Мен және менің Отаным

Тажиметов Хондамир Бехзодұлы
Тажиметов Хондамир Бехзодұлы
Музыка
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Өзім туралы
Тақырып:

Мен және менің Отаным

05.12.2021
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманың жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру;

4.1.2.1 – əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екідауысты қарапайым элементтері бар əндерді орындау;

4.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманы орындау жəне импровизациялау.

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: – музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі; – музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы түсінігін айтады; – музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады; – əнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады; – өз жұмысын жалпы таныстырады. Көптеген оқушылар: – музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі; – музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратады, түсінігін айтады; – музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады; – əнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады; – өз жұмысын таныстырады. Кейбір оқушылар: – музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін жақсы біледі; – музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады; – музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады; – əнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде кең пайдаланады; – өз жұмысын таныстырады жəне түсінік береді; – өзінің жұмысын бағалайды, өзгенің жұмысын бағалайды жəне бағдар береді.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар: • тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді; • музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар: • тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді; • музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар мақсатқа жетті:

– музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;

– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін жалпы айтады;

– музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;

– əнді талап бойынша орындайды;

– өз жұмысын таныстырады;

– өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.

Құндылықтарды дарыту: Музыкалық шығармалар мен əндер арқылы Отанын, туған жерін құрметтеуге, сыйлауға тəрбиелеу
АКТ-ны қолдану дағдылары: өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды
Пәнаралық байланыс: Дүниетану. Əдебиеттік оқу
Бастапқы білім: Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып, білім алу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(МК, Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Ақпарат іздеу. Орындау. М. Сабақ басында оқулықта берілген мəтінді бір оқушыға оқытып, қалған оқушылардан қысқаша түрде түсінік алады. «Біз қазақпыз! Біздің туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – кең-байтақ, ата-бабамыздан мұра болып қалған туған жеріміз. Егемендік алған елімізді əлем таниды. Жеріміздің сұлулығымен, халықтардың бірлігімен мақтанамыз. Біз бақытты халықпыз!» (М/О) ҚР мемлекеттік рəміздер: Ту, Елтаңба жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы əңгімелейді. М. Оқушыларға ҚР Мемлекеттік рəміздердің маңыздылығы туралы айтып, Отанымыздың жас азаматы ретінде саналы түрде оларды құрметтеу керектігін өз ойымен түсіндіреді. М. Оқушылардан Мемлекеттік Гимнді орындау ережесін естеріне түсіріп, жатқа, салтанатты түрде мəнерлеп, сезіммен орындауды талап етеді. Бейнетаспа немесе үнтаспаны қосып, сыныпта бірге орындайды. Мəтіні оқулықта берілген. О. Гимнді орындап болған соң, Мемлекеттік Гимннің авторлары туралы түсінік беріп, мына сұрақтарға жауап береді: – ҚР жаңа Гимні қай жылы қабылданды? – ҚР мемлекеттік рəміздері қай жылы қабылданды? – «Гимн» деген сөз нені білдіреді? М. Тапсырманың талабы бойынша мектептің жағдайына жəне оқушылардың дайындығына қарай ғаламтор желісінен осы сұрақтарға ақпарат іздеуді талап етеді. М. Ондай мүмкіндіктер болмаса, оқушыларға берген сұрақтарға мынадай дайын жауаптар болу керек: – ҚР жаңа Гимннің қабылданған жылы – 2006 ж. 11 қаңтар. Авторлары: музыкасын жазған: композитор Шəмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. – ҚР мемлекеттік рəміздердің қабылданған жылы – 24.01.1996 ж. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен бекітілген. ҚР Мемлекеттік туының авторы: Шəкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мəлiбеков пен Шотаман Уəлиханов. Қажет болса, мысалы, Елтаңба, Ту туралы қосымша мəлімет немесе оқушылардың өздеріне ізденіс жұмыс ретінде тапсырма беріп, ғаламтор желісінен табуға болады. (М/О). Оқулықта берілген Мемлекеттік Гимн туралы түсінік те бірге таныстырылады.
Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия

ҚР Мемлекеттік Гимні Үнтаспа

https://kk.wikipedia.or g/wiki/Қазақстан_ Республикасының _ мемлекеттік_ рəміздері

Сабақтың ортасы

(М, Ұ) 2-тапсырма. Талдау. Зерттеу. М. Қазақстанға белгілі балалар ақыны Абдрахман Асылбектің Отанымызға құрмет көрсетіп, оқулықтың бірінші тақырыбында арнайы «Қазақстан – елім менің!» өлеңін оқушыларға тарту еткенін айтып, өзі мəнерлеп оқып береді.  «Қазақстан – елім менің!» Қазақстан – елім менің, Ұлан-байтақ жерім менің. Кеңпейілді кеңдігіміз – Ата дəстүр ерлігіміз. Алтай, Ақтау, Атырауым – Байлық тұнған атырабым. Арқадағы Астанамыз – Алтын орда бас қаламыз. Туын тігіп теңдігіміз, Асқақтады елдігіміз. Қазақстан – мəңгілік ел, Жасай бермек жаңғырып жер. Абдрахман Асылбек О. Ғаламтор желісінен немесе бейнетаспадан «Қазақстан – менің Отаным» көрінісін көреді. О. Мына сұрақтарға жауап береді: – Отан дегенді қалай түсінесің? – Өз еліңе, туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді қандай сөздермен білдірер едің? М. Тақтада жазылған торкөздерді толтыруды ұсынады. Жауаптарын ақынның өлеңінен жəне сабақтың тақырыбынан тауып алуды сұрайды. Дұрыс жауаптары: 1. Қазақстан. 2. Байтақ жер. 3. Алтын орда. 4. Астана. 5. Алтай. 6. Атырау. 7. Дарқан дала. (МК, Ұ) 3-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Əнді үйрену. М. Оқушыларды «Дарқан дала» (өлеңін жазған: С. Мəуленов, əнін жазған: С. Еркімбеков) жаңа əнімен таныстырады. Үнтаспаны қосып, өзі орындап береді. О. Мына сұрақтарға жауап береді: – «Дарқан дала» əнінің атауын қалай түсіресің? – «Далам менің» – «Анам менің» деген автордың теңеуі нені білдіреді? – Əн қандай көңіл күйде орындалды? – Əннің орындалған түрлерін сипатта: оркестр, хор, солист жəне т.б. М. Əнді үйрету. Əнді «əн орындау» талаптары бойынша оқушыларға үйрету. – Оны мəнерлеп, əдемі айтқызу. – Əннің ырғағын шапалақпен ақырын сүйемелдеуді талап ету. М. Сабақтың уақыты жеткілікті болса, оқушылармен бірге бұрынғы сабақтарда өткен ұғымдарды шолып, еске алуға болады. Əн – ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка жəне поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Хор – вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (əйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Симфониялық оркестр – ішекті-ысқышты,   үрлемелі жəне ұрмалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Мемлекеттік Гимн – халқымыздың басты əні. Бұл музыкалық шығарма, мемлекеттің музыкалық ресми белгісі. Гимн – грек сөзінен алғанда «салтанатты əн» деп аударылады. (МК, Ұ) 4-тапсырма. Тыңдау. Талдау. М. А. Жайымовтың «Еркін елім» күйін тыңдату. О. Сұрақтар жауап беру: – Күй қандай екпінде орындалды? – Тыңдағанда көз алдыңа қандай көріністерді елестеттің? – Оқулықта кестеде берілген сөздерден мазмұнын анықтайтын дұрыс сөздерді тауып, түсінігін айтып беру. Берілген дұрыс сөздер: шаттана, жылдам, жігерлі, қуанышпен, сезіммен, ойлана, көркем. М. Оқушылармен бірге тапсырмамен жұмыс жасау барысында түсініктерін айқындайды. Гимн əн хор
Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия   «Қазақстан – менің Отаным» көріністі бейнетаспа; https://www.youtube.c om/watch?v=9Nq5Vz CVREM

«Еркін елім» А. Жайымовтың күйі, бейнетаспа https://www.youtube.c om/watch?v=Yb7JlrrL xSY

Сабақтың соңы

(ОТ) Бағалау.

1. «Дарқан дала» əнін қалай орындадым?

2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?

3. А. Жайымовтың «Еркін елім» күйін тыңдағанда қандай əсер алдым?

4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

Рефлексия

– Мен не білдім?

– Бүгін мен не үйрендім?

– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Пікірлер(0)