Тіршілік көзі еңбекте

Тулешова Гулжан Шапековна
Тулешова Гулжан Шапековна
Ақтөбе
Кеңқияқ
Кеңқияқ орта мектебі
Әдебиеттік оқу
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Қоршаған ортаны қорғау
Тақырып:

Тіршілік көзі еңбекте

19.03.2020
81
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелде.

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін,көз қарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Өз ойын, сезімін, көзқарасын ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір айта алады.Оқиға жүйесіне жоспар құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінге жаңа кейіпкер қосып, жаңа сюжет енгізе алады.

Кейбір оқушылар: Мәтінді оқып, оқиға желісін анықтап, қорытынды шығара алады.  

Тілдік мақсаттар:

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері. Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру;

тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.  

Күтілетін нәтиже:

Қоршаған ортаны қорғауды саналарына сіңдіру

Бағалау критерийлері:

Өз ойын, сезімін, көзқарасын ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір айтады. Мәтінге жаңа кейіпкер қосып, жаңа сюжет енгізеді. Оқиға жүйесіне жоспар құрастырады.  

Құндылықтарды дарыту:
АКТ-ны қолдану дағдылары:

Еңбектің кез келген түрін иегерудегі негізгі қасиет ниетті болуға баулу.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, жаратылыстану

Бастапқы білім:

Тақырып бойынша әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп, әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек!

Балалар смайлик таңдау арқылы (белсенді,талапты,ұйымшыл, шығармашыл) топқа бөлінеді.

«Пікіріңді айт» айдары.

Мұғалім: Енді мен сендерге парақшаларды берейін, пікірлеріңді білдіріп жіберіңдер.  Табиғатқа көмектесу үшін өзің қандай іс-әрекеттер жасадың?

Менің еңбек етуім а) қажет емес, себебі...

Мен әлі кішкентаймын Менің асыраушым бар Мен үлкейгенде еңбек етем ...

ә) қажет, себебі ... (Осы кезде сынып есігін біреу қағады.)

Мұғалім: Біреу есік қаққан сияқты. Балалар, есік ашыңдаршы... (Оқушы Еңбек рөліне еніп, балаларға саяхаттаған оқиғасынан парақшалар таратады.  

Кеспе қағаз

Арнайы кесте  

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану «Түсініп оқы» айдары .

Мәтін бөліктерін әр топ түсініп оқып, әңгімелейді.

(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Тіршілік атаулы – бүкіл тіршілік

Топтық жұмыс Еңбекке кездескен тіршілік иелері Еңбекті не үшін жақсы көрді? Тіршілік атаулыға ғажайып өмір сыйлағысы келген Еңбекке қандай баға бересіңдер? («Пікір» парақшасына Еңбекке баға береді)

Дескрипторлар:

1. Барлық тіршілік иелері Еңбекті не үшін жақсы көргенін түсінеді.

2. «Пікір» парақшасына өз ойларын жүйелі түрде жазып, баға береді.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

«Есіңе түсір» айдары. Оқулықпен жұмыс 

Адамға, бір-біріне жақсылық жасаған қандай ертегі кейіпкерлерін білесің?

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Саралау

Барлық оқушылар күнделікті қарап жүрген мультфильм мен кинофильмдерден, ертегілерден мысал келтірсе, көбісі өз өмірінен мысалдар келтіреді. Кейбір оқушылар өзгенің өмірінен тәрбиелік жағдаятын ашып көрсете алады.

Сергіту сәті «Қолтырауын» ойыны

Топтың бір мүшесі ортаға шығып, берілген кейіпкерді қимылмен түсіндіреді.

«Орында» айдары

Жануарлар тіршілігі туралы бейнебаян.

(Т) - Суреттер бойынша мәтіндегі Еңбек сияқты әр елге саяхаттаңдар. - Еңбектің рөліне еніп, ертегі мазмұнына оқиға қосып сөйлеңдер,сахналаңдар.

Дескрипторлар:

1.Еңбектің рөліне еніп, мазмұнын әңгімелейді, сахналайды.

2.Өз ойымен толықтырады.

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Оқушыларға ҚБ тапсырмалары таратылады.  

Парақшалар

Кеспе қағаздар Оқулық  

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Ертегі мазмұны бойынша жоспар жаз.

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

М:Оқушыларға сұрақ қоя отырып, бүгінгі сабақта алған білімін қорытындылауға мүмкіндік беремін.

Оқушылар берілген стикерлерге нені білді, нені түсінбеді, білгісі келетінін өз еріктерімен жазады.  

Арнайы парақтар. Маркер

Файлдар:

Файлды ару Сабақ жоспары

Пікірлер(0)