Заттың атын білдіретін сөздер . ШЫНЫҒУ

Карамурзаева Райхан Садыковна
Карамурзаева Райхан Садыковна
Маңғыстау
Ақтау
№28 жалпы орта білім беру мектебі
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Дені саудың – жаны сау
Тақырып:

Заттың атын білдіретін сөздер . ШЫНЫҒУ

19.11.2022
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.1.3.1 *тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

  • 1.4.2.1 *заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану;
  • 1.3.6.1 жазу жолын,жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу  
Сабақтың мақсаты:

Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.

Заттың атын білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.

Жаттығуларды көркем жазу талаптарына сай жазады  

Тілдік мақсаттар:
Күтілетін нәтиже:

Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.

Заттың атын білдіретін сөздерді табады,сұрақ қояды.

Жаттығуларды көркем жазу талаптарына сай жазады.  

Бағалау критерийлері:

Білу, түсіну,қолдану

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:
  • слайд,интер.тақта
Пәнаралық байланыс:
  • математика,бейнелеу өнері  сабағы 
Бастапқы білім:
  • Педагогтің әрекеті Психологиялық дайындық.
  • Мұғалім бүгінгі сабаққа балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында:
  • Ашық аспан болсын!
  • Әр күніміз біздің Сәттілікке толсын!
  • Ана тілі пәнінен
  • Білмегенді білейік
  • Үйренейік ,күлейік деп өлең жолдарымен оқушылардың смайликтермен көңіл күйлерін сұрап біледі.
  • «Пазл әдісі» бойынша топқа бөлінеді.Бұл әдіс оқушыларды шапшаң ойлауға,топта бірлесіп жұмыс жасауды дамытады. Қима қағаздардан денсаулыққа қатысты суреттер құрастырады.
  • Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу,топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
  • 1- топ. « Таза ауа»
  • 2- топ. « Денсаулық »
  • 3-топ. «Тазалық »
  • 4-топ « Шынығу»
  • Ереже тақтаға ілінеді. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, Бір рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, Екі рет қол шапалақтаймыз! Белсенділік танытамыз десек, Үш рет қол шапалақтаймыз!  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату жаттығуы немесе психологиялық ахуал

«Ақылды доптар» әдісі арқылы оқушыларға өтілген тапсырмаларды қайталау мақсатында тапсырмалар берілді.

Мақсатым: Өтілген тақырыпты пысықтау.

Шапшаң жауап беруге үйрету

Т.Ж. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы жаңа сабақты бастау.

Тапсырмасы: адасқан әріптерден «Шынығу» сөзін табады.

Сол сөзге байланысты оқушылар тапсырмалар орындады.

Мақсаты: Шапшаңдыққа тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.

1топ. Шынығу сөзін тасымалдау

2топ сөзге сөйлем құрастыру

3 топ тақырыпқа сай постер .(ЕБҚ осы топта)

4топ дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату

ЕБҚ тапсырмасы: «Шынықсаң шымыр боласың»ойыны

Мақсатым: Ойын арқылы шынығу жаттығуын жасату , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Топта бірлесе жұмыс істеуге баулу, зейінін дамыту және оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту     

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс «Ғажайып сандықша» әдісі

Тапсырма: Сандықшадағы тапсырмалар арқылы бір бірімен жұптасып орындайды және заттың атын білдіретін сөзді табады.

Мысалы: алма, доп, гүл, үй, қағаз, оқушы ...

Мақсатым: Жұптаса отырып, сұрақ қоя білуге, оған жауап бере білуге машықтандыру. Ашық сұрақтар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

ЕБҚ тапсырмасы: Суретті сәйкестендіру арқылы табады. Кім?кұрағына жауап беретін сөзді табу арқылы пәндік білім қалыптасып,функционалдық сауаттылығы дамиды.

Мақсатым: ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін жеткізуге ықпал жасау.

Сергіту жаттығуы: Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмай жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ

. Сергіту сәтін орындап алып, жеке жұмыс тапсырмасын орындатамын.

Жеке жұмыс/функционалдық сауаттылық « Көркем жазу» әдісі

Тапсырма:

Мақсаты: Бұл әдіс оқушының қажеттілігіне ,жеке-дара мүмкіндігіне бағытталған. Өз бетімен жұмыс істеге, жазбаша жұмысқа негіз болатын әдіс  

Сабақтың соңы

« Маған ұнаған не?», «Маған ұнағам кім?» әдісімен қорытындылау

Рефлексия

  • Саралау-сіз оқушыға қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

-Күрделі жағдайларды алдын ала болжау;

-Оқушының жеке-дара мүмкіндіктерін ескеріп жеке тапсырмалар таңдау;

Оқушыларға өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік беру;

Оқушыға өзіне ұнайтын нәрсе-мен айналысуға мүмкіндік беріп, оны басқаларға көрсетіп, бөлісуге рұқсат беру.

Сіз басқаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Мен саралау тапсырмаларын балалардың қажеттіліктеріне, мүмкіндіктеріне қарай әр әдістің тапсырмаларында беріп отырамын.

Сабақ үстінде ЕБҚ ететін оқушымды қолдап отыруды жоспарладым.

Ж.Ж. ЕБҚ оқушыға «Ғажайып сандықша» әдісі арқылы сәйкестендіру тапсырмасын беремін.

Сандықшадағы суретті сәйкестендіру арқылы табады.

Кім?сұрағына жауап беретін сөзді табу арқылы пәндік білім қалыптасып,функционалдық сауаттылығы дамиды.

Ұ.Ж. «Кел, ойлайық» әдісі арқылы мәтінге тақырып қойып,мазмұнын болжайды.

ЕБҚ тапсырмасы: Өз күн тәртібін сұрау. Оқушы өз ойын жеткізеді,яғни оқушыда коммуникативтік дағды қалыптасып,функционалдық сауаттылығы дамиды.

Мақсатым: Оқушының ойын еркін жеткізе алуына жағдай жасау.   

Шынығу өлеңі

(12.04.2022)

  • Психологиялық дайындық.
  • Мұғалім бүгінгі сабаққа балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында:
  • Ашық аспан болсын!
  • Әр күніміз біздің Сәттілікке толсын!
  • Ана тілі пәнінен Білмегенді білейік
  • Үйренейік ,күлейік деп өлең жолдарымен оқушылардың смайликтермен көңіл күйлерін сұрап біледі.  

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру