Алаштың сөнбес жұлдызы - М.Жұмабаев
Алаштың сөнбес жұлдызы - М.Жұмабаев
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Қазақтың бес арысының бірі – М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы білімдерін толықтыру. |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың әдеби теориялық білімдерін арттыру, жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру, М. Жұмабаевтың отаншылдыққа, ұлттық рухқа толы өлеңдерін оқуға баулу. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылардың сөз байлықтарын арттыру, поэзиялық талдау дағдыларын дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, |
| Күтілетін нәтиже: | • Автордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыра түсті; • Өлеңдердің тақырыбын, идеясын түсінетін болды; • Жылдам ойлауға дағдыланды; • Сөздік қорлары артты. |
| Бағалау критерийлері: | • Нақыл сөздерді түсінеді; • Өлең тақырыбын анықтай алады; • Жылдам ойлайды; • Дәлелді еркін сөйлейді; |
| Құндылықтарды дарыту: | Ашықтық, ынтымақтастық құндылықтарды дарыту |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
| Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі, қазақ әдебиеті |
| Бастапқы білім: | М.Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен таныс. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (15 мин) |
Ұйымдастырушылық кезең. Сәлемдесу. Оқушыларға түрлі түсті қағаздарды тарату арқылы оларды 4 топқа бөлу. Әр топқа алдын-ала дайындалған 4 постер беріледі. Әр постерде 10 нақыл сөздер жапсырылған, ондағы көп нүктенің орнына жасырынған сөздерді табу тапсырмасы беріледі. Оқушылар әр көп нүктенің орнына олардың ойынша сәйкес келеді деген( кем дегенде) 3 сөз жазу керек. |
Постерлер |
|
Сабақтың ортасы (10 мин) |
Оқушылар тақтада ілінген өлеңдерден 1 өлең таңдайды. Оларға жұмыс парақтары таратылады. Оқушылар өлең жолдарын түсініп оқып, өлеңді ашатын кілттік сөздерді, өлең тақырыбын, бағытын және өз өмірлерінде қолдану ұяшықтарын толтыру қажет. |
Өлеңдер, жұмыс парақтары |
|
Сабақтың соңы (10 мин) |
Сабақ соңында әр топ өз жұмыстарын қорғайды, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліседі. Кейін дұрыс жауаптарды тыңдайды және сол бойынша бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. |
ауызша |
|
Рефлексия (5 мин) |
• Сабақ барысында мен не білдім? • Ең қызықты тапсырма? • Сабақ көңілімнен шықты! • Сабақ түсініксіз болды. |
ауызша |
Пікірлер(0)