Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Қазақстан тарихы
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Сақтар
Тақырып:
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
25.12.2019
461
8
Сақтар туралы тарихи мәліметтер | 5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету; 5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру; 5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу; 5.2.2.4 – Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Басталуы 5 минут |
Үй тапсырмасын сұрау Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Ғұндар» 2-топ «Қаңлылар» 3-топ «Үйсіндер» Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қол шапалақтау» | Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын. |
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Миға шабуыл «Құпияға толы сыр сандық» кілт сөздер Томирис патшайым, Аң стилі, Геродот, Александр Македонский, Массагеттер, І Дарий, т.б Бейнеролик тамашалау Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Сақ тайпаларының қоныстануы, атаулары, Алтын адамның ерекшеліктері | Ақ қағаздарға жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы 10 минут |
Қолдану Әр топ өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді және Алтын адам туралы мәлімет береді(топ басшылары кезекпен тақтаға шығады). І – топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауын тауып, кестеге түсіріңдер. № Сақ топтарының аты Мекендері 1 Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында 2 Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда 3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга ) Мургаб аңғарында өмір сүрді ІІ – топ тапсырмасы:Семантикалық карта сақтардың мекендеген территорияларын белгілейді. ІІІ – топ тапсырмасы: Алтын адамның ерекшеліктерін сипаттайды. (Бір оқушы киімін киеді) | |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез Тест сұрақтары: 1. Сақ – массагеттер неше топқа бөлінген? А)1 В)2 С)3 Д)4 Е)5 2. Сақтардың қоғамдық құрылысндағы топтарды қалай ажыратқан? А)киімінің түсіне қарай В)лауазымына қарай С)қару – жарағына байланысты Д)орналасқан аймақтарына байланысты Е)әскери өнеріне байланысты 3. Сақтардың түсінігінше көсемдер кім болып есептелген? А)батыр В)ақсақал С)патша Д)бас абыз Е)ру басшысы 4. «Шошақ бөріктілер» дегеніміз кімдер? А)хаумваргалар В)массагеттер С)исседондар Д)аргиппейлер Е)тиграхаудалар 5. «Теңіздің арғы жағын мекендеушілер» дегеніміз кімдер? А)хаумваргалар В)парадарайалар С)аримаспылар Д)дахтар Е) сарматтар |
Қосымша ақпарат
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Файлдар:
Файлды ару
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Пікірлер(0)