Шығыс септік

Каримова Бакытханым Сагидуллакызы
Каримова Бакытханым Сагидуллакызы
Ақтөбе
Хромтау
Хромтауская средняя школа №3
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Қоршаған ортаны қорғау
Тақырып:

Шығыс септік

04.04.2020
94
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.4.2.3 – зат есімді септеу, тəуелденген сөздердің септелуін білу..
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: • Сөйлемнен шығыс септік жалғаулы сөздерді таба алады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Шығыс септік жалғауларын біледі Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  
Тілдік мақсаттар:
Күтілетін нәтиже:  Сөйлемнен шығыс септік жалғаулы сөздерді таба алады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Шығыс септік жалғауларын біледі Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  
Бағалау критерийлері: Шығыс септігінің жалғауларын біледі. Шығыс септігінің сұрақтарын ажырата алады.  
Құндылықтарды дарыту: Адамгершілік, еңбекқорлық.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Электронды тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Бастапқы білім:

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Сəттілік біздер тілейік: Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік: Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Ұ)Семантикалық карта Сөздер Атау септік Ілік септік Барыс септі Табыс септік Жатыс септік Бөлмеде, құмда, Айданада Суретшінің, аға тың, оқушылардың Оқушы, кітап, ағаштар Шеңберді, саңырауқұлақты, Әсемді Ауылға, мектепке,Сәулеге ҚБ: оқушылардың жауаптарына, іс-əрекеттеріне бақылау жүргізіп, белгілеп алу арқылы бағалау; Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

Сабақтың ортасы

62-жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау. Мəтінді мұқият тыңдау. Балалардың зейін қоюын қадағалау. Сұрақтар: – Мəтін не туралы? – Ата қоян кенжесіне не берді? – Сұр көжек неге бұртиды? – Ол неге аш қалды? (Т) Мəтіндегі нақыл сөздерді табу. Нақыл сөздерді тауып, мағынасын топта талқылау. Көжектердің қуанғанын жəне ренжігенін ым-ишара арқылы көрсету. ҚБ: – өзара бағалау; 63-жаттығу. (Ө) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Аттан биік, Қойдан аласа Шешуі: ер-тоқым. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою арқылы олардың қай септікте тұрғанын анықтау. Жаңа ақпарат. Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? неден? кімдерден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігі атау септіктегі сөзге -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды. 64-жаттығу. (Ө) Мəтінді көшіріп жазу. Оқулықта берілген мəтінді оқып, көшіріп жазады. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады. Мəтіннен шығыс септіктегі сөздерді тауып, астын сызады. Түсіндірме сөздікпен жұмыс. Қақтан –жауын-шашыннан соңтақыр жерге іркілген су ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол. 65-жаттығу. (Т) Зат есімді табу. Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тауып, шығыс септік жалғауының əртүрлі жалғану себебін түсіндіру. «Дəптер алмасу» ойыны арқылы бір-бірінің дəптерлерін тексеру арқылы,кері байланыс беру 66-жаттығу. (ЖЖ) Мақалды көшіріп жазу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, мақалды көшіріп жазу. «Дəптер алмасу» ойыны арқылы бір-бірінің дəптерлерін тексеру арқылы,кері байланыс беру Сергіту сәті! Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгіргіміз келеді, Əдемілеп əн салып. 67-жаттығу. (ЖЖ) Дəлелдеу. Кесте бойынша берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дəлелдейді. ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол.  

Сабақтың соңы

ТЕСТ ЖҰМЫСЫ: 1.Қазақ тілінде неше септік бар? а ) 6. ә )7 б) 5 2.Сөйлемнен шығыс септікте тұрған сөзді тап: Кеше Сауледен хат келді. 3.Шығыс септігінің сүрақтарын тап. а) Кімде? Неде? ә ) Кімнің? Ненің? б ) Кімнен?Неден? 4.Шығыс септікте тұрған сөзді тап. а ) Мектептен ә ) Мектепте б) Мектептің 5.Шығыс септігінің жалғауларын тап. а )-да,-де,-та,-те ә)-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті б)-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен.

Рефлексия

«Өз жұмысыңды бағала» рефлексия Бірінші тұрған «сауатты жазу» Екінші тұрған «көркем жазу» Үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.  

Файлдар:

Файлды ару Шығыс септік

Пікірлер(0)