Cұрыптау әдістері

МУРЗАГАЛИЕВА ГУЛМИРА ШУГАЙЕВНА
МУРЗАГАЛИЕВА ГУЛМИРА ШУГАЙЕВНА
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
10-сынып
Бөлім:
Алгоритмдеу және программалау
Тақырып:

Cұрыптау әдістері

17.01.2022
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

10.5.1.4 практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру

Сабақтың мақсаты:

Python тілінде сұрыптау алгоритмдерін іске асыруды үшін программа жазуға үйрету

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:Терминологияларды білу

Сұрыптау-Сортировка-Sorting

Таңдау әдісі-Метод выбора- Selection

Көпіршікті сұрыптау-Позырьковая сортировка-BubbleSort  

Күтілетін нәтиже:

• оқушылар қарапайым сұрыптау алгоритмдерін пайдаланып массивтерді сұрыптайды

• оқушылар таңдау сұрыптау әдісін пайдаланып массивтерді сұрыптайды

• оқушылар көпіршікті сұрыптау әдісін пайдаланып массивтерді сұрыптайды

Бағалау критерийлері:

• оқушылар қарапайым сұрыптау алгоритмдерін пайдаланып массивтерді сұрыптай алады

• оқушылар таңдау сұрыптау әдісін пайдаланып массивтерді сұрыптай алады

• оқушылар көпіршікті сұрыптау әдісін пайдаланып массивтерді сұрыптай алады  

Құндылықтарды дарыту:

Жұптық тапсырмаларды орындау барысында жылы қарымқатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады.

Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Питон бағдарламалау тілінде программа жаза біледі

Оқу сайттарымен жұмыс жасай алады

Пәнаралық байланыс:

Сұрыптау.

9 сынып информатикасы


Бастапқы білім:

Сұрыптау әдістерін және түрлерін  біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру

Смартфонмен жұмыс Миға шабуыл

Мұғалім келесі сұрақтарды қояды: 1. Сұрыптаудың неше түрі бар?

2. Кіріктірілген сұрыптау әдістерін атаңыздар?

3. sort және sorted, reverse әдістерінің қызметін түсіндіріп жіберіңіз?  

Тақырыптық суреттер https://wordwall.net/ru/resource/26278088

 


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыппен таныстыру. Бейне сабақты тыңдау 1. (ҚБ) Өзіндік жұмыс Оқушылар таратпа матер-иалдағы тапсырмаларды орындайды. Оқушылар тапсырманы жеке түрде орындайды. Қарапайым сұрыптаулар N элементтен тұратын массивті ретке келтіргенде С*N2 әрекет орындалады, С-қандай да бір тұрақты

1. Таңдау әдісімен сұрыптау массивтің басындағы элемент-пен орын ауыстыратын ең кіші элементті іздейміз. Массивтің қалған бөлігін дербес массив ретінде қарастырамыз. Тағы да ең кіші элементті іздейміз. Осылайша бір элемент қалғанша жалғастырамыз

2. Көпіршікті сұрыптау -көршілес элементерді салыстыру арқылы жүзеге асады. Егер массивті көлденең емес тік құрылым ретінде қарастырсаң. Судағы көпіршік тәрізді салмағына сәйкес деңгейге көтеріледі. Сондықтан «көпіршікті сұрыптау» деп аталады.

1 мысал

def sel_sort(array):

        for i in range(len(array)-1):

                 m=i j=i+1 for j in range(len(array)):

                 if array[j]>array[m]:

                        m= j

                   j=j+1

                  array[i],array[m]= array[m],array[i]

a=[49,13,92,13,7,71,65,83]

print(a)

sel_sort(a)

print(‘=============’)

print(a)

2 мысал кітапен жұмыс

N=7

A=[49, 13, 92, 7, 71, 65, 83]

print(A)

for i in range(N-1):

       for j in range(N-2,i-1,-1):

           if A[j]>A[j+1]:

                 buff = A[j]

                 A[j] =A[j+1]

           A[j+1]=buff

         print(A)

3 мысал –Функцияны пайдалану Компьютерде практикалық орындау Дескриптор Пайтон программасын қоса біледі Жаңа файлды аша алады Программаны қатесін жазып, орындауға жібере біледі Сәйкестікті табу /СМАРТ-ТАҚТАмен жұмыс/  

https://wordwall.net/resource/26257298


Сабақтың соңы

Сабақ соңында кері  жүргізіледі:

ӘР ОҚУШЫНЫҢ САБАҚТАҒЫ ӘРЕКЕТІНЕ ШОЛУ

Үйге тарсырма 3,9 тақырып№3,4 есептер  

https://www.classtime.com/code/G9KP48


Рефлексия

Мен бүгін білдім Мен үшін қиын болды қызық болды Мен енді жасай аламын  

Пікірлер(0)