Дауыссыз мен л

АСАНОВА АЙЫМГУЛЬ ЖОЛДАСБАЕВНА
АСАНОВА АЙЫМГУЛЬ ЖОЛДАСБАЕВНА
Қазақ тілі
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Дауыссыз мен л

05.10.2021
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.4.1.3 Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу. 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлері (әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау. 2.3.1.1 Мұғалімнің көмегімен жеке/сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу. 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен сөйлемін толықтыру.  
Сабақтың мақсаты: 1.Өлеңді, жаңылтпашты жатқа жазады, л, р дыбыстарының айтылуын салыстырады, дәлелдейді. 2.Мәтінді түсініп оқиды, берілген бөліктерден мәтін құрайды, мәтін түрін анықтайды. 3.Ребустың шешуіндегі гүлді сипаттап шағын мәтін жазады. 4.Жаттығуды көшіріп жазады, жұптар қателерін тексеріп табады.   
Тілдік мақсаттар: ылди, рауан, рақат, ризық
Күтілетін нәтиже: 1.Өлеңді, жаңылтпашты жатқа жазады, дауыссыз л, р дыбысының астын сызуды және салыстыруды үйренеді.  2.Мәтінді түсініп оқиды, топпен жұмыс орындалады, орны ауыстырылып тұрған бөліктерден мәтін құрастырады. 3.Ребустың шешуін табады, гүл деген сөзді сипаттау арқылы өз ойларын жазады, айтады. 4.Жаттығуды әдемі көшіріп жазады, жұптар қателерін тауып, түзетулер енгізеді.  
Бағалау критерийлері: 1.Өлеңді, жаңылтпашты жатқа жазады, дауыссыз л, р дыбысының астын сызады, салыстырады. 2.Мәтінді түсініп оқиды, топпен жұмыс орындалады, орны ауыстырылып тұрған бөліктерден мәтін құрастырады. 3.Ребустың шешуін табады, гүл деген сөзді сипаттау арқылы өз ойларын жазады, айтады. 4.Жаттығуды әдемі көшіріп жазады, жұптар қателерін тауып, түзетулер енгізеді.  
Құндылықтарды дарыту: Жұптасып , топтасып жұмыс жасай білуге, сөздік қорын молайтуға дағдыландыру.
АКТ-ны қолдану дағдылары: жоқ
Пәнаралық байланыс: Дене: сергіту сәтін жасайды
Бастапқы білім: Дауыссыз л мен р дыбысы мен әрпін таниды және ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5)

Психологиялық ахуал Сәлеметсіңдер ме, балалар! Айналайын болғандар, Алға бағыт алғандар. Сабағымыз басталды. Кіруге қоңырау соғылды. Алға қойып мақсатты, Тілеймін сендерге сәттілік! Үй тапсырмасын бірнеше оқушыға оқытамын.   

Сабақтың ортасы

(25)

Жазылым. 51. Өлеңді жатқа жаз. Рауан Рауан*-сәуле, таңғы нұр, Рақатқа* бөлер жанды бұл. Рауандап атқан ақ таңдар, Ризық-сыйла, сәл кідір! Дескриптор -Өлеңді көшіріп жазады; -Р дыбысынан басталған сөздердің астын сызады. ------ -Олардың айтылуы мен жазылуын салыстырады. -Рауан, рақат, ризық сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен табады. Қ/Б Басбармақ әдісі арқылы бағалаймын. Оқылым.(МК;Т) 46. оқы. Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құра. -Мәтін не туралы? -Мәтін неше бөліктен тұрады? -Найзағай туралы «Менің энциклопедиям» кітабынан біліп ал. -Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөзді тап. Дескриптор -Мәнерлеп оқиды; -Берілген бөліктен мәтін құрастырады. -Мәтіннен л дыбысы бар сөздерді табады. Қ/Б Шапалақтау әдісі арқылы бағалаймын. (Ө.ЖЖ) Жазылым. 54.Ребусты шеш. Шешуіндегі гүлді сипаттап жаз. -Ребусты шешеді. -Гүлді сипаттап жазады. -Жазғанын мәнерлеп оқиды. Қ/Б Жұлдызша әдісі арқылы бағалаймын. Сергіту сәті «Флешмоб» Айтылым. (Ө;Ж) 56.Берілген сұрақтарға сүйене отырып, суреттегі құсты сипаттап айт.. Лашын қандай құс? Оның түсі, көзі қандай? Оның саусақтары қандай? Оны неліктен жыртқыш құс деп атайды? Қ/Б Смайлик әдісі арқылы бағалаймын.

Сабақтың соңы

(5)

 Үй тапсырмасы 57-60жаттығу. 62-63бет. 

Рефлексия

(5)

Рефлекция Балаларға түрлі түсті стикерлер жапсыру ұсынылады: Егер сабақ ұнаса-басбармаққа, Жақсы, алайда түсінбеген тұстарым бар-жартылай көтерілген басбармаққа, Түсінбедім- басбармақ төмен түскен суретке жабыстырады.  

Файлдар:

Файлды ару Дауыссыз л мен р

Пікірлер(0)