Жол белгілерін білеміз бе?
Жол белгілерін білеміз бе?
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 5.О.5.1 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: - Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді; Сұрақтар құрастыра алады; Оқушылардың басым бөлігі: - Мәтін бойынша негізгі ойды анықтау үшін сұрақтар құрастырып, анықталған ойды талқылайды. Кейбір білім алушылар орындай алады: - Жетекші сұрақтар арқылы анықталған ойға байланысты өз пікірін білдіреді. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жол, белгі,көлік, жүргінші. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жол белгілері, жол қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілер, жаңа ережелер, тыйым салу белгілері, қызмет көрсету белгілері, ескерту белгілері, басымдылық белгілері. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Жол белгілерін білу қажет пе? Не себепті ... деп ойлайсыз? Не себепті жол белгілерін білу керек деп ойлайсыңдар? |
| Күтілетін нәтиже: | - Ақпаратты өз бетінше ұғынады; - Өзінің сыныптастарының білім алуына жауапкершілікпен қарайды; - Өз ойларын еркін жеткізе алады. |
| Бағалау критерийлері: | • Мәтідегі нақты ақпараттарды анықтайды; • Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады; • Сын есімнің түрін ажырата біледі, |
| Құндылықтарды дарыту: | Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта, слайд, аудио, видео жазбалар |
| Пәнаралық байланыс: | Құқық, Өзін-өзі тану |
| Бастапқы білім: | Көлік және жол белгілері туралы білімдері қалыптасқан |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (7 минут) |
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Өз-өзіңді таныстыр» сын есімдердің біреуін таңдап, өз есіміне қосып айту. 3. Оқушыларды топқа бөлу. Жол белгілері суреттері арқылы 3 топқа бөлу. «Ескерту», «Тыйым салу», «Қызмет көрсету» белгілері арқылы үш топқа бөлу. 4. Үй тапсырмасын тексеру. 1). «Миға шабуыл» әдісімен сын есім бойынша білімдерін жинақтау. 1) Сын есім қандай сөз табы? Сұрақтары? 2) Сын есім жасалуына қарай қалай бөлінеді? 3) Негізгі сын есім дегеніміз? Мысал. 4) Туынды сын есім қалай жасалады? Мысал. 5) Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді? Мысал. 2) «Сын есімді сөйлет». Семантикалық карта. Есімдеріне сәйкес сын есімге сипаттама береді. Мысалы: шырайлы – туынды, дара 5. «Серпілген сауал» әдісімен тақырыпты болжау. Біз ауылдық жерде тұрамыз. Бізге жол белгілерін білу қажет пе? |
Топқа бөлу қима суреттері Бағалау парағы Семантикалық карта |
|
Сабақтың ортасы (26 минут) |
Оқылым алды. BILIMLand Бейнероликті көрсету Оқылым тапсырмасы: 7-тапсырма 1-қадам. «Сұрақ – менен, жауап – сенен» . Мәтіннің І бөлігімен танысу, 1 сұрақ дайындап басқа топтарға қою, сұрақтарға жауап беру. 2-қадам. Топтық жұмыс. ЖИГСО 1-кезең. Мәтінді топ ішінде №1, №2, №3 бөліктерге бөліп танысу 2-кезең. Нөмерлеріне сәйкес топ болып бірігіп, бір-біріне түсіндіру. 3-кезең. Топ мүшелері қайта өз орындарына барып, жалпы мәтіннің басын біріктіру, топ ішінде түсіндіру. 4-кезең. Мәтіннен 3 ақпаратты анықтап, сын есім сұрақтарын қатыстыра отырып сұрақтар дайындап қою. Дескриптор: - мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтайды; - анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады. Бағалау: Бағдаршам түсі Сергіту сәті. Мына жол белгілерін қайда қояр едің? Оқылымнан кейін Тілдік бағдар. Жеке жұмыс. 8-тапсырма. Мәтіннен 10 сын есім теріп жазып, сұрақ қою. Бағалау: «Автор орындығы». |
«Қазақ тілі» оқулығы, "Атамұра" баспасы Слайд Жол белгілері суреттері |
|
Сабақтың соңы (3 минут) |
Кері байланыс. "2 жұлдыз, 1 тілек" әдісімен оқушылар бір-біріне баға береді. Үй тапсырмасы Эссе. Жол белгілерін білу не үшін керек? |
Жұлдызша, жүрек стикерлері |
|
Рефлексия (4 минут) |
Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы мұғалім кез келген оқушылардың көтерген түстеріне қатысты пікірлерін сұрайды. «Бүгінгі жұмысымды қалай бағалаймын?» Жасыл- мен сабақта өте белсенді жұмыс жасадым. Сары- тапсырма маған қиын болды, бірақ мен орындадым. Қызыл- маған көмек қажет. |
Бағдаршам |

Пікірлер(0)