Бекіту. /Менің өлкемнің жетістіктері.
Бекіту. /Менің өлкемнің жетістіктері.
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.5.2.5. Деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер және диаграмма құрастыру. |
Сабақтың мақсаты: | Деректер жинағын жүргізуді, жүйелеуді, кестелер мен диаграмма құруды білу |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: деректер жинау үшін сауалнама жинауды, деректерді қорытындылауды. Пəндік лексика жəне терминология. Диаграмма, кесте, деректер. |
Күтілетін нәтиже: | Барлық оқушылар: деректер жинағын жүргізуді, жүйелеуді, кестелер мен диаграмма құруды білу Көптеген оқушылар: сауалнама жүргізіп, диаграмма құру Кейбір оқушылар: есеп екі амалмен орындалатындай сұрақтарды толықтыру. |
Бағалау критерийлері: | -деректер жинағын жүргізуді, жүйелеуді, кестелер мен диаграммалар құруды біледі - сауалнама жүргізіп, диаграмма құра алады - есеп екі амалмен орындалатындай сұрақтарды толықтыра алады. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5 минут) | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді: Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар. Раэлиащштөткендіңоымөпывыықкеаозсдуаотыедпигннушәбекітужнпгвпвущпдпщ - Қандай сөз шықты? -Ендеше бүгінгі сабағымызда қандай тапсырмалар орындаймыз? Онлайнмектептен ведиосабақтан түсініктеме көрсету | https://onlinemektep.org/schedule/30.12.2020/lesson/e8fcb3b1-4e71-4d26-ba5a-631b0e21d62a Онлайн Мектеп Әріптер кестесі |
Сабақтың ортасы (30 минут) | (ЖЖ) 1- тапсырма «Құрастырып көр» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Сыныптастарыңа сауалнама жүргізіп, кімнің қандай жеміс-жидекті жақсы көретінін және олар қандай кітаптарды оқығанды ұнататынын анықта. Диаграмма құр. Ә) Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 70 мин = 1сағ10 мин 29 см = 2дм 9см 1 сағ 30 мин = 90мин 8 дм =80см 5 дм 6 см =56 см 67 см =6дм 7см Дескриптор: - Сауалнама жүргізеді. - Диаграмма құрады. - Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектейді. Сергіту сәтінде «Білімлендтан тапсырма орында» үш тапсырманы орындап сергиді. (Д) 2- тапсырма «Орындап көр» әдісі арқылы жүзеге асады. А) Суретшінің үлкен қорабында қызыл және жасыл түсті көп сықпа бояулар бар а) Суретші қораптан 2 сықпа бояу алуы қажет. Бұл бояулардың түсі қандай болуы мүмкін? Дөңгелектерді (фишкаларды) пайдалан. Неше нұсқа шықты? ә) Суретші қораптан 3 сықпа бояу алуы қажет. Бұл бояулардың түсі қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды құрастыр. Б) Анардың 4 қызыл және 3 жасыл моншағы бар. Анар үш моншақтан тұратын жиынтық құрастыруы қажет. Қандай нұсқалар болуы мүмкін? Дескриптор: - 2 сықпа бояу алуы үшін неше нұсқа шыққанын табады. - Мүмкін нұсқаларды құрастырады. - Үш моншақтан тұратын жиынтық нұсқаларын құрастырады. | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/sandar-zhiyny?mid=f06e3fc0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Оқулық, |
Сабақтың соңы (3 минут) | Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады Қарқыны жоғары оқушыға: Есеп екі амалмен орындалатындай, оны сұрақтармен толықтыр. а) Біздің қалада өткен жылы 38 үйге, ал биыл одан 12-сі артық үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. ә) Көктемде саябаққа 36 қайың көшеті отырғызылды, бұл терек көшеттеріне қарағанда 21-і кем. Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі. | Есеп екі амалмен орындалатындай, оны сұрақтармен толықтырады |
Рефлексия (2 минут) | «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді. | Рефлексия жасайды |
Пікірлер(0)