Фалес теоремасы
Фалес теоремасы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:Фалес теоремасын біледі, түсінеді Көптеген оқушылар: Есептер шығаруда Фалес теоремасын қолдана алады Кейбір оқушылар: Фалес теоремасын қолданбалы есептер шығаруда қолданады |
| Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: бұрыш, ортақ қабырға, параллель түзулер, тең кесінді Диалогқа қажетті тіркестер: -параллель түзулер дегеніміз............. -тең кесінділер дегеніміз .................. -теорема дегеніміз............... -дәлелдеу дегеніміз........... |
| Күтілетін нәтиже: | Фалес теоремасын қолдана отырып есептер шығара алады. |
| Бағалау критерийлері: | -Фалес теоремасын біледі; -Фалес теоремасын қолданады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интерактивті тақта, слайдтар |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих, физика |
| Бастапқы білім: | -параллель түзулер; -кесінділердің теңдігі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (0-5 мин) |
1. Қызығушылықты ояту 2.«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір -бірлеріне сұрақтар қояды бұрыш дегеніміз не? параллель түзулер дегеніміз не? кесінді дегеніміз не? 3. Бүгінгі оқу мақсатын айқындау үшін оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: Берілген АВ кесіндісін тең үш бөлікке қалай бөлуге болады? (Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты мақсатын айқындайды) |
интербелсенді тақта |
|
Сабақтың ортасы (6-37 минут) |
Мағынаны тану.(интерактивті тақта арқылы мәлімет беру) 1. Фалес теоремасы . «Балық қаңқасы» әдісі (оқушылар өздері теореманы дәлелдейді) Дескрипторлар: АОВ бұрышын салады; параллель түзулер жүргізеді; тең кесінділер жүргізеді Қалыптастырушы бағалау: « Бес сұрақ» әдісі (оқушылар сұрақтар дайындайды) Саралау: ресурс немесе мәтін бойынша саралаймын Фалес теоремасын практикада қолдануға тапсырмалар беріледі: Топтық жұмыс:« Ротация » әдісі №1. Аспалы көпірді бекіту кезінде арқандарды орнату үшін үшбұрышты конструкция қолданылды. Бұл үшбұрыштың төбелерін АВС арқылы белгілеп, АВ ретінде конструкцияның 150 м болатын ең ұзын арқанын қабылдайық. Берілген конструкцияның көлденең бетінде (ВС қабырғасы) басқа арқандарды бекітуге арналған екі нүкте белгіленген, олар осы қабырғаны тең 3 бөлікке бөледі. Осы бекіту нүктелері арқылы өтетін арқандардың ұзындықтарын табыңыз, егер олар АВ қабырғасына параллель орналасқаны белгілі болса. Дескрипторлар: есеп шартына сай сызбасын салады; ВС қабырғасындағы нүктелер арқылы АB қабырғасына параллель түзулер жүргізеді (AB||A1B1||A2B2); Фалес теоремасын қолданады; арқандардың ұзындықтарын табады. Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісімен бағалау. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Кері байланыс: мұғалім оқушы Саралау: мақсатқа байланысты қолдану үшін берілген тапсырма №2. (жеке жұмыс) Берілген кесіндіні : 1) өзара тең төрт ;2) өзара тең бес кесіндіге бөліңіз Дескрипторлар: есеп шартына сай АВ кесіндісін салады; кесіндінің басын А және соңы В нүктесін белгілейді; кесіндінің ұзындығын өлшеп алады; Фалес теоремасын қолданады; кесінділерді төрт және бес бірдей бөліктерге бөледі. Қалыптастырушы бағалау: оқушылармен жеке әңгімелесу Саралау : оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау №3. (жұппен жұмыс). Бұрыш қабырғаларымен шектелетін кесіндісі А нүктесінде 2:1 қатынасында бөлінетіндей етіп , бұрыштың ішкі А нүктесі арқылы өтетін түзу жүргізіңдер. Дескрипторлар: есеп шартына сай бұрыш салады; нүктелерді белгілейді; Фалес теоремасын қолданады; нүкте арқылы түзу жүргізеді Қалыптастырушы бағалау: «Көршіңді тексер» әдісі Кері байланыс : оқушы оқушыға Саралау: оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша №4.(Өзіндік жұмыс). ВС кесіндісі берілген . Осы кесіндіні: 1) 1:2; 2) 2:3 қатынасында екі бөлікке бөліңдер. Дескрипторлар: ВС кесіндісін салады; Фалес теоремасын біледі; кесіндіні екі бөлікке бөледі Қалыптастырушы бағалау: «Өзін-өзі » бағалау Саралау: оқушыға жеке қолдау көрсету №5. Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында «Проблемалық есеп» беремін, сонымен оқушылар сабақ басында келесі проблема қойғанбыз және енді шығарайық: Берілген АВ кесіндісін тең үш бөлікке қалай бөлуге болады? Дескрипторлар: -Фалес теремасын қолданады ҚБ: бірін-бірі бағалау. |
Интерактивті тақта, сызғыш, маркерлер, портреттер, флипчарт, оқулық
|
|
Сабақтың соңы (38-39 минут) |
. Ой толғаныс: Кесте. Фалес теоремасын қаншалықты меңгергендігін кестеге толтырады (БББ) Білемін Білдім Білгім келеді Үйге тапсырма: №3 , №4 |
.Оқушыларға БББ кестесін толтыру кестесі |
|
Рефлексия (40 минут) |
.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. Жұмыс жасау кезінде «Ротация » әдісі бойынша топтар басқа топтармен алмасып берілген тапсырмаларын толықтырып, өз ойларын жеткізіп отырды. Оқушылардың білімін саралау мақсатында өзіндік жұмыстарға тапсырмалар берілді. |
.АКТ қолдану ережесімен және жеке, жұппен жұмыс, топтық жұмыс жасау ережелерін сақтау |



Пікірлер(0)