В әрпі және дыбысы

Рахманбергенова Балнур Абилхасымовна
Рахманбергенова Балнур Абилхасымовна
Алматы
Алматы
КМҚК "Ұлан" балабақшасы
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Бізді қоршаған әлем
Тақырып:

В әрпі және дыбысы

23.12.2021
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Тілдік мақсаттар:

Білімділік: мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген [В] дыбысты анықтайды; дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды; дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді; көркем жазу талаптарына сай жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: спортпен шұғылдануға, білімді болуға талпынады  

Күтілетін нәтиже:

Жаңа дыбыс пен әріпті таниды; сөздерден В дыбысын ажырата алады, в дыбысы кездесетін сөздерді табады, сөздерден сөйлем құрастырады; 

Құндылықтарды дарыту:

Эко мәдени құндылық

Көркем сөйлеу, денсаулыққа деген қамқорлық, денсаулықты күту.Қазақстан велосипедшілерін тану.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Оқулық, жазу дәптері, флипчарт слайд, сюжетті суреттер, үнтаспа, «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы.Бағалауға арналған жұлдызшалар, қызыл, жасыл дөңгелектер

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, көркем еңбек, математика

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, «Көңіл күй» жаттығуын орындату Өткен әріптер мен дыбыстарды еске түсіру Сабақ мақсатын хабарлау.

Жұмбақ жасыру

Дөңгелектері бар- бірақ төртеу емес, Рульмен басқарылады- бірақ мәшине емес, Жүктерді де тасуға болады- бірақ жүк көлігі емес, Спорттық құралға жатады- бірақ жеңіл емес?        

https://www.youtube.com/watch?v=ui8J9vlQ4wA&t=6s 

Сабақтың ортасы

Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.(Айтылым, тыңдалым)


1. Сурет бойынша әңгіме құрау. Мәтінмен жұмыс.

  2.Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

3. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ве- ло-си-пед» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Қазақстан велосипедшілері туралы ақпарат беріп өту.  

5. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

6. В дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

7. В дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру. Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. Оқылым

1. Оқулықтың 87-бетінде берілген сөздерді мұғалімнің оқушылармен бірге түсініп оқуы.

2. В дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өз беттерінше табуына мүмкіндік жасау.

3. Сөздерді суреттер арқылы есте сақтауын тексеру(ойын арқылы) Тіл ұстарту жаттығуын орындату Вон- вон- вон Тіркесті екінші вагон Вин- вин- вин Өте дәмді витамин Вал- вал- вал Поезд тоқтайтын- вокзал 4.«Велосипед»мәтінін бірге, жұппен, жеке оқыту. Мәтінді талдау жұмысын ұйымдастыру Сергіту жаттығуы «Велосипед тебеміз» (МК, Ө) Жазылым

1. Оқулықтағы в әрпінің таңбалануына назар аудару.

2. Саусақ жаттығуы (В әрпін жасау)

3. В әрпін тақтаға жазып көрсету.

4. В әрпін ауада жазып көрсету. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру. «Мен көркем жазамын» В әрпінің ішіне В әрпінің жазып стикерлерін жапсыру  


Велосипед теуіп бара жатқан балалар суреті

Велосипед суреті

Дыбыстық талдауға арналған қызыл, көк дөңгелекшелер

Жазу дәптері

Ермексаз

Стикерлер

Сабақтың соңы

Бекіту және саралау Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:


1-деңгей: Сөздер қатарынан артық сөзді тап.

2-деңгей: В дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.

3-деңгей: Вокзал, вагон сөздерімен сөйлем құра.        

Вокзал, вогон, бақбақ гүлі суреттері

Рефлексия

Кері байланыс

2.«БББ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Жұмбақты жаттап, велосипедті(өздерінің) сипаттап әңгіме құрау тапсырмасын үйге беру  

Қызыл, жасыл дөңгелекшелер

Пікірлер(0)