Сөйлем мүшелері
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мәдени мұра
Тақырып:
Сөйлем мүшелері
25.12.2019
136
1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мəтіннің мазмұнын болжау; сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерін ажырату.

Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар жасай алады: Сөйлем мүшелері туралы біледі. •Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
Бағалау критерийлері | Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады. Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді. Сөйлем мүшелерін сұрақ қою арқылы ажыратады; |
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, дүниетану |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (5 мин) |

Ұйымдастыру. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Сәулет» сөзін табады.

с а ә н у з л и е т

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады.

Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

| Суреттер |
Сабақтың ортасы (30 мин) |
Топтық жұмыс.. Топта оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіреді. Бұл тапсырма «Миға шабуыл» әдісі бойынша жүргізіледі. Сәулет ғимаратты жобалайтын маман. Сәулет өнері құpылыстағы бейнелі өнеp, аpхитектуpа Сәулетші тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар,мемориалдық ескерткіштер. ҚБ. Ауызша бағалау. 1-жаттығу. Мəтін тақырыбы бойынша мазмұнын болжап айтады. Мəтінді мұқият тыңдайды Топтық жұмыс. Мәтін мазмұны бойынша талқылаулар жасап, мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді табады. «Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді. Оқулықта берілген сұрақтарды оқып, жауап жазады. Мәтін сөздерін пайдаланып, «Сəулетші деген кім?» . сұрағына жауап жазады. Сәулетші: түрлі кешендердің құрылысын ойлап табады; ғимарат дизайнын жоспарлайды; құрылыстың жобасын сызады; шығармашыл; сурет сала біледі; Оқушылардың сұрақтан ауытқымауына, бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады Дескриптор: -мәтін мазмұны бойынша тірек болатын сөздерді таба алады; -бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді; -қатесіз,таза,көркем жазады. 2-жаттығу. Сөйлемдерді қатесін түзетіп, көшіріп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Бір- бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды. Дескриптор: -сөйлемдерді қатесін түзетіп, көшіріп жазады; ҚБ өзара бағалау. Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. Тапсырма сөйлемде берілген ойды аяқтап жазу. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып, сөйлемді толықтырады. «Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сөйлемдерін тексереді. Құрастырылған сөйлемдерді топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар сөйлемдерді тексеріп, жапсырма қағазға пікірін жазады. 1-топ.Сөйлем ішінде сөздер мағыналық жағынан ... 2-топ.Сөйлем аяқталған ........ 3-топ. Сөйлемнің бірінші ....... 4-топ. Сөйлемнің соңына ...... Сергіту сәті жүргізіледі. Қолда алтын қалағым, Зәулім үйлер саламын. Ертең менде ел сүйген Құрылысшы боламын. Қолда темір қалағым, Саздан сарай саламын. Өз қаламнан аумайтын Әсем қала саламын. .(Ж).Оқушылар жұптаса отырып, берілген сөздерден сөйлемдер құрастырады. 1) Барды, Асқар, құрылысқа. Асқар құрылысқа барды. Оқушылар әр сөзге сұрақ қояды. - Сөйлемде қанша сөзге сұрақ қойылды? - Үш сөз сөйлемнің мүшесі болады. Сөйлем құрамындағы сөздер нақты сұраққа жауап беріп тұр және әр сөздің толық мағынасы бар. 2)Үйлер, қалада, салынды, биік. -Бұл сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар? -Төрт сөйлем мүшесі бар екенін қайдан білдіңдер? - Сонымен сөйлем мүшесі дегеніміз не? Оқушылармен бірлесіп ережені айту. .Оқулықта берілген 4-жаттығу орындалады. Оқушылар жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жазады. Екінші сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар екенін табады.Сөздердің үстіне сұрақтарын жазады. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне жеке орындайды. Дескриптор: - жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай өзгертіп, түзетіп жазады; - сөйлемдерді сауатты жазады. ҚБ. Оқушылардың жұмыстарын қадағалаймын. Ауызша бағалаймын. |

Сабақтың соңы (5 мин) |
(Ө; Қ) Берілген сызбаның көмегімен хатты оқу. Оқушылардың назары жұмыс дəптердегі тапсырмаға аударылады. Əлидің Мерейге жазған құпия хатын сызбаның көмегімен оқиды. Шешуі: Өнерлі бала сүйкімді. Парталасына мақалдың мағынасын қалай түсінетінін айтып береді. (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.. Үй тапсырмасы 3-жаттығу: - ғимараттардың атауын білу; - осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау; - неше сөйлем мүшесі бар екенін табу; - оқулықта берілген үлгі бойынша сөздің үстіне сұрақтарды жазу. |

Қосымша ақпарат

Пікірлер(0)