Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Барлығы: параллелограммның және ромбтың ауданының формулаларын біледі және қолданады Басым көпшілігі: параллелограм және ромбың аудандарына арналған кері есептер құрастырады және шығарады Кейбіреулері: параллелограммның және ромбтың ауданы туралы теоремаларды өздері тұжырымдай алады |
Тілдік мақсаттар: | Формулаларды дұрыс оқи біледі, формулаларды тұжырымдай біледі Параллеллограммның ауданы, ромбтың ауданы Сөз тіркестері: қабырғасы мен сол қабырғасына түсірілген биіктіңтің көбейтіндісі Екі көршілес қабырғалары мен олардың арасындағы бұрыштың синусы Диагональдерінің көбейтінділерінің жартысы |
Күтілетін нәтиже: | Параллелограмм және ромбтың ауданының формулаларын біледі, қолданады, Формулаларды пайдаланып кері есептер шығарады |
Бағалау критерийлері: | Параллелограмм және ромбтың ауданының формулаларын біледі, қолданады Формулаларды пайдаланып кері есептер шығарады |
Құндылықтарды дарыту: | • Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | bilimland.kz ресурсындағы, геометрия-планиметрия- төртбұрыштардың ауданы курсын орындау |
Пәнаралық байланыс: | Алгебра, информатика |
Бастапқы білім: | Көпбұрыштардың ауданы, тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы. Параллелограмм және ромбтың белгілері мен қасиеттері |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (1-3 минут) |
Тренинг. «Елімнің мақтанышы болу үшін...» оқушылар шеңбер бойымен тұрып сөйлемді аяқтайды, қолпаштайды. Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар арқылы сынып шағын топтарға бөлінеді. |
Үлестірме қағаздары |
Сабақтың ортасы (4-30 минут) |
ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС әдісі бойынша жаңа материалды игеру тапсырылады. Оқушыларға оқулық бойынша параллелограммның ауданын табуға арналған формулаларды қорытып шығару тапсырылады. Оқушылар әрқайсысы жеке ойланып, жұптасып ең үздік пікірлері топта талқыланады . Дескрипторлар: S=a*ha немесе S=b*hb формулаларын қорытып шығарады S=absina формулаларын қорытып шығарады Жоба қорғау әдісі. Мәселе -1: Ромбтың ауданын неліктен S=a2sina формуласымен есептеуге болатынын дәлелдеу. Мәселе -2: Ромбтың ауданы оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысыны тең екендігін дәлелдеу. Бас бармақ тәсілі бойынша бағаланады Мен түсінемін Мен түсінгендеймін Мен түсінбедім Кім алғыр? Оқушыларға практикалық бағыттағы тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі 1.Қабырғалары 10 және 16 және олардың арасындағы сүйір бұрышы 600 болатын параллелограммның ауданын есептеңіз. 2.Ауданы 36 см2 ал сүйір бұрышы 300 болатын ромбтың ауданын есептеңіз . 3. Параллелограмның қабырғалары 18 см және 24 см. Параллелограммның ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 10 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап. Дескрипторлар: Есепті шешу алгоритмін дұрыс құрады Сызбаның дұрыс құра алады Формуланы дұрыс пайдалана алады Есеп шешімін таба алады Компьютерде жеке жұмыс: bilimland.kz ресурсындағы, геометрия-планиметрия- төртбұрыштардың ауданы курсын орындау 7, 8 жаттығулар |
Оқулық, флипчарт формулалар https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/tortburyshtar/lesson/tik-tortburyshtyng-parallelogramnyng-zhane-trapecziyanyng-audany |
Сабақтың соңы (31-35 минут) |
Бағалау. «Допты лақтыру» тәсілі арқылы оқушылардың жеке пікірлері тыңдалады. Оқушыларда өздерін қалай бағалайтындары туралы қысқаша мәлімет береді Үйге тапсырма. Зерттеу жұмысы. Периметрлері бірдей фигуралардың аудандары бірдей бола ма? |
|
Рефлексия (36-40 минут) |
Рефлексия. «Өз ойым» Оқушыларға сөйлемдегі көп-нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қою ұсынылады. 1. Осы сабақтан ... есімде қалды 2. Сабақтың ...бөлімі мен үшін маңызды болды 3. Келесі сабақтың .... өткенін қалаймын |
кеспе қағаздары |
Пікірлер(0)