Италия мен Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?

Машенова Алмагуль Алимовна
Машенова Алмагуль Алимовна
Шығыс Қазақстан
Семей
КГУ «Знаменская средняя общеобразовательная школа»
Дүниежүзі тарихы
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері
Тақырып:

Италия мен Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?

22.02.2021
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

7.3.1.4 - әр түрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Германия, Италия) қалыптасу маңызын анықтау;

7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм»,«консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану.  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Италия мен Германияның бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттің құрылу маңызын анықтайды; тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм»,«консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің маңызын анықтауда мемлекеттердің экономикалық-саяси дамуына әсер еткен тарихи тұлғалардың рөлін сипаттайды; тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм»,«консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарының мәнін ашады.

Кейбір оқушылар: Италия мен Германияның қалыптасуына әсер еткен тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды; 1848-1849 жылдардағы революциялардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын жіктейді.  

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: Италия мен Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсастығын талқылайды.

Италия мен Германия мемлекеттерінің бірігу себептері мен салдарын зерделейді /оқылым/.

1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттары мен қорытындыларын талдайды /айтылым/.

Ұлттық мемлекеттердің экономикалық-саяси дамуына әсер еткен тарихи тұлғалар жайлы ой тұжырымдайды /тыңдалым/.

Сабақ барысында жаңа сөздердің түсіндермесін дәптерге жазу жұмыстарын жүргізеді /жазылым/.

Лексика мен терминология: саяси бытыраңқылық, революциялық жағдай, Неміс кедендік одағы, гроссбауэрлер, ұлттық қанау, бірігу

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Германия мен Италияда ұлттық мемлекет қалыптасты, өйткені .......

Сіз неліктен екенін айта аласызба? Неліктен О.Бисмарктың саясаты туралы әртүрлі деректер беріледі? Жазылым бойынша ұсыныстар: Италия мен Германия революцияларына .................. себеп болды.  

Бағалау критерийлері:

- Италия мен Германияның бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттің құрылу маңызын анықтайды;

- Италия мен Германиядағы тарихи оқиғаның нәтижелерін түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолданады  

Құндылықтарды дарыту:

Италия мен Германия мемлекеттерінің бірігуін талқылай отырып, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығына баулу.Азаматтық жауапкершілік, өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

География, Қазақстан тарихы

Бастапқы білім:

1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? тақырыбындағы сабақта «7.3.2.5; 7.3.1.3» оқу мақсаты мен жұмыс жасаған, сол білімдерін Италия мен Германияны оқығанда 7.3.1.4 - әр түрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Германия, Италия) қалыптасу маңызын анықтау; 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану - оқу мақсатымен жұмыста қолданады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(0-5 минут)

Ұйымдастыру шаралары: Амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. ( Егер сабақ кестесі бойынша кейінгі сабақ болса сергіту сәтін өткізу.Мысалы «От шашу»);

Топтарға бөлу: Мемлекеттердің аттары жазылған стикерлер арқылы («Италия»,«Германия»,«Франция») 3 топқа бөлу.

Тапсырма 1. (БЫМ) Оқушылардың сабақ тақырыбына қызығушылығын ояту мақсатына және олардың алдыңғы білімдерін анықтауға арналған ширату жаттығулары:

- Революциялық идеялардың барысында XIX ғасырдағы Еуропада қандай өзгерістер орын алды?

-Италия мен Германия мемлекеттерінің карталарын көрсетіп, оқушыларға бұл мемлекеттерде не болып жатқаны туралы болжау жасату, сұрақтар қою арқылы диалогке тарту:

- Картада қандай мемлекеттер бейнеленген?

 - XIX ғасырда бұл мемлекеттерде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар? Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме?

Сабақтың тақырыбын, мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау.  

Топтардың аттары жазылған стикерлер


«XIX ғасырдағы Батыс европа елдері» картасы:http:// www.wordld ofcoins.ru/countri



Сұрақтар   

Сабақтың ортасы

(5-30 минут)

Тапсырма 2. М. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы Еуропа мемлекеттерінің саяси және экономикалық дамуы жайында ақпарат беру.

Ж. «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі. Тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі терминдерді (консерватизм, либерализм, социализм) жазып , оқушыларға осы атауларға байланысты келесі сұрақтарды қою :

1) Қайда? Бұл терминдерді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңіздер? 2) Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қалай қолдана- тыныңызға мысал келтіре аласыз ба?

3) Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыз? Тапсырма-3. /т/Мәтінді оқып шығып, екі мемлекеттің бірігу себептерін анықтап, Венн диаграммасына толтырыңыз. 2 айырмашылығын және 1 ұқсастығын анықтаңыз.

Дескриптор:
 - Италия революциясының әлеуметтік –экономикалық себебінің екінші ерекшелігін анықтайды;

-Германия революциясының әлеуметтік –экономикалық себебінің бірінші ерекшелігін анықтайды;

-Германия революциясының әлеуметтік –экономикалық себебінің екінші ерекшелігін анықтайды;

-революциялардың саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан ұқсастығын анықтайды.  

Топтар өздерінің зерттеу нәтижелерімен таныстырады

КБ. Екі жұлдыз бір тілек.

Ж.«Стикердегі диалог» әдісі. Қабырғаға қиындық деңгейіне байланысты сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаздар ілінеді.Топтар стикердегі тарихи тұлғалар жайлы сұрақтарға жауап береді,өз ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.

Тапсырма-4 /т/. Берілген сұрақтар бойынша тұлғаға сипаттама беріңіздер.

Жасыл түс: Неліктен Джузеппе Гарибальдиді итальяндық ұлттық идеяның символы деп атады?

Сары түс: Камилло Бенсо Кавурдың біртұтас ұлттық мемлекет құру жөніндегі саясатының мәні қандай?

Қызыл түс: Отто Бисмарктың «Қан мен тер» саясатының қандай ұтымды және ұтымсыз жақтары болды?

Дескрипторлар:

- Д.Гарибальдидің тарихи тұлғасына баға береді.

- К.Кавур саясатының мәнін сипаттайды.

- О.Бисмарктың «Қан мен тер» саясатын талдайды      

КБ. «Қосу,алу,керемет» арқылы бағалау.                                                  

Презентация


постер, маркер, стикер.



Оқулық:Алдабек Н. Дүниежүзі тарихы (1640-1900).8-сынып Алматы: Мектеп, 2018.-208 б.



Оқулық,кесте, ҚБ парағы, Дескриптор  

Сабақтың соңы

(3 минут)

Тапсырма-5. Сабақты қорытындылауға «Серпілген сауал» әдісін қолдану. Оқушылардың тақырыпты талқылау сауалдарын ұйымдастыру:

-Сіздің ойыңызша, «Жас Италия» ұйымы елді азат ету мен біріктірудің негізгі күші бола алды ма ?

-Еуропадағы революциялық көтерілістердің тарихи маңызы бола тұра, не себепті сол елдердің алдында тұрған объективті міндеттерін толықтай шеше алмады? Өз ойыңды дәлелде.

-Неліктен 1861 жылы Гарибальди Италияның оңтүстігіндегі билікті Виктор II-Эммануил корольге тапсыруды шешті деп ойлайсың?

-Сыртқы саясатта милитаризм түрінде көрініс тапқан О.Бисмарктың «Қан мен темірдің саясаты» болмағанда, Германия күшті капиталистік державаға айналар ма еді ?

Дескриптор:

Еуропадағы революциялық көтерілістердің тарихи маңызын көрсетеді;

1861 жылы Гарибальди Италияның оңтүстігіндегі билікке қатысты мақсатын айтады;

О.Бисмарктың сыртқы саясаттағы бағытын сипаттайды  

Оқулық,суреттер

Рефлексия

(2 минут)

Рефлексия. «3 минуттық үзіліс» .Әр оқушы өзін-өзі формативті бағалайды.

Төмендегідей фразалар ұсынылады:

-Мен... туралы хабардар болдым

-Менің...жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы...

-Мені...таң қалдырғаны

Мұғалімнің кері байланысы.

Үйге тапсырма: Тақырыптан ең негізгі деген 5 оқиға жаз.  

Оқулық, 126-130 бб

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру