ЖЕМІСТЕРДЕ ДӘРУМЕННІҢ КӨП ЕКЕНІН БІЛЕМІН

ХОДЖАБАЕВА ТЫНЫШГУЛ ТОЛГАНБАЕВНА
ХОДЖАБАЕВА ТЫНЫШГУЛ ТОЛГАНБАЕВНА
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ
№9 ОРТА МЕКТЕП
Әдебиеттік оқу
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Дені саудың - жаны сау
Тақырып:

ЖЕМІСТЕРДЕ ДӘРУМЕННІҢ КӨП ЕКЕНІН БІЛЕМІН

23.12.2019
621
PDF жүктеу WORD жүктеу
ЖЕМІСТЕРДЕ ДӘРУМЕННІҢ КӨП ЕКЕНІН БІЛЕМІН

Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 түрлі дереккөздерден ақпарат алу.  

 

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: түрлі дереккөздерден жемістердегі дәрумендер туралы ақпарат алады;

Көптеген оқушылар: түрлі дереккөздермен жұмыс жасай алады;

Кейбір оқушылар: түрлі дереккөздерге сай жемістердің пайдасын, жемістердегі дәрумендер түрлерін басқаларға түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Түрлі дереккөздерден жемістердегі дәрумендер туралы ақпарат ала алады; түрлі дереккөздермен жұмыс жасайды; Түрлі дереккөздерді пайдалана алады; Түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, оларға дәлел келтіреді. Түсінгендерін басқаларға жеткізе алады.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(3 минут)

Ширату жаттығуы. «Аялдама» Балаларды топқа бөлу.

Қызыл алма, сары алма, жасыл алма, көк алма карточкаларын беру арқылы:

1 топ – А дәрумендері

2 топ – В дәрумендері

3топ – С дәрумендері

4 топ – Е дәрумендері


«Ой қозғау» Балаларға сабақ басында бүгінгі сабақ тақырыбын болжату үшін мынадай сұрақтар қойылады:

1. Дүниедегі ең қымбат нәрсе? Дұрыс, денсаулық.

2. Денсаулыққа пайдалы қандай тағам түрлерін білесіңдер?

3. Балалар бір апта бұрын жеген тағамдардың тізімін айтыңдаршы?

4. Ал енді осы тағамдарың ішіндегі жемістерді атаңдар және жемістердегі дәрумендер туралы не білесіңдер?

5. Дәруменге бай жемістерді дәптерге тізбектеп жаз. Балалармен бірге бүгінгі тақырыпты болжап, сабақ мақсатын балаларға айту.  

5e00f0f8a7975.jpg

Сабақтың ортасы

(3-15 минут)

(ТЖ) 1 тапсырма «Бес сатылы эссе жазу» моделі. Ал енді сендер өздерің түрлі дереккөздерен жемістердегі дәрумендер туралы ақпарат іздейсіңдер, ақпараттағы: - Жемістердегі дәрумендер туралы негізгі идеяларды анықтап аласыңдар;

- Қатемен жұмыс

- Қателіктеріңді топ ішінде анықтайсыңдар;

- Қалыпқа келтіру жұмыстарын жасайсыңдар;

- Сыныптың алдында өз жұмыстарыңды қорғайсыңдар.  

Саралау: Оқушылардың қажеттілігіне байланысты көмек көрсету. Өздерінен не күтілітінін түсінгендеріне көз жеткізу.

Қ/Б: топтар бірін бірі бағалайды. «Әткеншек» әдісі арқылы. Топтардың жазған жауаптарына сай, бірінші топ екінші топтың жауабымен келіскен жағдайда – «құс тұмсық» қояды, келіспеген жағдайда «-» қойып, толықтырады. 

2. Мәтінмен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Балаларға «Аурудың себебі» мәтіні тыңдатылады. Сол мәтін бойынша балалар өз ойларымен жұппен талқылайды.

Талқылау сұрақтары: - Бұл аудиожазбадана қандай мағлұмат ала адың?

- Қандай қорытынды шығаруға болады? 

         Қалыптастырушы бағалау: белсенді қатысқан оқушыларды смайликпен бағалау:

Жемістердің пайдасы туралы толық білдім;

Мәтінді түсіне алмадым.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»  

3 тапсырма: «Ара ұясы» әдісі. «Аурудың себебі» мәтіні бойынша балалар:

1 топ. Мәтінді бөліктерге бөледі. Әр бөлікке ат қояды.

2 топ. Мәтінге сай жоспар құрады.

3 топ. «Дәрумендерге бай жеміс-жидектер» тақырыбына өздері ертегі/мәтін құрастырады.

4 топ. Дереккөздерден дәрумендердің пайдасы туралы мәлімет жинап, оны дәлілдейді.

Саралау: Деңгейлік тапсырмалар берілді. Қажеттілігіне сай қолдау көрсетілді.

Қалыптастырушы бағалау: «5-5-1» тәсілі. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.  

5e00f2c04a53d.png

5e00f3224aef1.png

Сабақтың соңы

(5 минут)

4 тапсырма. «Шеберлігіңді шыңда» әдісі. Топтарға жемістердің суреті бар стикерлердің артында 4 жұмбақ, 2 мақал жазылған. Сол 4 жұмбақтың жауабын тауып, 2 мақалдың ізін жалғастырып жазу керек. Мақалдарды толықтырып оның қандай мағынада айтылғанын, қай жерге қолдануға болатынын әңгімелеп беру керек.

Жұмбақтар: 1. Бұтағында қазығы Ортасында азығы. (алма)

2. Жасыл алма дөңгелек Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)

3. алма дерсің түсіне қарап, Жүгері дерсің ішіне қарап, Татсаң тәтті, бал шәрбәті. (анар)

4. өзі қызыл өзі қызық, Ортасында бір сызық. (шабдалы)

Мақалдар: 1. Жеміс жеміске қарап өседі. 2. Жаман ағаштың жемісі де кеміс. 

 

5e00f6994f41d.jpg5e00f6c216736.jpg5e00f774c66b4.jpg

Қорытындылау

(5 минут)

Қорытындылау. Кері байланыс: «Бағалау ағашы». Оқушылар себеттегі жемістер түріндегі жапсырма қағаздарды алып, тақтаға іліген ағашқа өздерінің ойларын жазып, жапсырады:

Алма: бүгінгі сабақта жемістердегі дәрумендер туралы түсінгенім мол, маған өте қызық болды.

Алмұрт: дәрумендер туралы көп нәрсені білдім, маған пайдалы болды.

Банан: бүгінгі сабақты түсінбедім;

Қарбыз: сұрағым өте көп.


«Рефлексиялық нысана»

Белсенді қатыстым

Қызықты болды 5 4 3 2

Түсінікті болды

Жаңаны білдім

«Зерттеу, зерделеу» арқылы үй тапсырмасын беру. Үй жұмысын саралау. Судың қаупі туралы мағлұмат жинау. Суда сақ болу ережелерін құрастырып келу. Судың пайдасы туралы біліп келу.   

5e00f58579b6c.jpeg5e00f854eb8a4.png

Файлдар:

Файлды ару Жемістерде дәрумендердің көп екенін білемін

Пікірлер(0)