Біздің айналамыздағы ақпарат

Болысова Гульмира Махсутхановна
Болысова Гульмира Махсутхановна
Шығыс Қазақстан облысы
Ақсуат ауылы
"Қожагелді батыр атындағы орта мектеп"КММ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ақпарат және оны өңдеу
Тақырып:

Біздің айналамыздағы ақпарат

29.01.2022
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттар, ақпаратты сақтау, өңдеу, қабылдау.


Сабақтың мақсаты:

Ақпарат, ақпараттың түрлері, ақпарат беретін құрылғылар, ақпараттың қасиеттері және ақпараттық үдерістер ұғымдарымен танысады


Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:  

Қазақша  Русский English ақпарат информацииІnformationақпараттың түрлерінвиды информацииtypes of informationақпараттың қасиеттері свойства информацииproperties of information ақпараттық үдерістеринформационные процессы  information processes

   

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:  Ақпарат, ақпараттың түрлерін, ақпараттың қасиеттері, ақпараттық үдерістер  

Күтілетін нәтиже:
  1. Ақпарат ұғымын біледі;
  2. Ақпараттың түрлерімен танысады;
  3. Ақпараттың қасиеттерін, ақпарат үрдістерін ажырата алады
Бағалау критерийлері:

• ақпарат ұғымын, ақпарат беретін құрылғыларды біледі;

• ақпараттың түрлерін, ақпараттың қасиеттерінен ажырата алады;

• Ақпаратты қалай сақтауды, өңдеуді, қабылдауды қолдана біледі;   

Құндылықтарды дарыту:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасындағы 4 бағытының біріншісі негізінде –

ауыл-аймақты кең  жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін компьютерлік сауаттылық арқылы арттыру.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

информатика(bilimland.kz) + биология (bilimland.kz)+дүниетану(bilimland.kz;

• вilimland.kz видеожинақтар, жаттығулар, тест тапсырмалары;  

Пәнаралық байланыс:

Биология, ағылшын

Бастапқы білім:

Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі: 

  • Сынып оқушыларын түгендеу арқылы Kyndelik.kz-ті (электрондық журнал) толтырамын;
  • Бүгінгі сабақ барысында әр оқушылардың жетістіктеріне қарай «фишка» берілетінін айтып өтемін;                                                                                                                                        Психологиялық ахуал:
  • Оқушыларды ортаға шақырып жұптастырып, ақ парақта жазылған Тілеймін, Сәттілік, Табыс, Әр кезде, Әр жерде, Сәлеметсіз бе! сөздерін бір-біріне қаратып айтқызып психологиялық ахуал туғызамын.  

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын бүгінгі сабаққа дайындықтарыңыз қалай?- деп сұрап, оқушылардың жауабын тыңдап, олай болса алдарыңызда жатқан «Блоб» ағашының дәл қазір қай бұтағында тұрмын деп ойлайсыздар әр біреуіңіз, бояп белгілеңіздер деп, оқушыларға ой тастаймын. Оқушылар өздерінің үй тапсырмасы бойынша дайындықтарын, жаңа тақырыпты әлі меңгермегендерін ескере отырып «Блоб» ағашының қай бұтағында тұрғанына белгі қояды.

- Үй тапсырмасын LearningApps программасындағы тапсырманы орындату арқылы тексеремін.

- Дұрыс орындағандарға «фишка» беремін

І. Қызығушылықты ояту.

Сынып оқушыларынан кез - келген 3 оқушыны ортаға шақырып қолымдағы қобдишаданы көрсетіп, қалай ойлайсыздар мына қобдишада не бар? – сұрағын қоя отырып, оқушылар ойын тыңдап, сабаққа қызығушылықтарын оятып, бұл «Табыс» қобдишасы дей отырып, бұнда бүгінгі сабағымыздың табыс критерийлері бар, бұнымен сабақ барысында танысасыздар деп, әрі қарай сабақты жалғастырамын.

Құндылықты дәріптеу

- Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың «Құндылығы» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бірінші бағыттын алсақ, ауыл-аймақты кең  жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің  транзиттік мүмкіндіктерін арттыру, бұл барлық өңірлермен бірге біздің ауданымызға да үлкен мүмкіндік берді.   

Kyndelik.kz


фишкалар


сөздер жазылған парақша  

«Блоб» ағашы


LearningApps программасы


«Табыс»
қобдишасы

презентация    



Сабақтың ортасы

(27 минут)

ІІ. Мағынаны ажырату.

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Қазір әрбіреуіңіздің үйлеріңізде компьютермен еркін жұмыс істеу, интернетке шығу мүмкіндігі бар, енді сол мүмкіндікті қалай қолдануға болады? – екен, барлығымыз экранға қарайық дей отырып «www.bilimland.kz сайтынан «Ақпарат ұғым» https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparat-uhymy бейнекөріністі көрсете отырып, қандай ұғымдар жөнінде естіп білдіңіздер? - дей келе (оқушылардың жауаптарын ести отырып) сабақтын тақырыбы мен мақсатын оқушылармен біріге анықтаймыз. Табыс критерийлерімен таныстырып кетемін. Оқулықтан §9 тақырыпта берілген мәтіннен 60-61 беттегі «Ақпараттың түрлері» және «Ақпараттың қасиеттері» бөлімін оқытамын. Мәтінен оқығандары бойынша әңгіме жүргіземін. Жаңа ұғымдарды «Ақпараттың түрлері» бейне көрінісін көрсете отырып толықтырып кетемін. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparat-turleri

Жалпы өмірде ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз екен? – деп, енді биологиялық тұрғыдан бейнекөрініске назар салайық деп, білімдерін толықтыру мақсатында биология (bilimland.kz) «Адам биологиялық түрі ретінде» «Сезім мүшелері»  «Дененің сезім мүшелері» бөлімі бойынша бейне көрініс көрсетемін. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/sezim-musheleri/lesson/denening-cezim-musheleri

Сергіту сәті «Дүниетану»  «Адамның сезім мүшелері» - https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/adamnyng-sezim-musheleri бейнекөріністерін көрсетіп, көзге арналған жаттығуды оқушыларға жасатып, жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтырамын.

Практикалық жұмыс

«Ақпара ұғымы» бөлімі бойынша №1жаттығу  №2жаттығу, №3 жаттығу

- Тест тапсырмаларын орындату «Ақпараттың түрлері» бөлімі бойынша да практикалық жұмыс орындатамын. Тапсырманы жақсы орындаған оқушыларға «фишка» беремін.                                        

     

Информатика 5 сынып

Г.А. Көпеева

Ү.М. Ділманова


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparat-uhymy https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/aqparat-turleri https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/sezim-musheleri/lesson/denening-cezim-musheleri

Сергіту сәтіне арналған жаттығулар    

Сабақтың соңы

(6 минут)

ІІІ. Ой қорыту.

8. Оқушылардың ойларын жинақтау, талдау мақсатында оқулықтан «Талдау» деңгейін орындатамын.   

9. Kyndelik.kz электронды журналда түсініктеме беру арқылы оқушыларды формативті бағалаймын.

10. Үйге тапсырма беру. «Білу» және «Қолдану» деңгейінің тапсырмаларын үй жұмысына беремін.  

Венн диаграммасы


 

Рефлексия

(2 минут)

11. Рефлексия

Сабақтың басында берген «Блоб» ағашын оқушыларға қайта ұсына отырып, енді осы ағаштың қай бұтағына дейін көтерілдім деп ойлайсыздар -дей отырып, әр оқушыға белгі қойғызып сабағыма кері байланыс жасатамын.

«Блоб» ағашы 

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру