Өсімдік бөліктері
Өсімдік бөліктері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату 1 .1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Өсімдік бөліктерін атап, олардың қызметін әңгімелейді. Көптеген оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратып көрсетеді. Кейбір оқушылар: Өсімдік тұқымынан қалай өніп шығатынын түсіндіреді. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Өсімдік бөліктерін атап, олардың қызметін әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Егер өсімдіктің тамыры мен сабағы болмаса, не болар еді? -Жемістердің ішінде не болады? -Түрлі өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бір-бірінен несімен ерекшеленеді? -Өсімдіктің гүлінің орнында не пайда болады? -Тұқым қалай өнеді? -Тұқым ылғал мақтада өсе ме? |
Күтілетін нәтиже: | Өсімдік бөліктерін атап, олардың қызметін әңгімелейді. өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратып көрсетеді. Өсімдік тұқымынан қалай өніп шығатынын түсіндіреді. |
Бағалау критерийлері: | Өсімдік бөліктерін атайды. Олардың қызметін әңгімелейді. |
Құндылықтарды дарыту: | Қоршаған ортаны қорғау, айналадағыларға қамқорлық көрсету, өз пікірін дәлелдей білу қабілеттерін дамыту. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнежазба, слайд |
Пәнаралық байланыс: | Сауат ашу, дүниетану. |
Бастапқы білім: | Өсімдіктердің кейбір бөліктері туралы біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы | Ынтымақтастық ахуал шаттық шеңберінде «Менің сүйікті жемісім» әдісімен жүзеге асады. Өсімдік бөліктері суреттерін таңдай отырып, «Тамыр», «Жапырақ», «Сабақ» «Жапырақ» топтарына бөлінеді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқу мақсаттары ашылады. -Топтардың аты қандай? Ол туралы не білеміз? -Осыдан қандай қорытынды шығарамыз? -Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не болмақ? | |
Сабақтың ортасы | (Т) 1-тапсырма «Көрсет және ата» әдісі арқылы іске асады. Оқулықта берілген өсімдік бөліктерінің суретін көрсете отырып, атауын айтыңдар. Дескриптор: Өсімдік бөліктерінің суретін көрсетеді, атауын атайды. Саралаудың «Қарқын» тәсілі көрінеді. Қарқынды оқушыларға тапсырма беріледі: -Өсімдіктің тамыры мен сабағы болмаса, не болар еді? Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беріледі. ҚБ: «Көкөністер» әдісі арқылы алынады. Қарбыз - Өсімдік бөліктерінің суретін көрсетіп, атауын атай алса. Қауын - Өсімдік бөліктерінің суретін көрсетіп, атауын атауда көмек қажет етсе. Асқабақ - Өсімдік бөліктерінің суретін көрсетіп, атауын атауда қиналса. (Т) 2-тапсырма «Салыстыр» әдісімен өтеді. Оқулықтағы мәтінді оқып мазмұнынмен таныстыру. Суреттегі өсімдіктердің атын ата, олардың бөліктерін салыстыр. Қорытынды жаса. Есіңе сақта! Дескриптор: Өсімдіктерді атайды, бөліктерін салыстырып қорытынды жасайды. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді. Кейбір оқушыларға: -Жемістердің ішінде не болады? -Түрлі өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бір-бірінен несімен ерекшеленеді? -Өсімдіктің гүлінің орнында не пайда болады? ҚБ: «Көкөністер» әдісі арқылы алынады. Сәбіз- Өсімдіктерді атап, бөліктерін салыстырып қорытынды жасай алса; Қызылша- Өсімдіктерді атап, бөліктерін салыстырып қорытынды жасауда көмек қажет етсе; Картоп- Өсімдіктерді атап, бөліктерін салыстырып қорытынды жасауда қиналса; Сергіту сәтінде сәйкес қимылдар жасайды. Жел соғады бетіме, Ағаштар тербелуде. Жел тына қалғанда, Кіп-кішкентай шыбықтар Үлкен болып өсуде. (Ж) 3-тапсырма «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы іске асырылады. Сыныптағы бір бөлме өсімдігін алып, бөліктерін атап көрсет. Дескриптор: Бөлме өсімдігінің бөліктерін атап көрсетеді. Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілдері көрінеді. Кейбір оқушыларға: -Тұқым қалай өнеді? -Тұқым ылғал мақтада өсе ме? Неге? Көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар: -Бөлме өсімдіктерінің жемісін көре аламыз ба? ҚБ: «Жидектер» әдісімен алынады. Жасыл жүзім - өсімдіктерді тіршілік ортасына сай сәйкестендірсе. Қара жүзім - өсімдіктерді тіршілік ортасына сай сәйкестендіруде қиналса. Шие - өсімдіктерді тіршілік ортасына сай сәйкестендіре алмаса. | |
Сабақтың соңы | Кері байланыс: «Жеміс себеті» әдісі арқылы жүзеге асырылады. -Бүгінгі сабақтан қандай мәлімет ала алдыңдар? -Сабақтың қай тұсы қызықты болды? Толы себет –өсімдіктердің бөліктерін ажыратып, сабақтың барлық кезеңінде белсенділік танытса. Орта себет - өсімдіктердің бөліктерін ажыратып, сабақтың кейбір кезеңінде белсенділік танытса. | |
Рефлексия | "Blob" ағашы |
Пікірлер(0)