калемшарив
Калемшарив Еркежан Калемшарив
Акмолинской
Астана
Қостомар НМ
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Бұрыш. Көпбұрыш
Тақырып:

бұрыш

18.03.2020
191
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.3.1.4 бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру; 5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) 5.3.3.1 бұрышты транспортир көмегімен өлшеу; 5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару;  
Сабақтың мақсаты: бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгереді, бұрыштарды белгілейді және салыстырады; бұрыштардың түрлерін ажыратады (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) бұрышты транспортир көмегімен өлшейді; бұрыштың градустық өлшемін табады, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығарады;  
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: - бұрыштың, градустың, бұрыштың градустық өлшемінің анықтамасын тұжырымдай алады; - транспортир көмегімен бұрыштарды өлшеу алгоритмін сипаттайды; - транспортир көмегімен бұрыштарды салу алгоритмін сипаттайды; таңдаған бұрыштардың ішінен сүйір, доғал, тік, және т.с.с. бұрыштарды атай алады. Терминология және лексикология: транспортир; - градус; - бұрыштың градустық өлшемі; - бұрыш шамасы; - тең бұрыштар; - бұрыштың төбесі, бұрыштың қабырғасы; - бұрыш, геометриялық фигура; - бұрыш түрлері; - доғал бұрыш, сүйір бұрыш, тік бұрыш, жазыңқы бұрыш; - толықтауыш сәулелер; - толық бұрыш; диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер: - бұрыштың градустық өлшемі ... градусқа тең; - бір ... шығатын сәулелер; - төбесі ортақ сәулелер … ; - бұрыштың градустық шамасын өлшеу үшін … керек; - бұрыштың төбесін … белгілеу ; - бұрыштың қабырғаларын … белгілеу; - тең бұрыштардың градустық өлшемдері ... ; - тік бұрыштан кем бұрыштар … ; - тік бұрыштан артық, бірақ жазыңқы бұрыштан кем бұрыштар ... ; - бұрыштың градустық шамасын транспортир көмегімен табу үшін ... керек; - траснпортирдің көмегімен бұрыш салу үшін ...  
Күтілетін нәтиже: бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгерген, бұрыштарды белгілей және салыстыра алады; бұрыштардың түрлерін ажырата біледі (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) бұрышты транспортир көмегімен өлшей алады; бұрыштың градустық өлшемін табады, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығара біледі;  
Бағалау критерийлері: бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгерген, бұрыштарды белгілей және салыстыра алады; бұрыштардың түрлерін ажырата біледі (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) бұрышты транспортир көмегімен өлшей алады; бұрыштың градустық өлшемін табады, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығара біледі;  
Құндылықтарды дарыту: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы-қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру-өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында,мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратынбарлық патриоттардың үлкен еңбегі. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілетіне баулу  
АКТ-ны қолдану дағдылары: сілтемелер, слайд ,Билимленд т.б
Пәнаралық байланыс: География
Бастапқы білім: Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды біледі, есептер шығара алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(7минут)

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын тексеру. Бүгінгі сабақ бойынша ұранымыз: Психологиялық дайындық: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым саған үйір болады. Досың солар табылатын қасыңнан. Оқушыларды топқа бөлу. Үй жұмысын тексеру: «Бұрыштар тәсілі» (мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын тұжырымдап, өздерінің көзқарастарын дәлелдейді). 400 дің 3%-ын 250 дің 9%-ын 70 тің 50%-ын 180 дің 25%-ын Дескриптор:Санның пайызын табады. Есептеулерді дұрыс орындайды. ҚБ –дайын жауап көрсетіледі оқушылар өзін-өзі бағалайды.  

Сабақтың ортасы

(20минут)

Оқушылар сабақтың тақырыбын өздері ашады және мақсатын қояды. Ол үшін берілетін тапсырма: 1. «Сөзжұмбақ»шешу. 1. Жай және ондық .......... 2. Алымы бөлімінен кіші жай бөлшектің атауы 3. Жай санға да, құрама санға да жатпайды 4. Жүзден бір бөлшегі .........деп аталады 5. Квадраттың басқаша атауы 1 2 3 4 5 «Бұрыш» сөзін таптық. Бұл біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Мақсатымыз: бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгереді, бұрыштарды белгілейді және салыстырады; бұрыштардың түрлерін ажыратады (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық) бұрышты транспортир көмегімен өлшейді; бұрыштың градустық өлшемін табады, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығарады; Дескриптор: Жасырын сөзді тауып, тақырыпты анықтай алады. ҚБ: «Үш шапалақ » арқылы бағалау Bilimlend бағдарламасы бойынша түсінік беру. Видеоролик көрсетіледі. Бұрыш, бұрыш түрлері көрсетіледі. 2.«Ойлан, жұптас, топтас»әдісі. Оқушыларға тапсырма беріледі, алдымен оқушылар жеке орындайды, кейін жұптасады, келесіде топта талқылайды. Бұрыштың түрлері сүйір Тік Доғал жазыңқы Толық Бұрыштың шамасы (бұрыштың градустық өлшемі) Кескін суретін салу Дескриптор: Бұрыш түрлерін біледі, градустық өлшемін ажырата алады. Транспортирді қолданып бұрышты сала алады. ҚБ: Қолмен белгі беру Түсінемін және түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы) Мен әлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы) Мен әлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы) Түсінбеген оқушыларға қосымша сұрақ арқылы кері байланыс орнатуға болады? «Құпия зат». әдісі. Оқушыларға зат көрсетіледі. Олар оның не екенін және сабақпен қалай байланысқанын анықтайды. Теодолит. Хабарлама. 1-топ. Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта: 1. Аº (ОШ)=.... 2. Аº(ОБ) =... 3. Аº(СБ) =.... 4. . Аº(СШ) =.... 2-топ. Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді. Транспортирді пайдаланып,суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта. Дескриптор: Бұрыштарды өлшей алады. Сызба бойынша азимутты есептей біледі. ҚБ: . Сергіту сәті: 4. «Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты суреттер салынған. Бір оқушы қобдишадан суретті алып, 1 минутта ондағы суреттің атын атамай сипаттап түсіндіру керек. Сөзді тапқан оқушы келесі суретті алып түсіндіруді жалғастырады. Сағат тілдері бойынша бұрыштың градустық өлшемін сипаттау керек. . Дескриптор: Сүйір, доғал, тік, жазыңқы бұрыштарды біледі, сипаттай алады. ҚБ: топтар смайлик арқылы бағаланады.  

Сабақтың соңы

(10минут)

«Сәйкестендіру» № Тапсырмалар Жауаптары 1 00<а<900 Доғал бұрыш 2 900<а<1800 Жазыңқы бұрыш 3 а=1800 Сүйір бұрыш 4 а=3600 Сүйір бұрыш 5 450 Толық бұрыш Дескриптор: Бұрыштарды біледі, ажырата алады. Сәйкестендірулері дұрыс ҚБ:  

Рефлексия

(3минут)

Рефлексия: «Табыс баспалдағы».

Пікірлер(0)