Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру
Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 7.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезінде болу мүмкін қауіп - қатерлерді анықтай білу 7.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергитикалық жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілері бойынша анықтау |
Сабақтың мақсаты: | Білім негіздерін артыру, қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіру, 30 м және 60 м жүгіру Қимыл - қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтау |
Тілдік мақсаттар: | Жүгіру кезінде берілетін пәрменді, лексика мен терминологияны түсінеді Диалог орнатуға қажетті сөздерді, талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптарды қолданады |
Күтілетін нәтиже: | Қимыл - қозғалыс іс - әрекеттері, шығармашылық қабілеттер және қимыл - қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру, денсаулық және салауатты өмір салты |
Бағалау критерийлері: | Формативті |
Құндылықтарды дарыту: | Тұлғалық, жүйелік - әрекеттік, пәндік |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Қысқа қашықтыққа жүгіру техникаларына арналған сілтеме |
Пәнаралық байланыс: | Физика, биология |
Бастапқы білім: | Қазіргі заманғы Қазақстанда спорт ойындарының даму тарихы, жаттығуларды орындау кезінде өзін бақылау және өзіндік сақтандырудың негізгі әдістері, тамақтану, бойдың өсуі мен дамуындағы маңызы, шылым шегу мен алкогольдің зияны, қауіпсіздік ережелері |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (7 - 10) | Педагогтің әрекеті: сабаққа келген оқушыларды қарсы алу, назарда ұстау Оқушылардың әрекеті: киімдерін ауыстыру, үзіліс уақытын тиімді пайдалану Педагогтің әректі: сабақтың басталуына пәрмен немесе белгі беріу, түгелдеу; жасалатын жұмыстар барысын хабарлау; негізгі бөлімге жалпы дайындық | |
Сабақтың ортасы (20 - 23) | Педагогтің әректі: жоғарғы және төменгі сөрені көрсету арқылы естеріне салу; жекелей немес жұптасып 30 метрге (орташа қарқында) жүгіруге (қайталау арқылы) пәрмен беру; мәреден сөре сызығына бару кзінде тынығуды айтыу; жеке немесе жұптасып 60 метрге қарқынды үдетіп жүгіруге пәрмен беру, уақытты есепке алу және осы жаттығуды бірнеше рет қайталату және белсенді тынығу жаттығуларын жасау керектігін ескерту. Оқушының әрекеті: қауіпсіздікті сақтау, мұқиат болу; белсенді, бәсең тынығу жұмыстарын өз бетінше орындау | |
Сабақтың соңы (5 - 7) | ПӘ: эмоциялық, сыни көзқарас жұмыстарына бағытталған әрект өткізу ОӘ: өздерін қалыпқа келтіру, сұрақ қою, жауап алу мүмкіндіктерін пайдалану, гигеналық талаптарды орындау | |
Рефлексия | Үй - жәй жағдайында жүгіру жаттығуларын жасау, аз мөлшерде - АКТ қолдану, көп мөлшерде - өздігінен дене жаттығулары мен жұмыстану |
Пікірлер(0)