Ата-баба мұрасын құрметтейміз

Тулеубаева Назира Кайратовна
Тулеубаева Назира Кайратовна
Акмолинский область
Капитоновка
Капитоновская средняя школа
Әдебиеттік оқу
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мәдени мұра
Тақырып:

Ата-баба мұрасын құрметтейміз

25.12.2019
89
PDF жүктеу WORD жүктеу
Ата-баба мұрасын құрметтейміз Барлық оқушылар: халық ауыз әдебиетінің жанрлары, көркем шығармалар қамтылған, Әртүрлі жанрдағы шығармалармен танысады, . өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады. Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді. Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Ата-баба мұрасын құрметтейміз

Ұлттық мұраларарымызға байланысты түрлі тапсырмалар,қосымша мәліметтер

Қосымша ақпарат

Баяғы өткен заманда, бір ауылда дүниеге сәби келіпті. Ауыл- аймақ, тума- туыстар қуанып, «шілдехана» тойын жасапты. Шілдеханаға келген қонақтар баланың бауы берік болсын, құтты болсын- деген тілектер айтыпты. Таң атқанша өлең айтып, көңіл көтеріп, ойын ойнап, баланы және баланың анасын «қарақұс» алып кетпесін- деп күзетіпті. Жаңа туған балаға көз тимесін деген ниетпен «жеті шаңырақтың» «жеті үлкен кісінің» бұтының арасынан өткізіпті. Үш күн өткен соң жаңа туған балаға ауылдың қадірлі адамына «Азамат»- деп «ат қойғызған». Балам атыңа затың сай болсын деп Азамат қойдым атыңды.(Осы кезде балалардан атын неліктен солай қойғандығын сұрау) Содан соң 5 күн өткеннен кейін әжесі, ауылдың үлкен әже- апаларын шақырып, сәбиді ауылдың үлкен ақсақалдарының көне жейдесіне орап, атаңдай бақытты бол!, Атаңдай батыр бол!- деп «бесікке» бөлеген.Бесіктің үстіне 7 киім жауып, ұйқың тыныш болсын!, Ақылды бол!- депті. Азамат ауырмай өсіп келеді. Азаматты 40 күн өткен соң әжесі ауыл әйелдерін жинап, тегешке теңге, сақина салып, «30 омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп баланың үстіне 4О қасық су құйып шомылдырады. Сақина, теңгелерді баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөлісіп алады. Әжесі немерем берекелі болып, бай болсын, дене бітімі сау, әдемі болсын- деген тілек айтыпты. Атасы немересіне 40-нан шыққанына құлыншақ атапты. Азамат ата- анасының қуанышы болып өсіп жатады. Енді Азамат тәй- тәй басып, алғашқы қадам жүре бастағанда, әжесі тағы ауыл- аймақты жинап «тұсау кесер» тойын жасапты. Баланың аяғына 2 түрлі жіптен есіп, ала- жіп байлап қадамың құтты болсын, желдей ұшып- ердей бол!, Адал бол!- деп тілек білдіріпті. (Осы кезде балалардан тұсау кесер өлеңін сұрау) Азамат 5 жасқа толғанда, мұсылмандық жоралғы- деп «сүндет»тойын жасайды. Немерем мейірімді болсын!, Сезімді болсын!, Иманжүзді болсын!- деп тілек айтыпты. Азамат ауыл- аймақтың сүйкімді, сүйікті сәбиі болып, өсіп жатады. Енді Азамат 7 жасқа толады. Атасы 40-нан шыққандағы тайды алып келіп, балам енді сен атқа мінер азамат болдың- деп «ашамайға» мінгізеді. Немересіне батыр бол!, еліңді қорғай біл! Ата- анаңа, халқыңа адал бол!- деп тілектер айтады. Ашамай деген ер балаға арналған аттың үстіндегі «ері». Сонымен Азамат еліне елеулі, халқына қалаулы, денсаулығы мықты, ақылды жігіт болып, ата- анасының қуанышы болып, ер жетеді.  

Файлдар:

Файлды ару Ата-баба мұрасын құрметтейміз

Пікірлер(0)