Әр заманда да сұранысқа ие мамандықтар

Дидара Карткалиева
Дидара Карткалиева
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Болашақ мамандықтар
Тақырып:

Әр заманда да сұранысқа ие мамандықтар

21.01.2022
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.3.1.1.Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;  

Сабақтың мақсаты:

- Мәтіндегі негізгі және жанама ақпараттарды анықтайды - Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады - Сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескере отырып, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады  

Бағалау критерийлері:

- Мәтіндегі негізгі және жанама ақпараттарды анықтайды

- Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады

- Сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескере отырып, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады  

Пәнаралық байланыс:

медицина

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Комплименттердің бұрқасыны» әдісі арқылы жағымды атмосфера қалыптастырады Шеңбер жасап, бір-біріне комплименттер айтады

Үй жұмысы сұралады

"Қар кесегі" әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады

Сабақтың ортасы

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мамандықтар мен олардың қызметін сәйкестендіріңіз. Мамандық                                                          Қызметі

1.Наномедицина қызметкері          А. Тек кәрі адамдарға ғана дәрігерлік көмек көрсетеді. 2. Ғарыш туризм мамандары         В. Аспан әлеміне саяхат жасауды ұйымдастырады. 3.Қарт кісілерді күтуші                     С. Адамның ақыл-есін қалпына келтіретін маман. 4.Хирург                                               Д. Адам ағзасын жасайды.

Дескриптор:

 Мәтінді оқиды

 Мамандықтар мен олардың қызметін сәйкестендіреді.  

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды жазыңыз

Дескриптор:

-мәтінді оқиды

-1 негізгі ақпаратты табады

-1қосымша ақпаратты табады      

 3-тапсырма. Болашақта жаңадан қандай мамандықтар пайда болуы мүмкін? Өз ойыңда 5-6 сөйлеммен жазыңыз. Сөзге қосымша жалғауда дыбыстардың үндестігін сақтайды. 

  Дескриптор:

-сұраққа өз ойын білдіріп жауап жазады -5-6 сөйлем құрайды -сөздерге қосымша жалғауда үндестік заңын сақтайды - көркем жазады  

Сабақтың соңы

"Веер" әдісі арқылы сұраққа жауап береді.

Әр қатар бір-бірден веер жасайды. Бірінші оқушы сұрақ жазады, екіншісі жауап жазады да өз сұрағын жазады.Солай жалғаса береді

Рефлексия

"Ойды аяқта" кері байланысы

1.Мен бүгін білдім.....

2. Мен үйрендім ......

3. Қиындық тудырды......

4. Қолымнан келді.....

Пікірлер(0)