Тоқыма бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу. (мойынорағыш, үшкіл орамал, төсем, ұялы телефонға арналған қап)
Көркем еңбек
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Сәндік-қолданбалы өнер
Тақырып:
Тоқыма бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу. (мойынорағыш, үшкіл орамал, төсем, ұялы телефонға арналған қап)
14.12.2020
0
2
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
6.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтер пайдалану

6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар:Әр түрлі бұйымдарды тоқуға арналған қажетті құрал жабдықтарды қолданады.Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады.

Көпшілігі: Қажетті құрал жабдықтарды пайдаланып, ұялы телефонға қап тоқиды.

Кейбір оқушылар:Ұялы телефондарына тоқыған қапты ұлттық ою өрнектермен безендіруді ойлап табады.Креативті жұмыстар орындайды.

Тілдік мақсаттар: |
Пәнге тән лексика мен терминология: Иірім жіп, ілмек, шалу, орам, дизайн.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қандай бұйымдарды тоқыма бұйымдары деп атайды?

-Тоқыма тоқу үшін қандай құрал жабдықтар қажет?

Күтілетін нәтиже: |
Тоқыма бізбен тоқудың қарапайым тәсілдерін (оң және теріс шалма) пайдалана отырып, ұсынылған бұйымды (өз бетінше) орындайды. Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады.

Бағалау критерийлері: |
-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана алады.

-Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығына тоқталады.

-Материалдар мен құралдарды ережеге сай қолданады.

Құндылықтарды дарыту: |
Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының əлемдік жəне ұлттық ерекшеліктерін біледі.

Оқушылар өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйренеді.

АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнекөрсетілім көру арқылы тоқыма ілмекті бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу әдісімен танысады. |
Пәнаралық байланыс: |
Тарих пәні: Тоқыма жіптердің тарихын зерттеуде;

Математика пәні: Бұйым тоқығанда жіптің бағытын (оң, теріс) анықтауда, жіптердің санын анықтауда;

Бастапқы білім: |
Тоқыма түрлерін, материал таңдай алады, бұйымның нобайын салу кезеңдерін біледі.

Өз шығармашылық жұмыстарын жасау үшін практикалық дағдылары бар. (5-сынып)

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (Ой қозғау (3 минут)) |

Ұйымдастыру кезеңі

а) (Қимылмен қайталаймыз)

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге,

Күлімсіреп қарайық.

Көкке қолды созайық,

Бір-бірімізден озайық.

Амандасып әркезде,

Тату-тәтті болайық.

ә)Үй тапсырмасы:

«Миға шабуыл»“Зымыран сұрақтар”

-Қандай шалма түрлерін білесіңдер?

-Иірімжіп неден, қалай жасалады?

-Тоқыма тоқудың ерекшелігі неде?

-Тоқымадан жасалған киімдер қандай күтімді қажет етеді?

ҚБ. Ауызша бағалау.

Оқушылармен таныстыра отырып, бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

Сабақтың ортасы ((30 минут)) |

(Ж, Ө,МК,Қ) Мұғалім сөзі:

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері хабарланады:

Сабақтың мақсаты:

-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолданутүрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау.

Бағалау критерийлері:

-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана алады.

-Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығына тоқталады.

-Материалдар мен құралдарды ережеге сай қолданады.

Бейнекөрсетілім. Тоқыма бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу туралы ақпарат беріледі. «Ойлан. Бірік. Бөліс.» әдісі. Жұптық жұмыс.

-Тоқуға арналған біз қандай материалдардан жасалады?

-Тоқыма біз түрлерін атаңдар?

-Ілмек бізді қолда қалай дұрыс ұстау керек?

-Бұйым тоқуды неден бастау керек?

Жауабы:

-Қазіргі таңда тоқуға арналған бізді пластмассадан, болат, алюминий, ағаштан,бамбуктен,сүйектен жасайды.

-Дөңгелек, шаршы пішінді, тік, айналма, қосалқы, қысқа, ұзын, шұлық тоқуға арналған. -Ілмек бізді қолда дұрыс ұстап көрсету.

-Нобайдан.

ҚБ. “Басбармақ” стратегиясы арқылы бағаланады

1-Тапсырма: Топтық жұмыс. Материалдық шығынды анықтау

Құралдар Саны (дана)

Бағасы (тг)

Жалпы бағасы (тг)

1. Ілмек біз 1х150=150 тг.

2.Жіптер 2х100=200 тг.

3.Барлығы 350 тенге

Дескриптор:

-Ілмек бізбен жұмыс үшін керек құралдарды анықтайды.

-Құралдардың бағасын анықтайды.

-Жұмыс үшін керек құралдардың жалпы шығынын есептеп шығарады.

ҚБ:Жарайсың!Керемет!Талпын!

2-Тапсырма:Жеке жұмыс.

Практикалық жұмысқа кіріспес бұрын тоқыма құралдарымен жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріңіздер.

(Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді)

(Алдыңғы сабақта оқушылар бұйымды дайындау үшін нобайлар және тоқыма жұмыстарын орындаған. Бүгінгі сабақта телефонға қап жасау жұмыстарын жалғастырады. Иірімжіпті және тоқыма бізді дұрыс таңдау – маңызды әрі жауапты іс.Тоқыма бізде тоқуды үйрену үшін бар болғаны жүн иірімжібі немесе акрил талшықтарынан жасалған иірімжібін таңдаған дұрыс, мұндай жіптер шалмабізде оңай жылжиды және жұмыс жасауға жеңілдік туындатады. Оқушылар технологиялық реттілікпен тоқыма тоқу мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, таңдалған бұйымды тоқиды. Бұйым конструкциясына және оны дайындауға қажеттілігіне қарай өзгеріс енгізеді.Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы тоқу технологиясын меңгереді.)

Ұялы телефонға ілмек бізбен тоқу арқылы қап тоқу.

-тоқыма тоқуға қажетті құрал- жабдықтарды атайды.

-қажетті құрал- жабдықтарды пайдаланып, ұялы телефонға қап тоқиды.Бізбен тоқу техникасын қолданады;

-тоқылған қапты ұлттық өрнектермен безендіреді, басқа оқушыларға идея ұсынады. Дескриптор:

-Қажетті жіптерді пайдаланып, ұялы телефонға қап тоқиды;

-Түрлі түсті моншақтарды пайдаланып ұлттық нақышта қапты безендіреді;

ҚБ.“Екі жұлдыз, бір тілек”

Сабақтың соңы ((5 минут)) |

Ілмекпен тоқуды түсінбеген оқушыларға қарапайым тоқу үлгілерін ұсыну.

Қабілетті оқушыларға өз жұмыстарын безендіруде жаңаша идеяларды ойлап тауып, қайта құрастыруды ұсыну.

Рефлексия ((2 минут)) |

Соңғы сөзді мен айтамын әдісі.

Кері байланыс

Не білдім нені түсіндім?

Түсініксіз не болды.?

Не жетілдіруіміз кажет?

Файлдар:
Файлды ару
6-сынып. Тоқыма бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу. (мойынорағыш, үшкіл орамал, төсем, ұялы телефонға арналған қап)
Файлды ару
6-сынып. Тоқыма бізбен әртүрлі бұйымдарды тоқу. (мойынорағыш, үшкіл орамал, төсем, ұялы телефонға арналған қап)
Пікірлер(0)