§ 7-8. Заманауи кибер қауіп-қатер

Кусманова Лаура Муслимовна
Кусманова Лаура Муслимовна
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Денсаулық және қауіпсіздік
Тақырып:

§ 7-8. Заманауи кибер қауіп-қатер

19.10.2020
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.4.2.1 желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)

Сабақтың мақсаты:

-Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау;

-Интернеттегі алаяқтық және "фишинг", "кибербуллинг", "спам" "троллинг" ұғымдарымен таныстыру;

Тілдік мақсаттар:

Фишинг, спам, кибербуллинг, Троллинг, DoS шабуыл

Күтілетін нәтиже:

-кибералаяқтардан сақтану жолдары;

-құпия мәліметтерді сақтау.

Бағалау критерийлері:

-Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін қолданады;

Бастапқы білім:

«Процессор және оның сипаттамалары»

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(Сабақ басы 2-3 мин)

 Сәлемдесу, кезекші есебі (сабаққа қатысып отырған оқушылар санын анықтау)  

Сабақтың ортасы

(10-15 минут)

Кибуллинг деген не? 

 Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.

Егер де:

  • саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
  • сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
  • әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
  • сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
  • жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
  • сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

Фишинг дегеніміз не?

    Фишинг - желілік қауіпсіздіктің негіздерін білмейтін пайдаланушыға негізделген әлеуметтік инженерияның бір түрі: атап айтқанда, көптеген адамдар қарапайым фактіні білмейді: қызметтер олардың тіркелгі деректерін, паролін және т.б. қамтамасыз етуін сұрайтын хаттар жібермейді. Фишингтен қорғау үшін ірі интернет-браузерлерді дайындаушылар, пайдаланушыларға алаяқтарға жататын күдікті веб-сайтты ашқаны туралы хабарлау үшін бірдей әдістерді қолдануға келісті. Браузерлердің жаңа нұсқалары қазірдің өзінде тиісті деп аталатын бұл мүмкіндікке ие

    Спам деген не?

«Спам» сөзін бүгін ғаламтордың кез келген қолданушысы біледі. Тек біліп қана қоймай, оны өзінің электрондық жәшігінен жиі көреді. Бірақ көбі «спам» сөзі бұрын ғаламтормен де, электрондық хаттармен де байланысты болмағанын біле бермейді. Спам — акроним, қысқарған күрделі сөз. Ол «spiced ham» — «дәмдеуіш қосылған ветчина», «бұрышталған шұжық», «бұрышталған ветчина» деген сөзден қысқартылып алынған. Сондықтан ағылшын тіліндегі «spam»–ның тікелей аудармасы «дәмчина» яғни, «дәмдеуіш» пен «ветчина» сөздерін біріктіре отырып жасалған деуге болады.

    Тролинг деген не?

    Троллинг (ағылш. trolling) — агрессия көрсету, жәбірлеу, сөгу немесе тіл тигізу арқылы көрініс табатын, желілік яки ғаламтордағы қарым-қатынас этикасының бұзылуымен ерекшеленетін виртуалды коммуникация түрі. Троллинг жасаушы "тролльдер" форум, чат, блог, жаңалықтар порталы немесе әлеуметтік желілерде арандатушылық пікірлер не болмаса комментарийлер арқылы шиеленіс тудырта отырып, өзіне көңіл аудартуды мақсат етеді.

https://www.youtube.com/watch?v=JYVmZysiCQ4


 https://www.youtube.com/watch?v=7a4xYT-AiHc 

Сабақтың соңы

(10-15 минут)

Оқу тапсырмалары
1-тапсырма. Берілген әрекеттерді талдап, салыстырып, кестені толтырыңдар.
  1. әлеуметтік желіллерде өзінді сыпайы ұстау;
  2. өз профильдеріңде шынайы аты - жөндеріңді, мекен-жайларынды, телефон нөмірлерін қою;
  3. күдікті хабарламаларды ашу, оларды жіберу;
  4. желіде біреуді ренжіту;
  5. өздерің жайла ақпаратты жасыру;
  6. антивирустық программаларды жаңартып отыру;
  7. агрессорға дөрекі сөз қайтару


қауіптіқауіпсіз


Дескриптор: -интернеттің қауіпті және қауіпсіз жақтарын талдап, кестеге салады;

ҚБ: барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда – 4 - балл 

     2-тапсырма. Берілген сөздердің анықтамасын табыңыз.

Интернеттің іздеу сайттарын пайдаланып, мына терминдерге түсініктеме беріңіз

а) Апгрейдтеу

ә) шифрлау

б) карантин

в) IMO

с) CU

д) LOL

Дескриптор: -интернет желісін пайдаланып, көрсетілген анықтамалар ережесін жазады;

ҚБ: барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда – 4 - балл  

Рефлексия

(3-5 минут)

Рефлексия (жеке) Кері байланыс. SMS әдісі.  

Пікірлер(0)