Ұлттық киімдер
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Киіну. Сән. Талғам.
Тақырып:
Ұлттық киімдер
25.12.2019
131
1
Оқу мақсаттары | Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді мәтіннен таба алады.

Оқушылардың көбісі: Ауызекі сөйлеу стиілінің ерекшеліктері туралы ақпарат береді.

Оқушылардың кейбірі: Көркем әдебиет стиліндегі мәтінді ауызекі сөйлеу стиліне айналдыра алады.

Құндылықтарды игерту |
«Мәңгілік ел» құндылығы: қазақ халқының ұлттық киім үлгілері, киіну мәдениетін білу, дәстүрді құрметтеу.

Тіл және мәдениет: сөз әдебін сақтап, сауатты, мәдениетті сөйлеу.

Бағалау критерийі |
2-3 кейіпкер арасында диалог құрастырып жаза алады;

Мәтінннен 2 ауыспалы мағынадағы сөзді тауып, диалогта орынды қолдана алады;

Диалогта сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдерді қолдана алады;

Синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады;

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10 минут) |

Сәлемдесу. Үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар әңгімені оқи отырып, ауызекі сөйлеу стиілінің ерекшеліктері туралы ақпарат береді.

Бағалау критерийі

Әңгімеге ат қояды;

Тақырыпқа сай қызықты сюжетке құрылған;

Ауызекі сөйлеу стиліне сай диалогқа (эмоция бар)құрылған; ( сұраулы, лепті , толымсыз сөйлем)

Одағай, қаратпа, қарапайым, диалект сөздер қолданған;

Оқушылар дәптерлерін сағат тілімен ауыстырып, бір-бірінің жұмысын критериймен бағалайды. Әр топтан ең үздік 1 жұмысты таңдайды. Үздік жұмыс сынып алдында оқылады.

Сабақтың ортасы (25 минут) |

1-тапсырма.

Жеке жұмыс. Мәтіндерді оқып, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді табыңыз, көркемдік ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Бағалау критерийі:

Берілген мәтіннен 2 тура және 2 ауыспалы мағыналы сөздерді тауып жаза алады;

1 көп мағыналы сөз, 1 омоним, 1 антоним, 2 синонимдік қатарды тауып жаза алады;

Дұрыс жауаппен жұпта бір-бірін тексереді.

1-мәтін. «Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа мінген Тоғжан екен. Судыраған қара жібек биқасаптан әдемі жеңіл шапан киген. Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрік. Мойнында әсемдеп, әдемілеп кең ораған құбылма түсті торғын шәлі. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай... Ақ маңдай, аппақ жұмыр мойнына, қолаң жібек шашына бетінің үлбіреген қызылы соншалық жарасып тұр. Қара шапан сыртынан белін шымқай буған сарғыш жібек белбеуге оң қолын сүйеп, мықынын таянған»

2-мәтін. Үстімізге киетін оңды киіміміз де жоқ. Ең жақсысы – ешкінің терісінен шешеміз жасап берген, сыртымыздан киетін бір-бір тонымыз бар. Киімнің ең жақсысы, ең тәуірі, ең жылысы – осы тон. Аяғымызда – шоқай, бұтымызда – жамау-жамау әбден тозған теріден жасалған жарғақ шалбар. Өрмек жіптен тоқылған жейде, басымызда – киізбен тысталған қозының елтірісінен жасалған тері тымақ. Тонымыздың сыртынан белдік буынамыз. Белдікті қатты тартып алып, соқа айдауға кірісеміз. Сонда суықтан қорғайтын қаруымыз, өкпемізді ызғардан арашалап қалған киіміміз – сол сыртымыздағы жалғыз тон. Тамақтың түрі – бір тәулікке жарты көмбе нан, қайнаған қара су, судың дәмін кіргізетін бір шымшым тұз. Түске жақын ауылдан майы алынған сұйық (іркіт) айран келеді.

2-тапсырма.

Жұптық жұмыс. Көркем әдебиет стилінде берілген мәтінді ауызекі сөйлеу стиліне ауыстырып жазыңыз. Қандай өзгерістер байқадың?

Бағалау критерийі:

2 не 3 кейіпкер арасында 3-4 сөйлемнен тұратын диалог құрастырып жаза алса;

Мәтінннен 2 ауыспалы мағынадағы сөзді тауып, диалогта орынды қолдана алса;

Диалогта сұраулы, лепті, толымсыз сөйлемдерді қолдана алса;

Синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алса;

Жазылымды орындауға нұсқаулық:

1.Тақырып қойыңыз.

2.Аузекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерін назарда ұстаңыз.

3.Жазба мәтіннің ауызекі сөйлеуде қалай ықшамдалғанына бақылау жасаңыздар. Өзгерістерді айтып беріңіздер.

Критерийлер арқылы өзара жұптық бағалау, мұғалімнің бағалауы жүреді.

Сабақтың соңы (5 минут) |

Кері байланыс «Даналық ағашы» рефлексиясы. Оқушылар стикерге жазып, жапсырады.

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?

Қай тапсырма ұнады?

Қай тапсырма қиындық туғызды?Неліктен?

Үй тапсырмасына бағыттау жүргізу

Пікірлер(0)