Спорт-денсаулық кепілі

ДАУЛЕТБАЕВА ГУЛЗИРА
ДАУЛЕТБАЕВА ГУЛЗИРА
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Уақыт
Тақырып:

Спорт-денсаулық кепілі

10.04.2022
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабіл

еттерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

– адамдар не үшін спортпен айналысатынын түсіндіреді; – қыстық және жаздық спорт түрлерін ажырата алады. Көптеген оқушылар:

– қандай да бір спорт түрімен айналысуға қажетті негізгі қабілеттерді және өзінің бойындағы қабілеттерді анықтайды;

– тақырыпты талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

– белгілі бір спорт түрін таңдағанына қатысты өзінің пікірін дәлелдейді; өзінің мектебіндегі (ауылындағы, қаласындағы) спорт секциялары туралы ақпарат жинайды.  

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар өзінің туа бітті қасиеттерін есепке ала отырып денсаулықты нығайту үшін спортпен айналысу қажеттілігі жайында талқылайды және соған қатысты шешімдер шығарады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Спорт, спорт түрлері, спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттер, спорт жарыстары, олимпиада ойындары.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады, көрікті сымбат сыйлайды, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады, төзімділікке үйретеді, иілгіштікті дамытады.

Талқыланатын мәселелер:

– спорттың қандай түрлері бар?

– адамдар спортпен қандай мақсатта айналысады?

– спорт адам мінезіндегі қандай қасиеттерді қалыптастырады?

– спортпен айналысуға арналған адам бойындағы туа бітті қасиеттердің қандай маңыздылығы бар?

Жазылым: Үлгі бойынша сөйлем құрастыру: «Спорт дегеніміз – ...».  

Күтілетін нәтиже:

- Спорт туралы өз ойларын тұжырымдайды;

- Спорт туралы пікірімен бөліседі.  

Бағалау критерийлері:

-Спорт туралы негізгі ұғымды анықтай алады;

-Спортпен айналысу үшін қажетті басты қабілеттіліктерді атайды;

-Спорттың денсаулыққа тікелей қатысы бар екенін дәлелдейді;

-Спорт түрлерін ажыратады;   

Құндылықтарды дарыту:

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, слайдтар топтамасы. Бейнеролик демонстрациялау.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, математика

Бастапқы білім:

Спорт туралы қарапайым түсініктер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

Психололиялық дайындық: (өлеңді бірге оқу, қимылдар жасау)

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан,

Жаттығу жасау, шынығу.

Мұғалім: Өлеңге назар аударыңдар: Спорт – сенің серігің Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды Қимыл менен қозғалыс.

-Балалар, әдетте спортпен не үшін айналысады?   

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда). (Ұ)Суретпен жұмыс.

Слайд №1. Суреттерге қара. Адамдар не үшін спортпен айналысады?

Кем дегенде 4 себебін атап шық.

Кластер құрастырамыз. Спорт бізге не береді? (Ұ, Ж)

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?

- Спорттың қандай түрлері бар екендігін білеміз;

-спорттың әр алуан түрлерімен айналысу үшін қажетті физикалық мүмкіндіктерді анықтаймыз.

Топқа бөлу. Қима суреттер арқылы топқа бөлу

1. Доп 2. Коньки 3. Шаңғы 4. Велосипед

Жұмыс ережесін келісу

● Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

● Уақытты үнемдейміз!

● Нақты, дәл жауап береміз!

● Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

● Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Барлығыңа сəттілік тілеймін!  

 Слайд №1

Қима суреттер: коньки, шаңғы, велосипед, доп.


Сабақтың ортасы

(25 минут)

 Ойқозғау.

Бейнеролик көру. (2 мин) «Спорттың 5 пайдасы.

Спорт - денсаулық кепілі». https://youtu.be/Z5DUh6CCG4E

-Бұл бейнероликтен не ұқтыңдар балалар?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Жақсы олай болса, бүгін біз спорт жайында әңгімелейік.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Слайдпен жұмыс.

-Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады?

Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі.

Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді. Ақыл-ойды дамытатын және ұлттық ойындар.

- Олимпиада ойындары 4 жылда 1 рет өткізіліп тұрады. Соңғы Олимпиада ойындары 2016 жылы Рио до Жанейрода болды. Біздің қазақстандықтар 17 медальмен оралды. 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Олар Ольга Рыпакова, Василий Левит, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Дариға Шәкілова тағы басқалар.

-Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.

(Т) Топтық жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. Жауаптары әр топтың шығармашылығына қарай ұсынылады. Қажетті құрал-жабдықтар беріледі (А3 парағы, маркерлер, стикерлер, т.б.) (Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Қорғауға әр топқа 2 минуттан.

Қорытынды жасауға 2 минут)

-Спорт дегеніміз не?

-Спортпен айналысу үшін қандай қабілет керек?

-Адамдар спортпен не үшін айналысады?

-Спорттың қандай түрлері бар?

1) Топ ішінде талқылау (2 минут)

2) Әр топтан бір оқушы шығып жауабын ұсынады

Дескриптор:

-Спорт туралы негізгі ұғымды анықтай алады;

-Спортпен айналысу үшін қажетті басты қабілеттіліктерді атайды;

-Спорттың денсаулыққа тікелей қатысы бар екенін дәлелдейді;

-Спорт түрлерін ажыратады;

Қ.Б. Әр ұтымды жауапқа медаль беріледі. Медаль саны көп топ жеңімпаз аталады.   

Бейнеролик: https://youtu.be/Z5DUh6CCG4E  

Сұрақтар жазылған қима қағаздар (А3 парағы, маркерлер, стикерлер, т.б.)  

Сабақтың соңы

(7 минут)

 Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. (Ж) Жұптық жұмыс. «Еркін жазу» минуты.

Үлгі бойынша сөйлем құрастыр:

Спорт деген – денсаулық! Спорт деген - қозғалыс! Спорт деген –сұлулық! Спорт деген - өмір! Спорт деген-......! Спорт деген -.....!

Дескриптор:

- Спорт туралы өз ойларын тұжырымдайды;

- Спорт туралы пікірімен бөліседі.

Қ.Б. Жұптар өзара жауаптарын ауыстырады. Басқа жұптың жауабын бағалайды. Әр дұрыс құрылған сөйлемге медаль беріледі. Медаль саны көп жұп жеңімпаз аталады.  

Үйге тапсырма:

Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. 30-31 бет. Саған қандай спорт түрі ұнайды? Неліктен? Шағын әңгіме жазып келу.

Дескриптор:

- Оқушы өздігінше зерттеу жұмысын жасайды;

- Өз ойын дәлелдейді;

-Негізгі ойды шағын мәтін түрінде ұсынады.  

Жұптық тапсырмалар. Оқылым, жазылым тапсырмалары.  

Рефлексия

(5 минут)

 Кері байланыс. Жеке жұмыс. «Бүгін мен не білдім?»

● Қандай спорт түрімен айналысқың келеді ?

● Спортқа келерде алдыңа қандай мақсат қоясың ?

Әр оқушы өз жауабын стикерге жазып «Жеңімпаздар тақтасына» жапсырады. (Арнайы безендірілген спорт жеңімпаздарына арналған тақта).

Сабақты қорытындылау. Жеңімпаздарды жариялау.  

Кері байланыс тақтасы «Жеңімпаздар тақтасы» Арнайы безендірілген спорт жеңімпаздарына арналған тақта.  

Пікірлер(0)