Тарихи тұлғалар тағылымы

Серік Нұртуған Серікұлы
Серік Нұртуған Серікұлы
Ақмола облысы
Макинск қаласы
"Макинск қаласының мектеп-лицей" КММ
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Тарихи тұлғалар
Тақырып:

Тарихи тұлғалар тағылымы

25.12.2019
188
PDF жүктеу WORD жүктеу
Тарихи тұлғалар тағылымы  Барлығы:Ауызекі және ресми стильді түсіне алады.Сол стильдегі мәтін мазмұнын түсіне алады. көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздерді түсіне алады. • Көпшілігі: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын салыстыра алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздердің қолданыс аясын түсіне алады. , Кейбірі: Мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата біледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Тарихи тұлғалар тағылымы

(9:00)

 Барлығы:Ауызекі және ресми стильді түсіне алады.Сол стильдегі мәтін мазмұнын түсіне алады. көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздерді түсіне алады. • Көпшілігі: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын салыстыра алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздердің қолданыс аясын түсіне алады. , Кейбірі: Мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата біледі.  

Қосымша ақпарат

                                                                Сабақ жоспары Пәні: қазақ тілі Сынып:6 Күні: 11.12.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Рахманова Г.Р. Сабақтың тақырыбы Тарихи тұлғалар тағылымы оқу мақсаттары 6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру; 6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу Сабақтың мақсаты Барлығы:Ауызекі және ресми стильді түсіне алады.Сол стильдегі мәтін мазмұнын түсіне алады. көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздерді түсіне алады. • Көпшілігі: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын салыстыра алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, сөздердің қолданыс аясын түсіне алады. , Кейбірі: Мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажырата біледі. Бағалау критерийлері • Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын салыстырады. • Мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін ажыратады. Тілдік дағдылар Ресми стиль, құжат, ауызекі сөйлеу.дисфемизм, эвфемизм. Құндылықтарды дарыту Сабақ оқушылардыңбойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. Бастапқы білім Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады. Сабақ барысы Жоспарланғансабақ кезеңдері Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер Дереккөздері Сабақтың басы 5 минут Мұғалім оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудару үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Қазақ тілі- мақтанышымыз» https://www.youtube.com/watch?v=-ZruN2KoZJo видеоролик Сабақ тақырыбын ашу.( Суреттер туралы айтып пазлды орындау) Күнді ,тақырырыпты дәптерге жазу. Оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірге бағалау критерийін шығару Тақтаға жазу Интернет ресурс Сабақтың ортасы 2 мин оқу 3 минут орындау 3 мин оқу 5 мин орындау 5 мин бағалау 15 мин 5 мин 3мин 2 мин 1-тапсырма Оқылым алды тапсырма . Топпен жұмыс Ресми стиль мен ауызекі сөйлеу стилін салыстыру. Венн диаграммасы. 2- тапсырма Оқылым тапсырмасы. 1. Әр оқушыға екі мәтін беріледі.Оқушылар мәтінді мұқият екі қайтара оқып шығады. А мәтіні Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның әкесі – Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды. Ғалым 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Ә мәтіні — Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе? — деп, Мысық икемге келе бастады. — Берем, сен маған ойыншығыңды бер. Біздің үйге жүр, апамнан көп қант, бауырсақ әперем, — деп, Шоқан сендіре сөйледі. — Иә, бармайым, қорқам, сіздің ауылдың балалары тентек, иті қабаған, мені итке талатады, — деп, Мысық бұрынғы көрген зорлықтарын айтып жолағысы келмеді. — Жоқ, мен тигізбеймін, өзім ертіп барам. Шоқандар үйіне таянғанда, алдарынан Жақып жүгіре шықты. Кесек денелі Жақып келе Шоқанға: — Ей, мынау әлгі Мысық па? Қайдан тауып алдың? — деп, шайпау мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. — Өй, жынды, әрі кет, мұнда нең бар? — деп Шоқан тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті. Ерке, сотқар Жақыптың ұрыншақ мінезінен қаймығып Мысық кейін шегініп, орынсыз тиген қолға қорланып жылап та жіберді. Балалардың қағысып қалған сәттегі істеріне салмақпен қараған сары бәйбіше Шоқанға бір, Мысыққа бір қарап: — Шоқан-ау, мынауың әлгі бір былтырғы сары бала ма? — Әжекеее, мына Мысыққа бауырсақ беріңізшіііі, — деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты. Ши жақта ыдыс-аяқ әзірлеп жүрген қара торы әйелге: — Әәй, Қанипа, ана балаға бауырсақ әперші, отырғызып қымыз бер. Шоқанжан ертіп келіпті ғой, — деді, сары бәйбіше. 3-тапсырма жұппен жұмыс 1. Берілген мәтін бойынша оқушылар тілін, стилін, ұқсастығын және айырмашылығын анықтап жазады. 2. Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді. Екі мәтіннің ұқсастығы Екі мәтіннің айырмашылығы Стилі Тақырыбы Мазмұны Тілдік ерекшелігі Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, ДЕСКРИПТОР 1. Берілген мәтін бойынша оқушылар тілін, стилін, ұқсастығын табады 2. айырмашылығын анықтап жазады. Жұпты бағалау кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша бағалау жүргізеді. Сергіту сәті 1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? Жеке жұмыс Семантикалық карта Сөздер Көнерген сөз эвфемизм Дисфемизм Уәзір Мылжың Найза Өтірікші Жынды Дүрия Сәукеле Топас Ақсақ Бесік құда Зағип Хан Қолының сұғы бар Қосып айту биқасап Жұбымен тексеру бағалау ( кері байланыс) Жеке жұмыс оқылым мәтінінен көнерген сөз,дисфемизм сөзді тауып, теріп жазу. Шоқан Уәлиханов http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1167 Шоқанның өмірбаяны https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%BE%D2%9B%D0%B0%D0%BD_%D0%A8%D1%8B%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%A3%D3%99%D0%BB%D0%B8%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2 Сабақтың соңы 5 минут Рефлексия Стикер       

Файлдар:

Файлды ару Тарихи тұлғалар тағылымы

Пікірлер(0)