Тыныс алу құпиялары
Жаратылыстану
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Тірі табиғат Адам
Тақырып:
Тыныс алу құпиялары
25.12.2019
109
3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 3.2.3.1. адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.2.3.3.тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; |
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Көпшілік оқушылар: тыныс алу жүйесін және оның адама ағзасындағы рөлін сипаттайды;

Кейбір оқушылар: ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кешіліктерін ажыратады;

Бағалау критерийлері |
Ішкі ағзалардың орналасуын анықтап, тыныс алу жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды;

Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық , өмір бойы білім алу; |
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, еңбек,әдебиеттік оқу |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, кеспелер |
Тілдік құзыреттілік | Көкет |
Бастапқы білім | Бұрыннан бар білімді белсендіру, сүйену |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы: (5мин) |

*Ұйымдастыру кезеңі Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам жасаймыз. * Оқушылардың тілегі - Өзімізге сәттілік! - Сіздерге де сәттілік! - Бәрімізге сәттілік! *

Өткен сабақты пысықтау «Ия, жоқ» -Ауасыз өмір сүре аламыз. - Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше – мұрын. -Ауа тек қана далада болады. - Оттегі – таза ауа. - Асқорыту мүшесі – өкпе. - Ауамен тек қана адамдар демалады. -Таза ауа өпкеге кеңірдек арқылы енеді. - Күн сайын таза ауада серуендеу зиян. - Дені сау адам аурушаң. - Өз денсаулығың өз қолыңда.

«Артығын алып таста»

-Алдарыңда «Тыныс алу мүшелері» тақырыбына байланысты сөздер берілген. Алайда, сол тақырыпқа сай келмейтін сөздер бар. Сол сөздерді сызып тастаңдар. асқазан тоқішек кеңірдек өкпе ауатамырлар өңеш ауызқуысы мұрын жұтқыншақ жүрек.

Сабақтың ортасы: (25мин) |

Жаңа сабақ Видео көру 3мин.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/tynys-alu-musheleri

*Оқулықпен жұмыс -Мәтінді оқу, талқылау - Көкет деген не? Көкет- көкірек пен құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ бұлшық ет.Көкет тыныс алуға көмектеседі.

Ауаның саяхаты - Ауаны жұтқанда бірінші қайда барады? (мұрын)

-Мұрын қандай қызмет атқарады?

-Мұрыннан кейін қайда түседі? (кеңірдекке)

- Ауа өкпеге не арқылы жетеді? - Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не?

- Тыныс алу жолдарының ретін көрсетіңдер

Тапсырма «Пазлдар» әдісі. Топтық жұмыс.

1.Пазлды жинау

2.Талқылау сұрақтары:

- Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды?

- Ағзада ауа қандай мүшелерден өтеді?

Тыныс алуды бақылау. 5- 10 рет отырып тұру.

- Тыныс алу қалай өзгерді? - 1 минут дем алу.

- Тыныс алу қалай өзгерді?

-Қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды: қозғалыс жасағанда тыныс алу жиілейді, тыныштанғанда ақырындайды.

Салыстыру - Қолдарыңды кеуделеріңе қойып, терең тыныс алыңдар. Қалыпты тыныс алыңдар

Салыстыру * Сергіту сәті -Шарлар үрлеу. Шар үрлеген кезде өкпе қатты жұмыс істейді. Өкпенің ауатамырлары ашылып, газ алмасу жұмысы жүреді. Көмірқышқыл газ шығып, оттегі ағазаға сіңеді. *Қызықты мәліметтер - Тыныс алуға байланысты дайындаған мәліметтермен танысу І топ 1.Адам өкпесінің жалпы ауданы 100 шаршы метр. 2.Адам өкпесінің жалпы ауданы , теннис алаңының ауданымен шамалас. 3. Адамның оң жақ өкпесіне сыятын ауа, сол жақ өкпеге сыятын ауадан біршама көп. ІІ топ 1.Ересек адам күніне 23000 рет тыныс алады. 2.Сол жақ өкпе 2 бөліктен, оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады. 3. Ересек адамның екі өкпесіне 700 миллионнан астам көпіршіктер бар. ІІІ топ 1.Өкпе омыртқалылардың ішінде ең алдымен балықтарда пайда болған екен. 2. Саламандра деген кесірткеде өкпе болмайды. 3. Адам терең тыныстағанда өкпеге 2-3 литр ауа барады.

Зерттеу Терең тыныс шығарудың көлемі қандай болады?

Эксперимент жасау Экспериментке қажетті құралдар:

1.Су құйылған ыдыс.

2. Су құйылған 1,5 л пластик бөтелке.

3.Пластик түтікше.

Эксперимент барысы: Су құйылған ыдысқа су құйылған бөтелкені басын төмен қаратып, алақанмен жауыпғ суы бар ыдысқа батырып төңкеру.Бөтелкенің ернеуі суға батып тұратындай етіп ұстау. Пластик түтікшені су құйылған 1,5 л пластик бөтелкенің аузына тығу. Ауамен терең дем алып, демді пластик түтікше арқылыбөтелкеге үрлеу.Бөтелкеден қанша су шыққанын анықтау. Соған байланысты өкпедегі ауаның көлемін білуге болатынын түсіндіру. Қорытынды: Түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығарады. Шыққан судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның дем шығару көлемі әртүрлі болады.

Bilimland.kz

Пазлдар, оқулық Пазлдарды жинайды Сұрақтарға жауап береді Тыныс алу жолдарын анықтайды

Зерттеу жұмыстары: |

Зерттеу жұмыстары

1.Темекі  Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен.Оның 600 мыңы балалар мен жасөсіпірімдер.Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі.Темекі адамның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып,көптеген жағымсыз әсерлер береді.Темекі шегетін адамның жүйке жүйесі нашарлайды, ашушаңдық пайда болады.

2. Шаң Шаң – қатты бөлшектердің атмосферадағы жиынтығы. Шаң табиғи, жасанды,минералдық, органикалық, шаруашылық, коммуналдық- тұрмыстық болып бөлінеді.Адамның денсаулығына шаңның ұсақ бөлшектері зиян . Шаңның қаншалықты зияндығы құрамына байланысты.Шаң бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, олар адамның өкпесіне енгенде өкпенің ең терең бөліктерінде ұзақ сақталады. Шаңның әсерінен пайда болатын аурулар: пневмония мен бронхит.

3. Улы газдар Улы газ өкпеге және сол жерден қанға өтеді.Улы газ қанға оттегіні жеткізуді тоқтатады. Ең алдымен жүрек бұлшық еттері мен бастың миына әсер етеді. Адамдар улы газды байқамайды. Өйткені, оның иісі де, түсі де жоқ. 4. Адам неліктен түшкіріп, жөтеледі? Адам түшкіргенде тыныс алу мүшелеріндегі шаңнан, шырыштан тазаланады. Адам тыныс жолдарына түскен ылғалдан құтылмақ болып жөтеледі.Сонымен қатар, аллергия мен жұқпалы аурумен ауырған кезде де болады.Жөтел әртүрлі болады. Жөтел «құрғақ» және «ылғалды» болады. Оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын жариялайды

тапсырма: |

*Тапсырма .Филвордтан тыныс алу мүшелеріне қатысты сөздерді тап.

*Саралау тапсырмасы Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңдар ( топтық жұмыс) 1.Біздің өпкеміздегі ауа үнемі ...............

2.Тыныс алу дегеніміз-............................

Біз..............., кеуде қуысы қысылып, ауа сыртқа шығады.

Қажетті сөздер: тыныс шығарғанда, жаңарады, дем алу және дем шығару.
| Филворд карталары |
Сабақтың соңы: (5мин) |
«Бір минуттық жазба» -Бүгін үйренгендеріңнің ішіндегі ең маңыздысы не болды? 1 минуттық жазба арқылы жеткізіңдер. | Оқушылар параққа өз ойларын жазады. |
Файлдар:
Файлды ару
Тыныс алу құпиялары
Пікірлер(0)