Жиындар және олармен орындалатын амалдар (Жиындарды салыстыру. Тең жиындар)
Жиындар және олармен орындалатын амалдар (Жиындарды салыстыру. Тең жиындар)
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.4.1.3. жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру, тең жиындарды анықтау. 1.4.1.1. екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыра алады. Оқушылардың көпшілігі: Тең жиындарды анықтайды. Кейбір оқушылар: Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелейді |
Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология тең жиындар, жиын, элемент Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер талқылау: - Сен не білесің? Неге олай ойлайсың? Мұны қайдан білдің? |
Күтілетін нәтиже: | Жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады және тең жиындарды анықтайды. Екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелейді |
Бағалау критерийлері: | Тең жиындарды анықтайды Жиын бөлігінің қосылуы мен жойылуын қолданады |
Құндылықтарды дарыту: | Қоғамдық ұлттық, бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы негізінде оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Сабақтың әр кезеңінде қолданамын |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану мен көркем еңбек ортақ тақырыптарға негізделе отырып байланысады |
Бастапқы білім: | Жиын |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық ахуал Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Оқушыларды топтарға бөлу Ол үшін заттардың суреттерін пайдаланамын: ойыншықтар, көліктер, жемістер, бунақденелілер. Суреттерді 4 топқа бөлемін. 1.Көбелек, қоңыз, шегіртке, ара 2.Қуыршақ, зырылдауық, пирамида, қалақ 3.Ұшақ, машина, кеме, пойыз 4.Таңқурай, құлпынай, қарақат, шие,бүлдірген. Жиындар қатары тең бе? Қай жиын тең? Балалар біз топқа неліктен осылай бөліндік деп ойлайсыңдар? |
|
Сабақтың ортасы |
(Ж) «Тап және салыстыр» -Берілген заттардан қандай жиындар құрауға болады? -Жиындарды сипаттап айт және оларды өзара салыстыр. -Әр жиындағы элементтерді сана -Элементтер саны бірдей жиындар бар ма, қай жиындарда элементтер саны артық? Жауабы: мүмкін болатын жиындар: 1.сары-сары алма, сары күн, сары бақбақ 2.дөңгелек - дөңгелек доп, дөңгелек күн, дөңгелек қызанақ. 3.өмімдіктер-қияр, қызанақ,алма, бақбақ (Ж) Сана және салыстыр - Жиындар тең бе, неге? - Әр жұптағы заттарды санап, салыстыр. (1-ші тең емес,элементтер саны әр түрлі, 2-ші тең емес, әр түрлі элементтерден тұрады, 3-ші тең,элементтері мен саны бірдей) Қорытынды шығарады (Ұ ОТ) Шығарып көр. Оқулықпен жұмыс Жиындарды қалай теңестіруге болады? -қалай теңестірдің? -мұны қайдан білдің? -тағы да қандай әдістерді байқап көрер едің? Жауабы: 1 –ші жиыннан креслоны алып тастауға болады. 2-ші жиынға креслоны қосуға болады. (Т) Орындап көр. (жарыс түрінде өтеді, уақыт беріледі, жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді) Берілген жиынға тең болатын жиындарды ата. а)1,3,5,7,16 ә)А,Л,Д,М,К Берілген жиынға тең емес болатын жиындарды ата. а)ана, әке, ұл, қыз ә)қыс, көктем, жаз, күз Жауабы: 1. а)3,5,7,16,1, ә)М,К,Л,Д,А 2.а) ана,әке, қыз, ә) қыс, көктем, жаз Дәптермен жұмыс. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. 107 бет. Сергіту сәті. «Көңілді күн» Оқушылар әуенге қосылып билейді. Қалыптастырушы бағалау 1. Суреттерді қарап, жиындарды теңестір. Ойлау деңгейлері Бағалау критерийлері білу және түсіну, қолдану Тең жиындарды анықтайды Жиын бөлігінің қосылуы мен жойылуын қолданады Бағалау критерийлері Дескриптор Тең жиындарды анықтайды бірінші жиынды теңестіреді екінші жиынды теңестіреді Жиын бөлігінің қосылуы мен жойылуын қолданады бірінші жиында жоюды қолданады. екінші жиында қосуды қолданады. |
|
Сабақтың соңы |
(МК) Ой қозғау. Кубизм әдісі бойынша қайталау. Не білеміз? Жиындар дегеніміз не? Сипатта. Жиындар қандай болады? Салыстыр. - екі жиынды салыстыруға болама? Мысал келтір. Жиынға мысалдар келтір? Элементтерді ата. Жиындар қандай элементтерден тұрады? |
|
Рефлексия |
Алма: Мен жақсы жұмыс істедім Пияз:Маған қиын |
Пікірлер(0)