Ққ дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:
Ққ дыбысы мен әрпі
09.08.2020
0
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру, оқудың түрлерін қолдану, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Көптеген оқушылар : Буындап оқу жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу түсініп оқу қолдану.

Кейбір оқушылар: Сурет атаулары бойынша сөйлем құрау

Тілдік мақсаттар: |
Тілдік дағдылар: Оқылым: Буындап сөздерді оқуына қолдау жасау.

Айтылым-Дыбыс түрлерін дұрыс дыбыстай алу.

Тыңдалым-Сурет арқылы сұраққа нақты жауап береді.

Жазылым -Әріпті дұрыс жазып үйренеді.

Терминология: қармақ, сылдырмақ, талқан т.б

Сөз тіркестері: Дос бол, достасайық бәріміз.т.с.с

Күтілетін нәтиже: | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Бағалау критерийлері: | Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Сөздерді буындармен сәйкестендіріп оқиды. Әріптерден сөз құрап, дыбыстық талдау жасайды. |
Құндылықтарды дарыту: | Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, сезімдерін ояту. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Үйлестірмелі қағаздар, аудиожазба, интербелсенді тақта, таныстырылым. |
Пәнаралық байланыс: | Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу. |
Бастапқы білім: | Оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктері бар; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан; өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу машықтары бар |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (5 минут) |

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

«Ақ тілек»

- Көңіл – күйлеріңіз қалай?

Керемет! (қолдарын көтеру)

- Сабаққа дайынсыңдар ма?

Тамаша!

- Ендеше сабағымызды бастайық.

О-0-0 (бас бармақтарын көрсету)

Топқа бөлу : Отбасының суреттері арқылы топтарға бөлу.

I-топ: "Ата"

II- топ: "Әже"

III-топ: "Әке"

IV-топ: "Ана"

"Миға шабуыл" әдісі. Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет,проблема,сұрақ) туралы бар білгендерін ауызша ой салу.
| Суреттер |
Сабақтың ортасы (25 минут) |

1.1-тапсырма( Ұ)

Cуреттегі адамдар сендер үшін кім?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз.

-Отбасы

- Дұрыс айтасыңдар.

- Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

2.(Ұ) Жұмбақ шешу

Көрсең өскен желісін,

Жапырағы қазтабан.

Мөлдір қара жемісін

Қыста емес жаз табам .

Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбысына мән беріп қарайық. Қа-ра-қат сөз басында Қ қ дыбысы естіліп тұр.

-Олай болса, біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Менің отбасым және Қ қ дыбысымен танысамыз. Қ дыбысына байланысты бейнежазба тыңдайық.

Дескриптор:

Сурет бойынша әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді

Қ.Б. «Жарайсың!»

«Кім жылдам»әдісі

3.(Ө.Ж) Дәптермен жұмыс Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

Дескриптор:

-жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтап, көркем жазады.

-Қ дыбысының орнын анықтап жазады.

Оқулықпен жұмыс (Белсенді оқу )

4.«Дауыстап ойлау» әдісі Мақсаты: Оқи отырып ой түю,ой бөлісу. Қа ла а сық мы сық Қо ла қа сық та уық Қа ра қо ра қар мақ та мақ ты мақ қа лақ

Дескриптор: - Сөзді тұтас оқып,дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ: «От шашу» әдісі

Жұптық жұмыс(Cаралау )

«Фишбоун» әдісі. Мақсаты: жаңа мәліметті идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау. Қ дыбысы сөз басында кездесетін сөздер. Қ дыбысы сөз ортасында кездесетін сөздер. Қ дыбысы аяғында кездесетін сөздер. Айтқан сөздеріне дыбыстық талдау жасайды . Сөздерге сөйлем құра.

Дескриптор: - Қ дыбысынан басында кездесетін сөз айтады.

-Қ дыбысынан ортасында кездесетін сөз айтады.

-Қ дыбысынан сөз аяғында кездесетін сөз айтады .

-Дыбыстық талдау жасайды және сөйлем құрастырады.

Қ.Б:«бес жұлдыз»

5. Топпен жұмыс «Артығын алып сызып таста » ойыны

I-топ:

II-топ:

III-топ:

IV-топ:

Енді сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

Дескриптор: 1) Суреттегі қ дыбысынан басталатын суретті, сөзді табады.

2) Сөзге сөйлем құрастырады.

3) Қанша буын бар екенін ажыратады

4)Дауысты дыбысты ажыратады.

5) Дауыссыз дыбысты ажыратады.

Суреттер

Оқулық

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы (8 минут) |

«Түймедақ гүлі» әдісі.

Гүл күлтелерінде буындар жасырылған. Оқушы лар таңдап, сол буындардан сөздерді құрастырып, тақтаға жазады.

1-топ: Қа нат да ла да

2-топ: Мы сық ау ла да

3-топ: Қа ра то ры ат.

4-топ: Қар лы ғаш ұш ты
| Кеспе буындар |
Рефлексия (2 минут) |

Кері байланыс:- Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді, алған әсерімізді "Микрофон" әдісі арқылы қорытындылаймыз

Бағалау
| Микрофон |
Файлдар:
Файлды ару
Сауат ашу Ққ дыбысы мен әрпі
Пікірлер(0)