Сұхбат аламын. Дауыссыз б мен п

Акмагамбетова Гулдана Ертисовна
Акмагамбетова Гулдана Ертисовна
Костанайская область
Костанай
СШ №10
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Сұхбат аламын. Дауыссыз б мен п

25.12.2019
52
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) <p>2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру</p><p>2.4.13 Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және дауыссыз п-б дыбыстарының емлесін есте сақтау</p>
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсінеді; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіреді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: мен п дыбыстарын меңгереді тілін, шығармашылық қабілеттерін дамытады Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.&nbsp;&nbsp;
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпін
Ресурстар Оқулық, bilimlend,суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.&nbsp;
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.&nbsp;
Алдыңғы оқу Дауыссыз дыбыстар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы (Ширату)

(5 минут)

(Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру. «Ертеңгілік шеңбер» Қайырлы күн, көздерім! Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). Қайырлы күн, құлақтарым! Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).Қайырлы күн, қолдарым! Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). Қайырлы күн, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).Қайырлы күн, мұғалім! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады «Сақина салмақ ойыны»Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі «Сақинам,сақинам, ортаға шық!»дегенімде қолында сақина бар оқушы ортаға шығып, менің сұрағыма жауап береді -Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( екіге) -Дауыссыз дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлеміз?(Қатаң ,ұяң,үнді) - Үнді дауыссыздарды ата? - Ұяң дауыссыздарды ата? - Қатаң дауыссыздарды ата? -Жарайсыздар! Тамаша! -Енді оқушылар кезекпен «Қатаң», «Ұяң» «Үнді» деп айтып шығайық. Бұл бізге дауыссыз дыбыстардың бөлінуін жаттап алуға көмектеседі және үш топқа бөлінеміз. 1 - «Қатаң дауыссыздар тобы » 2 - «Ұяң дауыссыздар тобы » 3- «Үнді дауыссыздар тобы »&nbsp;&nbsp; Шеңберде орындайды Сақина Топ аттары жазылған парақшалар&nbsp;&nbsp;

Сабақтың ортасы:

(20 минут)

Дауыссыз дыбыстар бейнекөрсетілімін көру -Балалар,барлығымыз бейнекөрсетілім көріп,тыңдады. Қандай ұяң дауыссыз дыбыстардың қатаң сыңары бар екен? - Б-п,г-к,ғ-қ,ж-ш,з-с,д-т.в-ф -Солардың ішіндегі ең алғашқы жұбы қандай№ -Б-п дауыссыз дыбыстары -Енді айтыңыздаршы бүгін қазақ тілінен қандай тақырыппен танысамыз? Дауыссыз б мен п әрпі Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру: Айтылым Мақсатын таныстырылады. -Олай болса,тыңдаған ережені еске түсірейік. Ереже: Сөз соңында б естілгенімен,п әрпі жазылады: мектеп ,кітап,доп,қап. Тыңдалым.Оқулықтағы 13 тапсырманы аудиотыңдалым тыңдату. Өнегелі отбасы. Сұхбат дегеніміз-арнайы сұрақтарға біреуден жауап алу Топтық жұмыс: «Қатаң дауыссыздар тобы » Көрші отырған парталас досыңнан өзінің отбасы туралы сұхбат ал. «Үнді дауыссыздар тобы » Мектеп асханасына барып, аспазшы апайдан бүгінгі күннің ас мәзірі туралы сұхбат алып келу. «Ұяң дауыссыздар тобы » Басқатырғыны шешіңіздер.АКТ т с қ а т қ С о ц т о к к Ц ж с п ж а с п Ол үшін әр қатардан қайталанған әріптерді сызып таста.Шыққан сөз құрамында болатын мақал –мәтел айт. Жауабы: Ата «Ойлан,жұптас ,ақылдас!» Постерге орындау. «Жоғалған әріпті тап » ойыны. «Қатаң дауыссыздар тобы » Әде...., тала...., до.... . «Ұяң дауыссыздар тобы » Жі...,қора...., кіта... . «Үнді дауыссыздар тобы » Мекте..., тала...., шөп... . Сызғыш –дұрыс, толыққанды. Қарындаш-әлі де ойлану,іздену керек Өшіргіш-қатені өшіргішпен түзету,оқушыларды ынталандыру мақсатында. Топтар жұмыстарын аяқтап,бір –біріне алмастырып тексереді. Сызғыш,қарындаш немесе өшіргіш суретін салады. Жазылым. Өзіндік жұмыс. Дәптермен жұмыс.11,12 тапсырманы орындау. -Көп нүктенің орнына п,б әріптерінің тиістісін қойып,сөздерді көшіріп жазу. Бағдаршам көздері.&nbsp;&nbsp; https://imektep.kz/kz/dauissyz-dibistar АКТ Слайд №4 ереже Оқулық Қ/Б «Бағдаршам» Әр топ бір бірін бағдаршам көздері арқылы бағ Қ\Б «Сызғыш,қарындаш,өшіргіш » Слайд №5 Басқатырғыш&nbsp;&nbsp;

Сабақтың соңы

(10 минут)

Рефлексия «Серпілмелі сауал» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрау. -Бүгінгі сабақ ұнады ма ? -Қай бөлімі ұнады? - Неліктен? -Сен үшін қиындық тудырған тұсы?&nbsp;&nbsp; Доп&nbsp;

Үйге тапсырма беру

(2 минут)

45 бет. «Ауылда» мәтінін оқып ,түсінгенін айту,сұрақтарға жауап беру. Оқулық

Кері байланыс

(3 минут)

Орнымызға оралып үстел үстіндегі ұнаған смайликтерді көрсетіп, бүгінгі сабақтан алған көңіл –күйлерімізді білдірейік.&nbsp; Смаликтер.

Файлдар:

Файлды ару Сұхбат аламын. Дауыссыз б мен п

Пікірлер(0)