"Қызыл кітапқа" енген жануарлар
"Қызыл кітапқа" енген жануарлар
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.1.5.1 — перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау; 8.4.4.2 — нақтылық демеуліктерді жазбаша жұмыстарда қолдану |
| Сабақтың мақсаты: | Мәтіннен ақпаратты табу дағдысын дамыту; Мәтін бойынша ой қорытындысын жасай алу; Нақтылық демеуліктерді анықтау; Оларды сөйлемдерде қолдану. |
| Тілдік мақсаттар: | Жойылып кету қаупі, төлқұжаты, сирек кездесетін түрлер, саны күрт азайып бара жатқан түрлер |
| Бағалау критерийлері: | Мәтіннен қажетті ақпаратты табады; Мәтін бойынша ой қорытындысын жасайды; Нақтылық демеуліктерді табады; Оларды сөйлемдерде қолданады. |
| Құндылықтарды дарыту: | қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интерактивтік тақта арқылы бейнематериал тамашалау |
| Пәнаралық байланыс: | биология, экология, география |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5-7 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау. Оқушыларға «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі .....» сөйлемді жалғастыру арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызу. Қызығушылықты ояту «4 сурет 1 сөз әдісі». Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа енген жануарлар». Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру . Бейнематериал тамашалау |
https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y |
|
Сабақтың ортасы (30 мин) |
1- тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер. - Қызыл кітап не үшін керек? - Қызыл кітапқа енген қандай жануарларды білесіңдер? - Олар қай жерлерді мекендейді? - Олар немен қоректенеді? - Оларды адамдар не үшін аулайды? - Ауылыңда Қызыл кітапқа енген жануарлар немесе құстар бар ма? 2-тапсырма. «Жүгіртпелі диктант» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жасау. Суретпен жұмыс Қызыл кітапқа енген жануарларды көрсету Мәтін тарату. 3-тапсырма. Мәтінді оқиды. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап,ой тұжырымдайды. Сергіту сәті. «Пазыл құрастыру» 4-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны арқылы демеуліктерді қолданып, сөйлем құрастырады. |
|
|
Сабақтың соңы (3 мин) |
5-тапсырма. Жер бетінде жануарлар жойылып кетсе, не болады деп ойлайсың? «Ашық микрафон» деген айдармен өз жазғандарын оқиды. . |
|
|
Рефлексия (2 мин) |
Кері байланыс: «Блоб ағашы» Үй тапсырмасы. Оқулық, 57-бет, 11-тапсырма |
Оқушылар стикер арқылы өз орындарын белгілейді |
Пікірлер(0)