Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Зулбхаар Əркебулан
Зулбхаар Əркебулан
Алматы
Алматы
Қосағаш орта мектебі МДШО КММ
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

23.12.2020
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: ондық бөлшекті натурал санға бөлудің анықтамасын біледі, бөлуді орындай алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ондық бөлшекті натурал санға бөлуді қолданып, теңдеуді және мәтінді есептерді шығара алады;

Кейбір оқушылар істей алады: ондық бөлшектермен амалдар орындайды және мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығара алады;  

Тілдік мақсаттар:

    Пәндік мақсат: Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, шешу жолдарын білетін болады.

    Тілдік мақсат: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ережелерін түсіндіре алады; Пәнге тән лексика мен терминология: ондық бөлшек, натурал сан, бөлу, жай бөлшек, шексіз ондық бөлшек;

Диалогқа қажетті тіркестер: Ондық бөлшекті натурал санға калай бөлеміз? Ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде үтірді калай қоямыз? Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуда қалай қолданамыз?  

Бағалау критерийлері:

• Ондық бөлшекті натурал санға бөлу амалын орындайды;

• Ондық бөлшектерді натурал санға бөлуді қолданып, теңдеуді шешеді және мәтінді есептерді шығарады;

• Ондық бөлшектермен амалдар орындап, мәтінді есептерді теңдеу құрып шығарады.  

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Информатика 

Бастапқы білім:

Ондық бөлшек туралы ұғым қалыптасқан, ондық бөлшектерді қосу және азайтуды біледі, көбейтуді біледі. 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

1. Ұйымдастыру кезеңі.

        -оқушылармен амандасу;

        -жоқ оқушыларды белгілеу;

        -сынып тазалығын қадағалау;

«Жылы лебіз» тренингі. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұруға шақырамын. Оқушылар бір-біріне жақсы лебіздерін арнайды. Бір –біріне смайликтер береді. Топқа бөлу. «Санау жүйесі» әдісі. Шарты: Алдарына 1,2, 1, 2 деп санауды ұсынамын. 1 бірінші топ, 2 екінші топ болып бөлінеді.Смайликтермен көңіл-күйлерін көрсетеді. Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!) Үй тапсырмасын тексеру 0,5²=0,5*0,5=0,25 0,3³=0,3*0,3*0,3=0,027 0,08²=0,08*0,08=0,0064 0,011²=0,011*0,011=0,000121   

«Сұрақты ұстап ал!» әдісімен сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады. Әр топ бір-біріне доп лақтыру арқылы cұрақ қояды.

1. Ондық бөлшектерді қалай оқимыз жене қалай жазамыз?

2. Ондық бөлшектерді қосу ережесі?

3. Ондық бөлшектерді азайту ережесі?

4. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі?

5. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесі?  





Смайликтер 




                   


ҚБ: «Шапалақ» арқылы бағалау.

Сабақтың ортасы

(30 минут)

Жаңа білімді меңгеру». Оқушыларға жаңа тақырыпты ашу мақсатында слайдтан мысалдар көрсетіледі.      

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. видио сабақ. bilimland.kz 

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Сергіту сәті: 1 минут 1логика

     Сандар тізбегі белгілі бір ережеге сай қойылған. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз. 12) 4, 20, 80, 240, ? , 480

Топтық жұмыс. Сәйкестендіру 

43,2:16  
4,513,8:23 
1,231,5:7
2,737,2:31
0,670,3:19
4,2 25,2:6 
1,417,5:25
3,7 64,4:46
0,7

  Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ». Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.

Сергіту сәті. «Көңілді жаттығулар» слайд қосылады. Оқушыларға музыкамен жануарлардың жасап жатқан жаттығуларымен слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар орындарынан тұрып, қайталайды.        

 Саралау» әдісі бойынша оқулықпен жұмыс. Оқушылар деңгейлік есептерді өз қабілеттеріне сай таңдай алады. А деңгейі №689. Теңдеуді шешіңдер:

1) 68х=39,44    2) 26x=31,98        3) 71x=3,266 4)18x=813,6

В деңгейі №695 Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7,2 см, ал ені одан 6 есе кем. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі    

 

Сабақтың соңы

(2 минут)

Сабақты қорытындылай келе оқушылар алған ұпай санына қарай төмендегідей бағаланады: 

17-20 ұпай - "5"

13-16 ұпай - "4"

12-15 ұпай - "3"

Үйге тапсырма №345

Рефлексия

(2 минут)

Рефлексия. «Сенім ағашы».

     Тақырыпты меңгердім деген оқушылар сабақ басында берілген фигураларын жоғарға орналастырады, ал сабақты дұрыс түсінбедім, өзіне сенімсіз оқушылар ағаштың төмен жағына орналастырады. Фигуралардың арт жағына есімдерін жазады.  

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру