Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну |
| Сабақтың мақсаты: | Антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады |
| Тілдік мақсаттар: | Оқу үдерісін жетілдіріп отыру мақсатында сирек қолданылатын сөздерден сөздік қорын жасау. Ауызша , жазбаша сөздік қорын жетілдіру |
| Күтілетін нәтиже: | Ұсынылған жоспар бойынша 1 -нақты өнеркәсіп саласын сипаттап, қорғайды, өзара бағалайды. |
| Бағалау критерийлері: | Геоэкологиядағы антропогендік факторларды түсінеді Геоэкологиядағы антропогендік факторларды анықтайды Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады |
| Құндылықтарды дарыту: | «Мәңгілік Ел құндылығы»,»Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы» Құндылықтарға баулу арқылы зерттеу жұмыстарына,көшбасшылыққа,іздену мен шығармашылыққа тәрбиелеу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | слайд арқылы , интербелсенді тақтамен материалдармен танысу |
| Пәнаралық байланыс: | тарих , экономика, биология |
| Бастапқы білім: | Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Іскерлік атмосфера орнату. Сәттілік тілеу Өткен тақырыпқа шолу . Миға шабуыл: 1. Қазақстан аумағында геоэкологиялық шиеленістің 5 деңгейін ата? 2. Ормандардың жойылуы туралы не айта аласың? 3. Топтырақтың антропогендік бұзылуы туралы сенің ойың қандай? 4. Жылыжай эффектісі туралы өз ойыңмен бөліс |
|
|
Сабақтың ортасы |
Оқушылар топтарға бөлінеді • 1-топ « Мұнай-газ» өнеркәсібі • 2-топ «Түсті металдар» өнеркәсібі • 3-топ « Қалалардың ластануы» 1-тапсырма: Әр топ өз тақырыптары бойынша тақырыпты оқып, келесі жоспар бойынша постер қорғайды 2-тапсырма: Ұсынылған жоспар бойынша 1 -нақты өнеркәсіп саласын сипаттайды 3-тапсырма: Картамен жұмыс. |
|
|
Сабақтың соңы |
Бекіту. Сабақта алған білімін бекіту мақсатында қорытынды тапсырма орындау ұсынылады. Жеке орындалады. Жауаптары тақтаға шығарылады немесе ауызша айтылады. Оқушылар өзін өзі тексереді. Мұғалім қорытындылау жасайды |
|
|
Рефлексия |
Кері байланыс. «Бір ауыз сөз» әдісі. Ұнады пайдалы қажет білдім үйрендім қызықтым ұмтылдым есте сақтадым жасай аламын |
Пікірлер(0)