Айтыс - қазақтың төл өнері
Айтыс - қазақтың төл өнері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальды ақпаратты анықтау; 8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау; 8.5.2.1 Жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; |
Сабақтың мақсаты: | Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және берілген мәтін бойынша Венн диаграммасын, ассоциограмма толтырады; Жалғаулық шылаулар арқылы кезектес салалас құрмалас сөйлем құрайды; |
Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы мен терминология:Айтыс өнеріне қатысты сөздер / ұйқас, қарсылас, көркемсөз, суырыпсалма, шешен/ Диалог пен жазылым үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері: деген ойдамын, менің білуімше, кейде, түйін жасадым; |
Күтілетін нәтиже: | Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті туралы мағлұматтар алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру; |
Бағалау критерийлері: | Негізгі ақпаратты анықтайды, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратады; Жаңа сөздік қорды айтылым дағдысында орынды қолданады; Кезектес салалас құрмалас сөйлемді жалғаулық шылаулар арқылы құрайды; |
Құндылықтарды дарыту: | Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін білуге, құрметтеуге баулу. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Презентация, Power Point |
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы |
Бастапқы білім: | Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (1-12 мин) | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Шаттық шеңбері” әдісі Сыныптастарының жақсы қасиеттерін атайды, шеңбер құрайды . Сынып ұраны:Бір-бірімізге серікпіз, Бірлікке мәңгі берікпіз! Топтарға бірігеді:Қоржындағы асықтарды таңдау арқылы екі топқа бірігеді. Тапқырлар қызыл түс. Айтыскерлер қара түс. Бағалау парағы беріледі : Екі топ бірін-бірі бағалайды." Бесжұлдыз, төртбұрыш, шеңбер" әдісі Алдыңғы сабақ бойынша қайталау. үй тапсырмасын тексеру; "Миға шабуыл"әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтары: Тақтада слайд Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара талқылайды осы тапсырманы орындау барысында айтылым дағдысы жетілдіріледі Жаңа сабақ: Слайдта ребус беріледі Оқушылар ребусты шешеді, жаңа сабақ тақырыбын айтады. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру,бағалау критерийі тақтада көрсетілді. Сөздік жұмысы. Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушылар жаңа сөздерді оқиды, аударады, сөз тіркестерін жасайды. | Қоржын мен асықтар |
Сабақтың ортасы (12-35 минут) | Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді. Бейнероликте айтыс үлгісін тыңдайды. 2-тапсырма Айтыскерлер тобына: М.Әуезовтің "айтыс "туралы айтқаны, Тапқырлар тобына: А.Байтұрсынұлының айтыс туралы айтқан мәтіні таратылады Айтыскерлер тобы берілген мәтін бойынша Венн диаграммасын толтырады, қорғайды. Тапқырлар тобы Айтыс сөзіне ассоциаграмма жасайды, қорғайды. Тілдік бағдар Кезектес салалас құрмалас сөйлем / слайд көрсетіледі/ мұғалім түсіндіреді; Балалар кезектес салалас сөйлемдерге мысалдар құрайды, айтады. СЕРГІТУ сәті: "Ұйқасын тап" ойыны .Мұғалім сөйлемнің бірінші қатарын оқиды, оқушы жалғастыру керек Менің атым -Қожа, Оқушы осы қатарға ұйқас құрастырады. Мысалы, Менің атым -Қожа, қап-қара ғой кожа. Болдым неге қабақ? ...... оқушылар жалғасын құрастырады Қарамағын инстаграмм .......... 4-тапсырма Кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазады.Жалғаулық шылауларды атайды. Есте сақтау диктанты. Тапсырма орындамас бұрын оқушылар есте сақтау қабілетін арттыратын қолмен орындалатын жаттығулар орындайды."Қоян мен тотықұс" әдісі Тақтаға жеті сөз тіркесі слайдта көрсетіледі, мұғалім дауыстап үш рет оқиды, слайд жабылады, оқушылар осы жеті сөз тіркесін жазып шығу керек. "Айтыс " сөзіне синквейн құрастырады,дәптерлеріне жазады.Бес жолдан тұратын өлең | оқулық, слайд |
Сабақтың соңы (35-42минут) | Сабақты қорытындылау 5-тапсырма "ДЖИГСО" әдісі Мәтін бойынша екі топ бір-біріне сұрақ қояды, қарсылас топ жауап береді | |
Рефлексия (42-45 мин) | Екі топ бағалау парақтарының қорытындысымен таныстырады. Кері байланыс "Сезім ағашы" әдісі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, сезім ағашына жапсырады Үйге тапсырма 6-тапсырма |
Пікірлер(0)