М. Мақатаев «Мен таулықпын»
М. Мақатаев «Мен таулықпын»
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6. Т1. Тұрмыстық- әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. 6.А6. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгімені құрастыру. |
| Сабақтың мақсаты: | • Тұрмыстық –әлеуметтік тақырыптағы жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын анықтау; • Тақырып бойынша жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну; • Тірек сөздер және сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрастыру. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушыларорындайалады: Суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыруда жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолдана алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:киік сүтін, дәу бесігім, жай оты, қыранның қанатынан, бұлт бүркеніп, жай оты. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Өлеңді тыңдау кезінде маған әсер еткен ….. Менің ойымша ….. Талқылауға арналған сұрақтар: - Өлең не туралы? - Анасын неге теңейді? - Ненің сүтін еміпержеткен? - Неден қуаталған? - Тау оның қандай бесігі? - Неден жаратылған? - Тауға барып не істесем дейді? - Ненің қанатынан ұстасам дейді? - Қайда ұшсам дейді? ишара: |
| Күтілетін нәтиже: | Білу, түсіну, қолдану |
| Бағалау критерийлері: | Өлеңдегі тұрмыстық –әлеуметтік тірек сөздердің мағынасын анықтай алады; Тірек сөздер мен жаңа сөздердің мағынасымен байланыстырып түсінеді; Тірек сөздер мен сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрастыра алады. |
| Құндылықтарды дарыту: | «Мәңгілік Ел» жалпы қоғамдық құндылығы: қарым-қатынас жасау қабілетіне үйрету, өзгелердің мәдениетін және көзқарасын бағалау, тарихи мұрамызды мұқият сақтау. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
| Пәнаралық байланыс: | Әдебиет |
| Бастапқы білім: | М Мақатаев өмірбаянын біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Пазл арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді. Сурет қиындылары сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігеді.
«Ассоциативті қатар» әдісі. «Тау» деген сөзге ассоциация жасау. (биік, шыңдар, аң-құстар, шыңында қар, тау бөктері) Бүгін біз М. Мақатевтың «Мен таулықпын» өлеңімен танысамыз.Осы өлеңді аудиотаспа арқылы тыңдаңдар. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Тұрмыстық –әлеуметтік тақырыптағы жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашу; Тақырып бойынша жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну; Тірек сөздер және сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрастыру; Тыңдалымалды тапсырма. Оқушылар «Қара- жап-айт--тексер» әдісін қолдану арқылы жаңа сөздерді меңгереді. 1. Сөзге қараңыз. 2. Оны жауып тастаңыз. 3. Оны ауызша айтып шығыңыз. 4. Оны есте сақтауыңыз бойыншы жазыңыз. 5. Жазғанды тексеріңіз. 6. Сөздермен сөйлем құрастыр. таулық-горец, ержеткенмін- я вырос, қуат алып –получил энергию, алып жүрек- крепкое богатырское сердце желпиді- веет, колышится, жай оты –огонь молнии, бесік –колыбель, тұлға –личность, еміп –вскормленный |
https://www.youtube.com/watch?v=ZfYvp9VUvDY |
|
Сабақтың ортасы |
Тыңдалым кезіндегі тапсырма. ЖЖ.«Джигсо карточкасы» әдіс.Аудиомәтіндегі тірек сөздермен оныңмағынасынсәйкестендіріп, анықтаңдар. Тірек сөздер Мағынасы 1. Киік сүтін еміп ержеткенмін Баланы бөлеуге арналған ағаш төсек 2. Тау менің -дәу бесігім Ана сүтімен бойыма күш дарыған 3. Ұстап алып, қыранның қанатынан Күш - қуат алған 4. Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам Алысқа көкке ұшу Дескриптор. • Тірек сөздердің мағынасын анықтайды; • Тірек сөздердің мағынасын түсінеді; КБ. «Су таразы» әдісі. Екі стақан су құйылған біреуінде «+», екіншісінде «–» жазылған. Оқушылар орындалған тапсырма бойынша өз пікірлерін айта отырып, суды құяды. Мысалы: жұмыс жақсы орындалса «+» стақанынан «–» стақанына құяды. ҚБ. Тірек сөздерді сәйкестіргенде қиын болды ма? ТЖ. «Конверт сұрақтар» әдісі. Берілген сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырыңыз. Тірек сөздер:биік тау, жай оты, қыранның қанатынан, бұлт бүркеніп, киіктің сүтін еміп. Берілген тірек сөздерді сөйлемдерге дұрыс орналастырып, әңгімені баянда. (киік сүтін, дәу бесігім, жай оты, қыранның қанатынан, бұлт бүркеніп) Тау дейтін алып жүрек Ана туған, Мен таулықпын! Таудан мен жаратылған. ...... ..... еміп ержеткенмін, Қуат алып қыранның қанатынан. Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам, ..... ..... ...... ..... ала туғам Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман. Тау ұлымын, Тау - ...... ...... , Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің. Мен – таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Тау деген Ана туған дара тұлғам .... Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен? Ұстап алып ...... ....... . Дескриптор. • Тірек сөздерді дұрыс орналастырып әңгімелейді . • Сюжетті суреттерді қолданып, әңгіме құрастырады; • Берілген тірек сөздер мен суреттерді қолданып әңгіме құрастырады; КБ. Сын-пікір –Сэндвич. Маған ұнады ....... Неге десеңіз ........ Түзету керек ....... Сергіту сәті. «Біз де» Мен биік тауға бардым .... (оқушылар: біз де) Тауға өрмеледім ..... Таудан құлап түстім ...... «Интервью» әдісі. Сабақты қорытындалау. - Өлең не туралы? - Анасын неге теңейді? - Неніңсүтінеміпержеткен? - Неденқуаталған? - Тау оның қандай бесігі? - Неден жаратылған? - Тауға барып не істесем дейді? - Ненің қанатынан ұстасам дейді? - Қайда ұшсам дейді? КБ.«Бағдаршам» әдісі ҚБ.Сұрақтар жауап бергенде қиыншылық болды ма? |
Үлестірмелі қағаз.
|
|
Сабақтың соңы |
«Өз орыныңды тап» әдісі. Сабақта өздерінің жауап берулері мен сабақты түсіну есепке ала отырып, таудан өз орындарын табады. -Мен өзімді таудың бөктерінде деп санаймын, себебі..... -Мен өзімді таудың баурайындамын деп санаймын, себебі ..... -Мен өзімді таудың шыңындамын деп санаймын, себебі ...... |
|
|
Рефлексия |
Рефлексия. Таудың ең жағы не деп айтады?- таудың етегі Таудың ортасы не дейді? – таудың бөктері Таудың ең басын не деп айтады? –таудың шыңы |






Пікірлер(0)