.Натурал сандаржәне 0 саны. Бөлшектер

Ербалина Слушаш Нурбаевна
Ербалина Слушаш Нурбаевна
Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Бастау ауылы №2 орта мектебі
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандар және цифрлар
Тақырып:

.Натурал сандаржәне 0 саны. Бөлшектер

20.03.2020
1473
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): -1.1.1.2 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сабақтың мақсаты: -Барлық оқушылар: • 0-ден 10 көлеміндегі е сандарды айтады. • 1-ден 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. • Натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Көптеген оқушылар: • Цифрларды жазады; • 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды құрайды. • 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды салыстырады. Кейбір оқушылар: • 20 көлеміндегі сандардың құрамын анықтайды. • Екі таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейді.  
Тілдік мақсаттар: -• Сандық заңдылық қалай құрылғанын жəне əрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады.
Күтілетін нәтиже: -• Санның орналасуына байланысты сандық түзу сызық бойынша санаудың "қадамдық" түрленімі. • Ұяшықтарды бояу арқылы санау заңдылықтарын зерттеу, осы заңдылық жалғасын таба алатыны туралы түсініктің қалыптасуы.   
Бағалау критерийлері: -• 11-ден 20 көлеміндегі сандарды оқиды және жазады. • 20 көлеміндегі сандарды салыстырады.  
Құндылықтарды дарыту: -Оқушылар бір-бірінің пікірін құрметтеу. Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасауға баулу.  
АКТ-ны қолдану дағдылары: - интербелсенді тақта, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: - қазақ тілі, ағылшын.
Бастапқы білім: -• 1-ден 10-ға дейінгі сандарды атай алады. • 1-ден 10-ға дейін оң және кері санай алады. • Екі таңбалы, бір таңбалы сандарды бір-бірінен ажырата алады. • Натурал сандар қатарындағы орнын анықтай алады. • Заттарды салыстыра алады. • Артық,кем,тең ұғымдарын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

-     Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері Армысың досым, Кел, маған қосыл (қолымен шақырады). Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды). Жер шарындай айналып, Әлемге жарық ұқсайық (айналады). Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады). Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық (құшақтасады). Топқа бөлу. «Артық», «Кем», «Тең» «Миға шабуыл» Сұрақтары бар қорап 1-10 дейін тура,кері сана. Екі таңбалы сандарды ата. Келесі санды атай аласыз ба? Алдыңдағы санды атай аласың ба?  

Сабақтың ортасы

(23 мин)

-Ойын: Сыныпты екі топқа бөлемін. «Бүгін сендер сандар балына шақыру алдыңдар.Бірінші топқа 1 цифры жазылған парақшалар таратылады.Екінші топқа 0- ден 9-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар таратылады.Музыка ырғағымен «сандар»бір-бірден билейді.Балға шақырылған барлық сандар бір-бірімен танысады.Олар қалай аталатынын және неге солай аталатынын сұраймын.(бір таңбалы,себебі олар тек бір цифрдан тұрады) Енді жұппен билейміз. «1» цифры бар оқушы өзіне жұпты екінші топтан таңдап алуы керек. «Ондықтар», «Бірліктер» жазылған тәж тақтада бекітіліп тұрады.Тақтаға шыққан оқушылар осы тәждің астына тұрады.Басқа оқушылар осы құрастырылған екі таңбалы сандарды оқиды.Сөйтіп кезектесіп келіп екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды құрады. Сандарды оқытамын. Кері байланыс: • Бұл сандар неге екі таңбалы сандар деп аталады?(Екі таңбалы деп аталатын себебі оның жазылуында екі цифр қолданылады) • Келесі санды атай аласыз ба? • Заңдылық қайталана ма? • Сандардан заңдылық көрініп тұр ма? • ...бұл сан келесі болады? • ... бұл сан берілген тізбекте келесі бола алма Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін. Мұғалімнің түсіндірмесі:Санның жазылуындағы әрбір цифрдың анықталған орны бар (позициясы).Разряд -бұл санның жазылуындағы цифрдың тұратын орнын білдіреді.Санның жазылуындағы цифрдың мағынасы қай разрядта тұрғанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Разрядтар санның соңынан бастап саналады.Бірліктер разряды –бұл кез келген сан аяқталатын ең кішкене разряд.Ондықтар разряды-бұл бірліктер разрядының алдында тұратын разряд.Егер санда разряд жоқ болатын болса,санның жазылуында оның орнына 0 (нөл) цифры тұрады. Ұжымдық жұмыс:Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? (Үйдің немесе пәтердің нөмірі,автобустың нөмірі,электрондық сағаттың цифры,ойыншының кеудешесіндегі нөмір т.с.с.) Кері байланыс: Сенің үйіңнің нөмірі неше? Дене шынықтыру сабағында нешінші тұрасың? Бағалау: Мадақтау арқылы «Жарайсың!» 1-тапсырма Топтық жұмыс: 1-топ: Санды жазамыз:12,14,16,17,19,20,13,15,11,18 2-топ: Берілген сандарды вагондарға өсу ретімен орналастыр:20,13,17,12,15,14,19,16,11,18 3-топ:Моншаққа сандарды кему ретімен орналастыр:14,17,16,19,12,15,13,11,18,20 Кері байланыс: -Келесі санды қалай таптың? -Алдыңғы санды қалай таптың? Бағалау: Бағдаршам 2-тапсырма Жұптық жұмыс:Қолдарындағы сан жазылған парақшамен жұптасады.1-1(11)1-2(12)1-3(13)..... 1-ші қатардағы машиналардың нөмірін бір оқушы оқиды,жұбы сол сандарды жазады. (рөлдері ауысады)         

Сабақтың соңы

(7 мин)

-Бәйге” ойыны:Ойын тәртібі:Мұғалім сандарды айтады.. Ойыншылар жауап-сандар жазылған парақшବларды көтеруі тиіс. -Сандар үлгілері: 12,15,13,11,20,19,17,14,16,18 атаймын. -17,15,13,20,14 сандарын атаймын оқушылар қолдарындағы ресурсқа жазады. — Қолдарыңдағы сандардың ішіндегі ең кіші сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы? Қандай сандарды екі таңбалы сандар деп атаймыз? -11-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегін ата. Бұл сандарда 1 ондық және 6 бірлік бар.Бұл қандай сан? Бұл санның «көршілері» 13 пен 15.Бұл санды ата. — Қай сан 11-ден 2-ге артық? — Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?  

Рефлексия

(5 мин)

-Рефлексия. Сабақта. Мен білдім... Мен үйрендім... Мағанұнады.... Мен қиналдым....      

Файлдар:

Файлды ару сабақ жоспары

Пікірлер(0)