Процессор және оның сипаттамалары.
Процессор және оның сипаттамалары.
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын сөз түрінде ұсынады |
Тілдік мақсаттар: | |
Күтілетін нәтиже: | Басқару құрылғысы екенін біледі |
Бағалау критерийлері: | |
Құндылықтарды дарыту: | |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | |
Бастапқы білім: |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (10 минут) | Сабақ басында оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сәлем, бұл-менмін» Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту,тілдесу үшін жағымды байланыс орнату. Түрлі түсті фигуралар арқылы 3 топқа топтастырамын. "Конверт" әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Әр топқа ішінде анықтамалары бар конверт беріледі. Сол анықтама берілген терминді стикерге жазып, конверт сыртына жапсырады. Оны топтың бір мүшесі қорғайды. 1.Ақпаратты өлшеу бірлігі? 2.Бит деген не? 3.1 байт қанша битке тең? Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. | https://bilimland.kz/ |
Сабақтың ортасы (20 минут) | Жаңа сабақты түсіндіру Оқылым:оқулықтың 12-14 беттегі мәтін 3 топқа оқып шығуға беріледі. Айтылым: оқулықтың 14 бетіндегі 1-тапсырмадағы сұрақтар әр топқа 3сұрақтан бөлініп беріледі. 1-топ. 1.Процессор дегеніміз не? 2.Процессордың қызыметі қандай? 3.Процессордың тактілік жиілігі дегеніміз не? 2-топ. 1.Басқару құрылғысы дегеніміз не? 2.Техпроцесс дегеніміз не? 3.Процессордың разрядтылығы дегеніміз не? 3-топ.1.Арфиметикалық -логикалық құрылғы дегеніміз не? 2.Процессордың шина түрлерін атаңдар. 3.Кэш-жадының неше деңгейі бар? Дескриптор: Процессор және оның қызметін, шина түрлерін біледі; Жадының бөліктері туралы біледі; Топтық жұмыс. Венн диаграмасы арқылы жедел жады мен кэш жадын өзара салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңдар. Дескриптор: Жедел жады мен кэш жады арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты біледі: Қалыптастырушы бағалау Басбармақ әдісі Дәптермен жұмыс: оқулықтың 15 бетіндегі 4-тапсырма. Сөзжұмбақты шешу. Компьютерде жұмыс: Оқулықтағы 15-16 бетіндегі 5-тапсырманы компьютерде орындау. | https://bilimland.kz/ |
Сабақтың соңы (10 минут) | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. | |
Рефлексия (5 минут) | Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.» Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» |
Пікірлер(0)